2
5
ж
ы
л

2022 жылы біздің Компания жақсы қаржылық нәтижелер көрсетті. Шоғырландырылған түсім 2021 жылмен салыстырғанда 45%-ға ұлғайып, 1 001,2 млрд теңгені құрады, бұл ретте Топ пен Компания бойынша уранның шала тотығы-тотығын сату көлемі 2021 жылдың көлеміне ұқсас болды.

Операциялық пайда 91%-ға өсіп, 456,0 млрд теңгені құрады. Таза пайда 115%-ға айтарлықтай артып, 473 млрд теңгені құрады. Компания IPO-ға шыққан сәттен бастап акционерлерге 227 млрд теңге көлемінде рекордтық дивидендтер төледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға артық. Мұндай әсерлі нәтижелер уран нарығындағы жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, сондай-ақ басшылықтың Компания даму стратегиясын іске асырудағы жетістігін көрсетеді.

Руслан Бекетаев
Экономика және қаржы жөніндегі бас директор

Топ қызметінің нәтижелеріне әсер ететін маңызды факторлар

2022 және 2021 жылдардағы Топ қызметінің нәтижелеріне ықпал еткен елеулі факторлар Компанияның болжамдары бойынша болашақта да Топ қызметінің нәтижелеріне ықпал етуді жалғастырады, олар келесілерді қамтиды:

Соңғы геосаяси оқиғалар туралы жаңартылған ақпарат

2022 жылы Қазақстанда да, Ресейде/Украинада да елеулі геосаяси оқиғалар болды. Бұл - оқиғалар Топтың қызметіне айтарлықтай ықпал еткен жоқ, дегенмен бүгінгі күні осындай оқиғалардан туындаған нарықтық белгісіздік ұлттық валюта мен Компанияның бағалы қағаздарының бағамдарының айтарлықтай құбылмалылығына әкелді. Қазатомөнеркәсіп Топтың қаржылық жағдайына немесе операциялық нәтижелеріне болашақ ықпалдарының, егер мұндайлар болатын болса, салдарын болжай алмайды. Басшылық жоғарыда аталған оқиғалардың әлеуетті ықпалын қадағалауды жалғастырады және тәуекелдерді азайту мен бизнеске жағымсыз әсердің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

(а) Қазақстандағы қаңтар оқиғалары

2022 жылғы 2 қаңтарда Қазақстанның Маңғыстау облысында автокөлік газы бағасының өсуіне байланысты митингілер басталып, одан әрі Қазақстанның басқа өңірлеріне таралды. Наразылық білдіруші топтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси талаптар қойды. Үкіметтің талаптарға жауап ретінде газ бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауына қарамастан, митингілер Алматы қаласында және елдің оңтүстік өңірлерінде жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

Осыған байланысты, 2022 жылдың 5 қаңтарында елде 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін төтенше жағдай режимі енгізілді, байланыс құралдарына, азаматтар мен көлік қозғалысына, оның ішінде теміржол тасымалы мен әуе қатынасына шектеулер қойылды.

2022 жылдың қаңтар айының соңына қарай елдің барлық аймақтарында жағдай тұрақталып, төтенше жағдай режимі жойылды. Коммуналдық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің функционалдығы толығымен қалпына келтіріліп, байланыс құралдарына шектеулер алынды.

(б) Украинадағы оқиғалар

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Ресейдің Луганск және Донецк Халық республикаларының тәуелсіздігін мойындағанын жариялап, ресейлік әскери күштері Украина аумағына жұмылдырылды. Ресейдің әрекетіне жауап ретінде АҚШ, Еуропалық Одақ және бірқатар басқа мемлекеттер Ресейге қарсы санкциялар енгізді, соның ішінде бірқатар ресейлік қаржы институттарын SWIFT-тен ажыратты.

Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс пен оның салдарынан теңгенің айырбас бағамы құбылмалы болды, ал жылдық инфляция деңгейі 2022 жылы 20,3%-ға жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстандық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

Қазіргі уақытта Украинадағы оқиғалар Топтың қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Топ кірісінің көп бөлігі АҚШ долларымен алынады, сонымен қатар қаржыландыру АҚШ долларымен тартылады, бұл валюталық тәуекелдерді хеджерлеудің табиғи ықпалын тудырады. Тиісінше, ұлттық валютаның айырбастау бағамының ауытқуы Топтың қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

Ресейлік банктерге, соның ішінде Сбербанкке, ВТБ-ға қатысты белсенді халықаралық санкциялық үрдістеріне байланысты Топқа осы банктер мен олардың еншілес компанияларынан қызмет алулары немесе өзара әрекеттесулері орынсыз. Топ санкциялар қолданылмаған банктерге бос қаражатты қайта бөлу бойынша шаралар қабылдады.

Топтың Ресей Федерациясының резиденті «Уранды байыту орталығы» АҚ-мен (УБО) уранды қайта өңдеуге шарты бар. Қаржылық есептілік күнінде Топ осы келісім бойынша қызмет көрсету жалғасады деп болжайды. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді, санкциялық режимді сақтауға байланысты тәуекелдер мен жоспарларға талдау жасалады.

Топтың экспортталатын өнімінің кейбір бөлігі Ресей Федерациясы аумағы бойынша тасымалданады және тиісінше Ресей аумағы бойынша транзитпен, теңіз кемелерімен жүктерді жеткізумен және сақтандырумен байланысты тәуекелдер бар. Топ Ресейге қарсы санкциялардың жағдайын және олардың дайын өнімді тасымалдауға ықтимал әсерін үнемі қадағалап отырады. Қаржылық есептілік күнінде соңғы тұтынушыларға Топ өнімдерін жеткізуге байланысты Топтың қызметіне шектеулер жоқ.

Ағымдағы комплаенс рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау бағдарламасы аясында басшылық Ресейге қарсы санкциялардың Топ қызметіне ықпалын талдайды. Бүгінгі күні санкциялар Топ қызметіне айтарлықтай ықпал еткен жоқ, дегенмен Ресей және Украина арасындағы қақтығыстан туындаған нарықтық белгісіздік уранның спот бағасының, ұлттық валюта мен Компанияның бағалы қағаздары бағамдарының айтарлықтай құбылмалылығына әкелді.

2022 жылы Компания белгілі бір банктік төлемдермен байланысты біраз қиындықтарға тап болды.

Көрсеткіш 2021 2022
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты 118 729 283 859
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаты (71 241) (10 893)
Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаты (1 843) (268 877)
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының таза өсуі/(азаюы) 45 645 4 089

Табиғи уранды сату және уран бағасының өзгеруі үшін алынған баға

Топтың негізгі өнімі болып табылатын U3O8-дің споттық нарықтық бағасы Топтың кірісіне айтарлықтай ықпал етеді. Топ кірісінің көп бөлігі U3O8-ді спот бағасына сілтеме жасайтын баға белгілеу келісім-шарттары бойынша сатудан түседі.

Споттық бағаларға қосымша ретінде, Топтың сатудағы тиімді бағасы осы кезеңдегі келісім-шарттар портфелінде белгіленген баға құраушысы бар келісім-шарттар үлесінен тәуелді болады. Тиісінше, әрбір қарастырылатын кезеңдегі сатудың орташа бағасы спот нарығының бағасынан өзгеше болуы мүмкін.

U3O8 бір фунты үшін орташа споттық бағасы мен сатудың орташа бағасы

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2021 2022 Өзгеріс
Орташа апталық спот бағасы (U3O8 бір фунты үшін)16 АҚШ долл. 35,05 49,61 42%
теңге 14 932 22 863 53%
Топтың сатудағы орташа бағасы (U3O8 бір фунты үшін) АҚШ долл. 33,11 43,44 31%
теңге 14 108 20 021 42%
Қазатомөнеркәсіптің сатудағы орташа бағасы (U3O8 бір фунты үшін) АҚШ долл. 32,33 42,50 31%
теңге 13 776 19 587 42%

Компанияның келісім-шарт портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның ағымдағы споттық бағаларымен тығыз өзара байланысты.

Алайда, 2022 жылы сатудың орташа бағасының өсуі 2021-2022 жылдардағы уран нарығындағы споттық бағалардың құбылмалылығына байланысты уранның споттық нарықтық бағасының өсуіне қарағанда төмен болды. 2022 жылы Компания жеткізілімдерінің негізгі бөлігі нарықтық баға төмен болған кезде және 2021 жылдың қыркүйегінде күрт көтерілгендігіне дейін баға белгілеудің әр түрлі тетіктерін қолданып жасалған бағалар бойынша келісімшартқа отырды.

2022 жылы уран бағасына ықпал еткен ерекше нарықтық үрдістерге қатысты қосымша ақпаратты Компанияның корпоративтік интернет-қорында қолжетімді «2021 жылдың төртінші тоқсандағы қызметтің операциялық нәтижелері» есебінен табуға болады.

Топ құрылымындағы өзгеріс

2022 және 2021 жылдары Топ бірнеше мәмілелерді аяқтады.

2022 жылы:

2021 жылы:

Еншілес кәсіпорындардың, БК, БО, қауымдасқан кәсіпорындардың және Топтың басқа да инвестицияларының жалпы саны 2022 жылы өзгерген жоқ және 36 бірлікті құрады.

Валюта бағамдары өзгеруінің әсері

Топтың валюта бағамдары ауытқуының ықпалына ұшырауы сатуды, сатып алуды жүзеге асырумен және шетел валютасындағы қарыздарды тартумен байланысты. Топтың негізгі ақша ағындары АҚШ долларымен көрсетілуі төмендегі жағдайларға байланысты:

Операциялық, өндірістік және күрделі шығындарды қоса алғанда, Топ шығындарының едәуір бөлігі теңгемен көрсетілген. Осылайша, Топ кірістерінің басым бөлігі АҚШ долларымен, ал оның шығындарының басым бөлігі теңгемен көрсетілгендіктен, Топқа, әдетте, теңгеге қатысты доллардың нығаюы тиімді болады, бұл кейіннен Топтың қаржылық нәтижелеріне жағымды ықпал етеді. Алайда, Топтың АҚШ долларымен көрсетілген несиелік міндеттемелері болғандықтан, 2021 және 2020 жылдардың 31 желтоқсандағы осындай міндеттемелердің сомалары елеулі болмаса да, доллардың нығаюының жағымды ықпалы ішінара немесе толық жойылуы мүмкін.

Бұдан басқа, Компания уран өнімін өзінің бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарынан теңгемен көрсетілген келісім-шарттар бойынша, өз кезегінде АҚШ долларымен көрсетілген уранға нарықтық споттық баға белгілеудің құны бойынша сатып алады. Осылайша, АҚШ долларының едәуір нығаюы осындай келісім-шарттардың теңгедегі бағасының тиісті өсуіне алып келеді.

Топ валюталық мәндегі төлемдердің валюталық мәндегі ақша ағындарының көрсеткіштерімен арақатынасын бақылай отырып, валюталық бағамдардың ауытқу тәуекелдерін мүмкіндігінше жоюға тырысады. Осы қатынастың арқасында Топ туынды қаржы құралдарын қолданбай табиғи хеджерлеуге қол жеткізеді.

2022 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 414,67-ден 512,19 теңгеге дейінгі диапазонда болды (2021 жылы 414,77-ден 436,35 теңгеге дейін). Валюта бағамдарының ауытқуының ықпалы 2022 жылдың қорытындысы бойынша Топтың қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай ықпал етті. Бағамдық айырма бойынша Топтың кірісі 2022 жылы 17 304 млн теңгені құрады (2021 жылы: 3 345 млн теңге).

Төмендегі кестеде 2022 және 2021 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) деректеріне сәйкес жыл кезеңіндегі және соңындағы орташа айырбастау бағамдары теңге/АҚШ доллары келтірілген.

Жыл кезеңіндегі және соңындағы орташа айырбастау бағамдары, теңге/АҚШ долл.

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2021 2022 Өзгеріс
Кезең ішіндегі орташа айырбастау бағамы17 теңге/АҚШ долл. 426,03 460,85 8%
Кезең соңындағы айырбастау бағамы теңге/АҚШ долл. 431,67 462,65 7%

Салық салу және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС)

2023 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстандағы ПҚӨС өндірудің өндірістік өзіндік құнына байланысты салық салынатын шығындарға 29% мөлшерінде есептік салық қосу жолымен айқындалды (формула негізінде – төмендегі кесте мен ескертпені қараңыз). Салық салынатын шығындар пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты барлық тікелей шығындарды, соның ішінде мерзімде тау-кен дайындық жұмыстарын өтеуді және тікелей өндіру қызметіне байланысты кез келген басқа амортизациялық аударымдарды қамтыды, бірақ өңдеу шығындары мен жалпы және әкімшілік шығындары алып тасталды. ПҚӨС жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке есептеледі. Осылайша, нәтижесінде алынған ПҚӨС сомасы өндірілетін өнімнің өзіндік құнынан тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылдың қаңтарында елдің Салық кодексіне өзгерістер енгізу ниеті туралы жариялады. 2022 жылдың 11 шілдесінде ҚР Салық кодексіне («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» №135-VII ҚРЗ) уранға ПҚӨС мөлшерлемесінің көлемі мен есептеу үшін базаны өзгертетін толықтырулар мен өзгерістер қабылданды. Салық кодексіне енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және Компанияның 2022 жылғы салық бөлігіндегі нәтижелеріне ықпалын тигізген жоқ. Енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға ПҚӨС бойынша салық базасы өндірілген уран мөлшеріне және 6%-дық ПҚӨС мөлшерлемесіне көбейтілген, белгілі бір есепті кезең үшін жария көздерден алынған уранның орташа өлшенген бағасы ретінде айқындалатын болады. Есептеу әдісінің өзгеруі есептеу формуласына спот бағасын енгізуге байланысты ПҚӨС бойынша шығындарды ұлғайтады деп күтілуде.

Топтың есептелген салықтары, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Корпоративтік табыс салығы18 85 345 118 853 39%
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық19 23 659 29 616 25%
Басқа салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдерт20 62 572 111 051 77%
Жалпы есептелген салық 171 576 259 520 51%

Күкірт қышқылының құны мен қол жетімділігі

ЖҰШ әдісімен уран өндіру үшін күкірт қышқылының айтарлықтай көлемі қажет. Күкірт қышқылының болмауы Топтың өндіріс кестесін бұзуы мүмкін, ал күкірт қышқылы бағасының өсуі Топтың табысына жағымсыз ықпал етуі мүмкін.

Күкірт қышқылына Топ төлейтін тоннаның орташа өлшенген бағасы шикізаттың қымбаттауына және Қазақстан нарығындағы уақытша тапшылыққа байланысты 2022 жылы тоннасына 33%-ға қымбаттап, 30 263 теңгеге дейін (2021 жылы: тоннасына 22 740 теңге) өсті және құн 2023 жылы да өседі деп күтілуде. 2022 жылы күкірт қышқылына жұмсалған шығындар Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының өндірістік өзіндік құнының шамамен 12%-ын құрады (2021 жылы: 13%).

Болашақ шығындардың өсуін азайту мен қышқылды жеткізудің қосымша сенімді және ұзақ мерзімді көзін қамтамасыз ету үшін Топ күкірт қышқылын жеткізу және күкірт қышқылын өндіру бойынша жаңа зауытқа әлеуетті инвестиция түрлерін бағалайды.

Пандемияға байланысты бағаның өзгеруі, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі үзілістерге байланысты маңызды операциялық материалдардың болуы

ЖҰШ әдісімен уран өндіру белгілі бір маңызды өндірістік материалдар мен компоненттердің импортын талап етеді. Бұл позицияларды Топ Қазақстанға не тікелей импорттайды, не Топ осы материалдарды сатып алатын жергілікті жеткізушілер импорттайды. Пандемияға байланысты тасымалдаудауғы жаһандық шектеулерге және кейбір елдер енгізген экспорттық шектеулерге байланысты Топ құбырлар мен сорғылардың, арнайы техниканың және бұрғылау қондырғыларының белгілі бір түрлері сияқты кейбір негізгі материалдар мен жабдықтардың кешігуіне және/немесе шектеулі қол жетімділігіне тап болды.

Кейбір жағдайларда жеткізу мен қол жетімділікке байланысты шектеулер қажетті өндірістік материалдарды сатып алу шығындарының өсуіне әкелді, соның ішінде шикізат тауарлар бағасының өзгеруінен туындаған инфляциялық қысым. Бұл өндіріс шығындарының өсуіне әкеліп, кірістілікке жағымсыз ықпал етті. Басқа жағдайларда белгілі бір материалдарға қол жетімділік толық жоғалды. Пандемия бүкіл өндірістік жеткізу тізбегіне әсер етті, бұл негізгі материалдар мен жабдықтардың жетіспеушілігіне әкелді және 2021-2022 жылдардағы кен орындарын игеру және өндіру кестелеріне жағымсыз ықпал етті.

Жеткізу тізбегіндегі қиындықтар 2023 жылы да жалғасуда, бұл 2023 жылға арналған өндірістік жоспарларға қосымша қауіп төндіреді.

Қазатомөнеркәсіп уран өндіру жөніндегі жоспарды орындау үшін бар күшін салады, алайда 2023 жылға арналған өндірістің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі мүмкін.

Қорларды бағалаудағы өзгерістердің ықпалы

Топ қорлар мен ресурстарды, соның ішінде білікті үшінші тараптың есептеулерін бағалауды JORC кодексіне сәйкес жыл сайын бағалайды. Нәтижесінде қорлар мен ресурстар жыл сайын қолданыстағы стандарттарға сәйкес қайта жіктелуі мүмкін. Мұндай қайта жіктеу Топтың қаржылық есептілігіне ықпал етуі мүмкін.

Мысалы, егер қайта жіктеу Топтың кенішті пайдалану мерзімінің өзгеруіне әкеліп соқтырса, бұл амортизациялық шығындарға, құнсыздану шығындарына, сондай-ақ әдетте жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін кеніштің өтелуіне жұмсалған шығындарға ықпал етуі мүмкін.

Еншілес компаниялармен, БК, БО және қауымдасқан кәсіпорындармен мәмілелер

Компания U3O8-ді өзінің еншілес кәсіпорындарынан, БО, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардан қолданылатын нарықтық дисконттарды ескере отырып, негізінен спот бағасымен сатып алады, олардың мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. U3O8 негізгі сатып алынатын көлемі Компанияның тиісті сатушы кәсіпорындардағы қатысу үлесіне сәйкес келеді.

Топтың уран сегментінен түскен кірісі екі ағыннан тұрады:

Сатып алынған уранды сату құны БК және қауымдастырылған кәсіпорындардан сатып алу бағасына тең, ол, әдетте, тиісті жеңілдіктермен басым спот бағасы болып табылады. Тиісінше, БК және қауымдастырылған кәсіпорындар нәтижелерінің үлесі Топ пайдасының едәуір бөлігін құрайды және оны Топтың қаржылық нәтижелерін бағалау кезінде ескеру қажет. 2022 жылы U3O8 спот бағасының 3,73% мөлшерінде орташа өлшенген дисконтты ескере отырып сатып алынды (2021 жылы 4,09%).

Компания, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар және БО өндірген жеке уранды сату кезінде сату құны негізінен өндіріс құнымен көрсетіледі. Мұндай сатылым үшін уран өнімінің толық маржасы экспортқа уранды сатуды ескере отырып, Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде көрсетіледі.

2022 жылы БК, БО, қауымдастырылған және еншілес кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 көлемі 2021 жылмен салыстырылады және 12 338 тоннаны құрады (2021 жылы 12 121 тонна).

Жоғарыда аталған көлемдерден басқа, Компания (оның ТҰК сауда-саттық еншілес компаниясын қоса алғанда) көлемдерді үшінші тараптардан әртүрлі бағамен сатып алады.

Компания сатып алған U3O8 көлемі, тонна

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
БК және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 2 910 2 805 (4%)
БҰ және еншілес кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 9 211 9 533 3%
Барлығы 12 121 12 338 2%

Қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдау

Біріктірілген қаржылық көрсеткіштер

Бұл бөлімде талдау 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректер мен 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректерді салыстырғандағы ақпаратқа негізделген. Төменде келтірілген кестеде 2022 және 2021 жылдардағы Топтың шоғырландырылған нәтижелеріне қатысты қаржылық ақпарат көрсетілген:

Егер өзгесі көрсетілмесе, қаржылық көрсеткіштер, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Түсім 691 011 1 001 171 45%
Сатудың өзіндік құны (402 967) (475 097) 18%
Жалпы пайда 288 044 526 074 83%
Сату бойынша шығындар (15 706) (25 605) 63%
Жалпы және әкімшілік шығындар (34 105) (44 507) 30%
Операциялық пайда 238 233 455 962 91%
Өзге де кіріс/(шығын) оның ішінде мынадай бір жолғы әсерлер: (8 172) 38 667 >100%
Қауымдастырылған кәсіпорынды дамыту туралы келісім бойынша кіріс21 - 7 671 100%
Қауымдастырылған кәсіпорындар нәтиже-леріндегі үлес 47 294 75 736 60%
БК нәтижелеріндегі үлес 4 289 13 340 211%
Салық салынғанға дейінгі кіріс 281 644 583 705 107%
Табыс салығы бойынша шығындар (61 618) (110 742) 80%
Мыналарға жататын таза пайда: 220 026 472 963 115%
Компанияның меншік иелері 140 773 348 048 147%
Бақыланбайтын үлес 79 253 124 915 58%
Меншік иелеріне жатқызылатын акцияға таза пайда (базалық және ажыратылған) теңге/акция22 543 1 342 147%
Түзетілген таза пайда (бір жолғы ықпалдарсыз) 220 026 465 292 111%
Түзетілген EBITDA көрсеткіш23 350 294 630 898 80%
EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне тепе-тең)24 276 510 495 357 79%

Біріктірілген түсім және басқа да қаржылық көрсеткіштер

Топтың шоғырландырылған кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 45%-ға ұлғайып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1 001 171 млн теңгені құрады. Бұл негізінен 2022 жылы U3O8 спот бағасының өсуіне және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуінен сату орташа бағасының ұлғаюына байланысты. 2022 жылы сату көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 61 179 млн теңгеге, оның ішінде басқа сегменттерден түскен түсіммен салыстырылды.

Біріктірілген түсім, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс Үлес
2021 2022
Уран25 (тек U3O8) 606 109 851 427 40% 88% 85%
Уран өнімі26 18 939 57 806 205% 3% 6%
Бериллий өнімі 26 119 31 986 22% 4% 3%
Тантал өнімі 15 777 23 171 47% 2% 2%
Басқалар 24 067 36 781 53% 3% 4%
Түсім жиыны 691 011 1 001 171 45% 100% 100%

2021 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда кірістің және уранды сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты 2021 жылмен салыстырғанда 91%-ға ұлғайып, 455 962 млн теңгені құрады.

2022 жылғы таза пайда 472 963 млн теңгені құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 115%-ға ұлғаюы 2022 жылғы операциялық пайданың өсуіне сәйкес келеді. 2022 жылғы түзетілген таза пайда 465 292 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы түзетілген таза пайдамен салыстырғанда 111%-ға көп және операциялық пайданың өсуімен де байланысты. 2022 жылы «КАТКО» БК» ЖШС қатысушылары 2022 жылдың 11 тамызындағы «КАТКО» БК» ЖШС-ны одан әрі дамыту туралы келісімге өзгерістер енгізді, оның аясында Топ екінші қатысушыдан 7 671 млн теңге мөлшерінде өтемақы алу құқығын алды, ол біржолғы ықпал ретінде өзге табыс деп танылды.

Бақыланбайтын үлеске жатқызылған кезеңдегі пайда 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жыл ішінде айтарлықтай өсті, оған жоғарыда баяндалған түсіндірмелерге қосымша 2021 жылдың шілдесінде «Орталық» ӨК» ЖШС-ның 49%-ын сату ықпал етті. 2021 жылы Компания «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы өз үлесінің 49%-ын сатты, бұл ретте Қазатомөнеркәсіп өз бақылау үлесінің 51%-ын сақтап қалды, ҚЕХС-ке сәйкес бұл транзакцияның қаржылық ықпалы ақша қаражатының қозғалысы мен капиталдағы Қаржылық есептілікте көрсетіледі.

EBITDA түзетілген көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 80%-ға ұлғайып, 2022 жылы 630 898 млн теңгені құрады, бұл неғұрлым жоғары операциялық пайдамен байланысты. EBITDA көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 79%-ға ұлғайып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 495 357 млн теңгені құрады, бұл операциялық пайданың өсуімен, сондай-ақ БК және қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA ұлғаюымен байланысты. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап және «КАТКО» БК» ЖШС-ның қызметі аяқталғанға дейін, Кәсіпорынды одан әрі дамыту туралы келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес, Топ қатысу үлесінің өзгермеген жағдайында «КАТКО» БК» ЖШС-ның пайдасын жылдық бөлу сомасынан қосымша 11% құқығын алды. Бұл қосымша 11% «КАТКО» БК» ЖШС-ның дивидендтерін бөлуге әсер етеді, сондықтан Топ қаржылық есептілікте «КАТКО» БК» ЖШС-ның 2022 жылғы нәтижелеріндегі 60% үлесін мойындады. Таза активтер қатысушылардың бастапқы келісіміне сәйкес әлі де 49% деп танылады.

Уран сегменті

Уран сегментінің қаржылық көрсеткіштері

Егер өзгесі көрсетілмесе, Уран сегментінің қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2021 2022 Өзгеріс
Уран сегментінен түсетін пайда27 млн теңге 621 706 920 093 48%
с.і. U3O8 сатудан түскен пайда (Топ бойынша)28 млн теңге 606 109 851 427 40%
Кезең ішіндегі орташа айырбастау бағамы тенге/долл. США 426,03 460,85 8%
Уран өнімінен түсетін кірістердің үлесі % 88% 85% (3%)

2022 жылы U3O8 шоғырландырылған сатылымы 851 427 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда негізінен U3O8 спот бағасының өсуі, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуі есебінен 40%-ға ұлғайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы сатудың көлемі сатудың орташа бағасының жоғарылауына әкелді.

Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2021 2022 Өзгеріс
U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде)29 тонна 21 819 21 227 (3%)
U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне тепе-тең) тонна 11 858 11 373 (4%)
U3O8 сату көлемі (біріктірілген) тонна 16 526 16 358 (1%)
Компанияның сату көлемін қосқанда30,31 тонна 13 586 13 572 (0%)
Топтың дайын өнім қалдықтары (U3O8) тонна 8 824 9 352 6%
Компанияның сату көлемін қосқанда (U3O8)32 тонна 7 724 7 749 (0%)
Топтың сатудағы орташа бағасы теңге/кг 36 677 52 051 42%
Топтың сатудағы орташа бағасы АҚШ долл./фунт 33,11 43,44 31%
Компанияның сатудағы орташа бағасы33 АҚШ долл./фунт 32,33 42,50 31%
Орташа апталық спот бағасы АҚШ долл./фунт 35,05 49,61 42%
Ай соңындағы орташа спот бағасы34 АҚШ долл./фунт 35,28 49,81 41%

Уран сегментіндегі өндірістік қызмет пен сатудың барлық жылдық нәтижелері Компанияның 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы Қазатомөнеркәсіп қызметінің Операциялық нәтижелерін шығару шеңберінде түзетілген 2022 жылға арналған жаңартылған болжалдарына сәйкес келді.

2021 жылы ұңғымаларды игеруге COVID-19 пандемиясының әсер етуіне байланысты 2021 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 100% негізде, сондай-ақ 2022 жылғы меншік үлесіне пропорционалды түрде төмен болды. Әдетте, ұңғымаларды игеру мен жерасты ұңғымаларын шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіру арасында сегіз айдан он айға дейін уақыт өтеді. Тиісінше, 2021 жылы белгілі бір негізгі материалдар мен жабдықтардың кешігуі және/немесе шектеулі қолжетімділігі ұңғымаларды іске қосу кестесіне ықпал етті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы өндірістің төмендеуіне әкелді. Сондай-ақ, өндіріс көлеміне қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2021 жылғы шілдеде CGN Mining UK Limited компаниясының пайдасына «Орталық» ӨК» ЖШС қатысу үлесінің 49%-ын сату әсер етті.

Топ пен Компанияның сату көлемі 2021 жылғы көлеммен ұқсас болды. Материалды ТХКБ арқылы жөнелту («Инкай» БК» ЖШС материалының бір бөлігін қоса алғанда) 2022 жылы сәтті жүзеге асырылды.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайда Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 9 352 тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда 6%-ға артық. Компания деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 7 749 тоннаны құрады және 2021 жылмен салыстыруға болады. Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіптің дайын өнімі қорларының (қалдықтарының) деңгейлері клиенттердің талаптарын орындау мерзімдеріне және одан туындайтын жеткізу мерзімдеріндегі айырмашылықтарға, өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес өндіру және сату көлемдеріне байланысты өзгереді.

Топтың теңгемен өткізудің орташа бағасы 2022 жылы 52 051 теңге/кг (43,44 АҚШ долл./фунт) құрады, бұл уран өнімдерінің орташа спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға жоғары. Компания деңгейінде сатудың орташа бағасы да осындай себептерге байланысты жоғары болды.

Компанияның келісім-шарттық портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның спот бағасымен өзара байланысты.

Алайда, 2022 жылы сатудың орташа бағасының өсуі 2022 және 2021 жылдардағы уран нарығындағы спот бағасының құбылмалылығына байланысты уранның спот нарықтық бағасының өсуінен төмен болды: ең төменгі мәннен 42,48 АҚШ долл./фунт ең жоғарғы мәнге дейін – 63,75 АҚШ долл./фунт (2021 жылы: ең төменгі мәннен 27,35 АҚШ долл./фунт ең жоғарғы мәнге дейін – 50,38 АҚШ долл./фунт). Қысқа мерзімді жеткізілімдер бойынша түпкілікті тұтынушыларға трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша баға белгілеу күні мен нақты жеткізілім сәтіндегі споттық нарықтық бағаны орнықтыру арасындағы мезгілдік кешеуіл болады. Бағаның бекітілуі мен жеткізілім арасындағы осындай мезгілдік кешеуіл кезеңінде нарықтың жоғары құбылмалылығының әсері бағаның өсуі мен құлдырауы жағдайында құбылмалылықтың өсуіне байланысты айқынырақ болады. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша баға белгілеу тетіктері 2021 жылдың екінші жартыжылдығында спот бағасының күрт көтерілуіне дейін белгіленген бағаның бекітілген негізгі компоненттерін қамтиды. Нәтижесінде, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде Компанияның және Топ бойынша сатудың орташа бағасының өсуі осы уақыт аралығындағы уранның спот нарығындағы бағаның өсуінен төмен болды.

Уран сегментін өндіру көлемі

Төмендегі кестеде көрсетілген ақпарат әрбір кәсіпорын бойынша уран өндірісінің жалпы көлемін көрсетеді (100% негізде). 2021-2022 жылдардағы кейбір негізгі материалдар мен жабдықтарға кідірістердің және/немесе шектеулі қол жетімділіктің әсері және 2020-2022 жылдардағы COVID-19 пандемиясымен байланысты кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстар көлемінің қысқаруы ЖҰШ әдісімен өндіру үрдісінің ерекшеліктеріне, тау-кен-дайындық жұмыстары жоспарларындағы айырмашылықтарға және әрбір кәсіпорында әзірлеу сатысына байланысты барлық кәсіпорындар үшін бірдей болған жоқ.

Өндіріс көлемі, U3O8 нысанындағы тонна

Кәсіпорын Үлес 2021 2022 Өзгеріс
«Казатомпром-SaUran» ЖШС 100% 1 493 1 273 (15%)
«РУ-6» ЖШС 100% 800 830 4%
«Аппақ» ЖШС 65% 805 803 (0%)
«Инкай» БК» ЖШС35 60% 3 449 3 201 (7%)
«Байкен-U» ЖШС 52,5% 1 230 1 315 7%
«ОРТАЛЫҚ» ЖШС36 51% 1 579 1 650 4%
«Семізбай-U» ЖШС 51% 962 940 (2%)
«Қаратау» ЖШС 50% 2 561 2 560 (0%)
«Ақбастау» БК» АҚ 50% 1 545 1 545 0%
«Хорасан-U» БК» ЖШС 50% 1 579 1 580 0%
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ 49,98% 655 741 13%
«КАТКО» БК» ЖШС 49% 2 840 2 564 (10%)
«Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС 30% 2 321 2 225 (4%)
Барлығы 21 819 21 227 (3%)

ҮМЗ сегменті

2022 жылы отын таблеткаларын өндіру көлемі 198,2 тоннаны құрады. Есепті кезеңде 2021 жылмен салыстырғанда отын таблеткаларын өндіру көлемінің айтарлықтай өсуі «Үлбі-ТВС» ЖШС және CJNF (ҚХР) компаниясы үшін өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты.

ҮМЗ уран өнімдерін сату

Уран ұнтағының және отын таблеткаларының сату көлемі, тонна

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Отын таблеткалары 43,5 198,2 >100%
Уран ұнтақтары 10,7 88,9 >100%
Скраптардан уран қос тотығы 50,6 22,8 (55%)

Отын таблеткаларын сату көлемінің 198,2 тоннаға дейін өсуі «Үлбі-ТВС» ЖШС және CJNF (ҚХР) компаниясының атына сату көлемінің ұлғаюына байланысты. 2022 жылы уран ұнтақтарын сату көлемінің өсуі 2022-2023 жылдары уран ұнтақтарын сатуға «МЖЗ» ЖАҚ-пен (РФ) келісімшарт жасасуға байланысты.

Скраптардан уран қос тотығын сату тапсырыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес жүзеге асырылды.

ҮМЗ-ның сирек кездесетін металл өнімдерін сату

Сирек металдарды сатудың көлемі

Сирек металдар Өлшем бірл. 2021 2022 Өзгеріс
Бериллий өнімдері тонна 1 529,31 1 332,46 (13%)
теңге/кг 17 074 24 005 41%
Тантал өнімдері тонна 165,40 165,52 0%
теңге/кг 95 351 139 990 47%
Ниобий өнімдері тонна 8,24 13,45 63%
теңге/кг 20 655 24 572 19%

Бериллий өнімін сату көлемі 2022 жылы сатып алушылардың тапсырыстары санының азаюына байланысты 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеді. 2022 жылы сату бағасы 41%-ға өсті, бұл тазалау дәрежесі жоғары және түсті металдар нарығында құны жоғары тауарларға арналған өнім ассортиментінің өзгеруімен, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен байланысты.

Тантал өнімінің сату бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жоғары болды, тазалау дәрежесі жоғары және түсті металдар нарығында құны жоғары тауарларға арналған өнім ассортиментінің өзгеруімен, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен байланысты.

Ниобий өнімдерінің сату көлемі мен бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жоғары болды, бұл ниобий гидрототығына тапсырыс көлемінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ 2022 жылы түсті металл өнімдері нарығындағы құнның жоғарылауы сату бағасының жоғарылауына әкелді.

Сатудың өзіндік құны

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс Үлес
2021 2022
Шикізат пен материалдар 241 695 261 825 8% 60% 55%
Тозу және амортизация 66 429 79 037 19% 17% 17%
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу 33 294 49 348 48% 8% 10%
Табыс салығынан басқа салықтар 25 474 32 216 26% 6% 7%
Қайта өңдеу және басқа қызметтер 17 404 31 361 80% 4% 7%
Өзгелер 18 671 21 310 14% 5% 4%
Сатудың өзіндік құнының жиынтығы 402 967 475 097 18% 100% 100%

Сатудың өзіндік құны 2022 жылы 475 097 млн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Шикізат пен материалдардың құны 2022 жылы 261 825 млн теңгені құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 8%-ға ұлғайып, инфляциялық қысымның өсуі нәтижесінде шикізат пен материалдарды сатып алу бағасының ұлғаюына байланысты болды. 2022 жылы БК-дан және қауымдасқан кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уранның құны 2021 жылмен салыстырғанда жоғары болды, бұл U3O8 спот бағасының өсуімен және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен байланысты. Мұндай уранды сату кезінде сату құны негізінен дисконтты қолдана отырып, басым спот бағасы бойынша уранды (шикізат және материалдар ретінде ескеріледі) сатып алу құнымен ұсынылады.

Тозу мен амортизация 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 19%-ға ұлғайып, 79 037 млн теңгені құрады, бұл негізінен тау-кен дайындау жұмыстарын өтеуге жұмсалатын шығындардың ұлғаюына, сондай-ақ 2022 жылы пайдалануға берілген ұңғымалар санының ұлғаюына байланысты.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу 2022 жылы 49 348 млн теңгені құрады, бұл негізінен өндірістік қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді жүйелеу бағдарламасын енгізу мен жалақысын ұлғайту есебінен, сондай-ақ 2022 жылы шоғырландырылған кәсіпорындар өндірген сатылған меншікті уранның үлесін көбейту есебінен 2021 жылмен салыстырғанда 48%-ға өсті.

Табыс салығынан басқа негізгі үлесі ПҚӨС-ке тиесілі салықтар 2022 жылы 32 216 млн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 26%-ға ұлғайды, бұл негізінен өндіріс құнының ұлғаюы мен 2022 жылы шоғырландырылған кәсіпорындар өндірген өз уранының сатылған үлесінің ұлғаюымен байланысты.

Қайта өңдеуге және өзге де өндірістік қызметтерге жұмсалған шығындар 2022 жылы 31 361 млн теңгені құрады, бұл Қазатомөнеркәсіптің U3O8 отын таблеткаларын өндіру үшін қажетті U3O8 қайта өңдеу көлемінің едәуір ұлғаюына байланысты, 2021 жылмен салыстырғанда 80%-ға артық.

Өзге шығындар 2022 жылы техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және басқа да үстеме шығындарға арналған шығындардың өсуіне байланысты 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсіп, 21 310 млн теңгені құрады.

C1, AISC уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындар

(миллион теңге, егер басқаша көрсетілмесе) 2021 2022 Өзгеріс
C1 ақшалай өзіндік құны (қатысу үлесіне тепе-тең) АҚШ долл./ фунт 8,80 10,25 16%
Күрделі шығындар (қатысу үлесіне тепе-тең) АҚШ долл./ фунт 3,83 5,94 55%
AISC ақшалай өзіндік құны + күрделі шығындар (қатысу үлесіне тепе-тең) АҚШ долл./ фунт 12,63 16,19 28%
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде)37 91 087 146 499 61%

Қатысу үлесі бойынша С1 «Ақшалай өзіндік құн» көрсеткіші негізінен инфляциялық қысымға байланысты шикізат құнының өсуіне, сондай-ақ өндірістік қызметкердің еңбекақы төлеу қорының ұлғаюына байланысты 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Қатысу үлесі бойынша AISC «Ақшалай құн + күрделі шығындар» көрсеткіші (АҚШ долл. балама) тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарының өсуіне байланысты 28%-ға ұлғайды.

Нәтижелер 2022 жылға ұсынылған болжамды диапазондар шегінде болды (жаңартылған болжамды көрсеткіштер: C1 көрсеткіші үшін 9,50-11,00 АҚШ долл., және AISC көрсеткіші үшін 16,00-17,50 АҚШ долл.).

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 2021 жылмен салыстырғанда 61%-ға ұлғайып, 146 499 млн теңгені құрады, бұл кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды ауыстырумен, шикізатты, материалдарды, жабдықты сатып алу бағасының өсуімен және бұрғылау жөніндегі қызметтер құнының өсуімен байланысты.

Төмендегі кестеде C1 ақшалай құнының жалпы бөлінуі көрсетілген (ақпарат жалпы түсінік үшін берілген, өйткені нақты пропорциялар кәсіпорынға, кен орнына және аймаққа байланысты өзгереді):

С1 ақшалай өзіндік құн

Тиесілі ақшалай шығындардың жалпы санаттары (С1) 2021 2022
Материалдар мен шығын материалдары 22% 24%
ПҚӨС 21% 22%
Өңдеу және басқа қызметтер 17% 15%
Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу 17% 19%
Жалпы және әкімшілік шығындар 8% 7%
Сату бойынша шығындар 3% 3%
Өзгелер 12% 10%
Барлығы 100% 100%

Сату бойынша шығындар

Сату бойынша шығындар, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс Үлес
2021 2022
Тиеу, тасымалдау және сақтау жөніндегі шығындар 11 110 20 331 83% 71% 79%
Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу 1 456 1 744 20% 9% 7%
Шикізат пен материалдар 306 199 (35%) 2% 1%
Жалға алу 105 214 104% 1% 1%
Тозу және амортизация 65 56 (14%) 0% 0%
Өзгелер 2 664 3 061 15% 17% 12%
Сату бойынша шығындар жиынтығы 15 706 25 605 63% 100% 100%

Сату бойынша шығындар 2022 жылы 25 605 млн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда едәуір ұлғайды, бұл негізінен уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруіне, тасымалдау тарифтерінің өсуіне, ТХКБ-ның пайдаланылуына, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты, өйткені тиеп-жөнелтуге, тасымалдауға және сақтауға арналған шығындардың едәуір бөлігі шетел валютасында көрсетілген.

Жалпы және әкімшілік шығындар, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс Үлес
2021 2022
Жалпы және әкімшілік шығындар жиынтығы 34 105 44 507 30% 100% 100%
с.і. амортизация және тозу 2 493 2 110 (15%) 7% 5%

2021 жылмен салыстырғанда ЖӘШ-тің ішінара ұлғаюы «Ақбастау» БК» АҚ-ның жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша артық өндірілген уранның 249 тоннасы үшін Қазақстан Республикасы салық органдарының пайдасына 7 310 млн теңге өтемақы бойынша міндеттемелермен, сондай-ақ қызметкердің еңбегіне төленетін ақының ұлғаюымен байланысты.

БК және қауымдасқан кәсіпорындар кірістеріндегі үлесі

БК және қауымдасқан кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес 2022 жылы 89 076 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 73%-ға жоғары. Мұндай өсім негізінен уранның спот бағасының өсуіне және 2022 жылы теңгенің әлсіреуіне байланысты, бұл өз кезегінде БК-ның және қауымдасқан кәсіпорындардың операциялық көрсеткіштеріне және олардың нәтижелері Топ үшін оң әсер етті.

Салық салынғанға дейінгі пайда және табыс салығы бойынша шығындар

Салық салынғанға дейінгі пайда және табыс салығы бойынша шығындар, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Салыққа дейінгі пайда 281 644 583 705 107%
Табыс салығы бойынша шығындар жиынтығы, ке-лесілерді қоса алғанда: 61 618 110 742 80%
Ағымдағы табыс салығы 85 345 118 853 39%
Кейінге қалдырылған табыс салығы (23 727) (8 111) (66%)

Салық салуға дейінгі пайда 2022 жылы 583 705 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден едәуір жоғары. Өзгерістер негізінен U3O8 нарықтық спот құнының ұлғаюынан және АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуінен болған сатудың орташа бағасының өсуі операциялық пайданың ұлғаюынан болды.

Табыс салығы бойынша шығындар 2022 жылы 110 742 млн теңгені құрады, ағымдағы табыс салығының ұлғаюына және 2022 жылы салық салуға дейінгі пайданың ұлғаюы 2021 жылмен салыстырғанда едәуір өсті.

Топтың пайдасына қолданылатын табыс салығының ставкасы 2022 және 2021 жылдары 20%-ды құрайды. Тиімді салық ставкасы 2022 және 2021 жылдары сәйкесінше 19% және 20%-ды құрады.

Тиімді салық ставкасы корпоративті табыс салығынан салық есебінде танылмаған кірістер мен шығындардың белгілі бір элементтеріне байланысты ерекшеленеді. Тиімді салық ставкасы ҚР-дағы 20%-ға тең корпоративтік табыс салығының ставкасынан сәл өзгеше.

Күрделі шығындарға шолу

Топтың күрделі шығындарының негізгі бөлігін табиғи уран өндіруді жүзеге асыратын еншілес, БО, БК және қауымдасқан кәсіпорындар көтереді. Мұндай шығындар келесі негізгі компоненттерден тұрады:

Төмендегі кестеде көрсетілген аталған кезеңдерде уран өндіруді жүзеге асыратын Топтың еншілес ұйымдарының, БО, БК және қауымдасқан кәсіпорындарының шығындары көрсетілген. Күрделі шығындар сомасы Топтың жекелеген компанияларының тәуелсіз басқару ақпаратынан шоғырландырылмаған негізде алынды, сондықтан Топтың Қаржылық есептілігінде көрсетілген негізгі өндірістік құралдар мен жабдықтарды толықтыру сомаларымен салыстыруға келмейді немесе сәйкес келмейді. Инвесторлар мен талдаушыларға күрделі шығындар туралы мұндай ақпаратқа шамадан тыс сенбеуге кеңес беріледі, өйткені ол ХҚЕС-ке сәйкес дайындалмаған кәсіпорындардың жеке бухгалтерлік мәліметтеріне негізделген аудиттелмеген шоғырландырылмаған қаржылық ақпарат болып табылады. 2022 жылы Топтың басым кәсіпорындары өздерінің ішкі саясаттарын қайта қарап, кеніштерді жабу бойынша міндеттемелер мен шығындардың өсуіне сәйкес келетін тарату қорларына аударымдарды көбейтті.

Топтың өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары, млн теңге

Кәсіпорын Үлес 2021 2022
WC38 S&E39 LF/C40 Барлығы WC38 S&E39 LF/C40 Барлығы
«Казатомпром-SaUran» ЖШС 100% 6 094 865 542 7 501 11 286 2 249 1 857 15 392
«РУ-6» ЖШС 100% 3 392 657 260 4 309 5 050 1 165 382 6 597
«Аппақ» ЖШС 65% 6 769 495 1 331 8 595 7 260 630 2 009 9 899
«Инкай» БК» ЖШС 60% 4 815 3 925 6 8 746 10 637 1 385 18 12 040
«Байкен-U» ЖШС 52,5% 2 679 590 167 3 436 5 161 847 246 6 254
«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС 51% 4 487 594 219 5 300 12 246 453 1 427 14 126
«Семізбай-U» ЖШС 51% 4 231 561 177 4 969 6 399 1 699 1 987 10 085
«Будёновское» БК» ЖШС 51% 1 599 320 (4) 1 915 1 143 1 610 71 2 824
«Қаратау» ЖШС 50% 4 667 579 112 5 358 2 571 1 122 1 478 5 171
«Ақбастау» БК» АҚ 50% 4 648 291 222 5 161 6 750 638 742 8 130
«Хорасан-U» БК» ЖШС 50% 7 645 1 781 171 9 597 11 364 1 222 1 362 13 948
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ 49,98% 3 878 291 1 281 5 450 6 426 135 913 7 474
«КАТКО» БК» ЖШС 49% 14 391 5 037 1 467 20 895 20 150 18 068 2 879 41 097
«Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС 30% 3 927 1 879 374 6 180 6 458 2 376 1 040 9 874
Жалпы өндіруактивтері 73 222 17 865 6 325 97 412 112 901 33 599 16 411 162 911

Өндірістің жоспарланған деңгейіне қол жеткізу үшін Топтың өндіруші кәсіпорындары жыл сайын қорлардың болуы негізінде ұңғымаларды бұрғылаудың және өндірудің қажетті көлемін бағалайды. Бұл шығындар полигондардың жұмысқа қабілеттілігін қолдауға арналған капиталдандырылатын шығындарға жатады. Осы шығындардың негізгі құрамдас бөлігі ұңғымаларды салуға арналған шығындар болып табылады.

Ұңғымаларды салуға және өндіруді қолдауға арналған шығындар, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Ұңғымалар құрылысы 73 222 112 901 54%
Өндірісті қолдау41 13 427 22 735 69%
Құрылысқа және қолдауға ар-налған шығындар жиынтығы 86 649 135 636 57%
Кеңейту 4 438 10 863 >100%
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде)42 91 087 146 499 61%

14 өндіруші кәсіпорынның күрделі шығындары (100% негізде) 2022 жылы 146 499 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары, оның ішінде:

2022 жылдың қорытындысы бойынша күрделі шығындар күкірт қышқылы мен құбырлар сияқты белгілі бір негізгі материалдар мен жабдықтардың қол жетімділіктің шектеулі болғанынан бұрғылау, құбыр байламы және қышқылдану мерзімдерінің ауысуына байланысты 2022 жылға көзделген жаңартылған болжамды мәндерден (150≈– 160 млрд теңге) сәл төмен болды.

Төмендегі кестеде келтірілген ақпарат тау-кен дайындық жұмыстарының өтелуін (ТДЖ деп аталады), 2022 жылы әрбір тау-кен кәсіпорны үшін негізгі құралдар мен амортизацияны көрсетеді.

Егер өзгесі көрсетілмесе, өтеу және тау-кен дайындық жұмыстарының көлемі, млн теңге

Кәсіпорын Дайын қоркөлемі (тонна) Кезең соңындағы ТДЖ қалдығы Кезең соңындағы ГБЖ қалдығы Кезең соңындағы НҚ бастапқы (тарихи) құны (ТДЖдан басқа) Кезең аяғындағы НҚ теңгерімдік құны (ТДЖ-дан басқа) Кезең ішіндегі амортизация (ТДЖ-дан басқа)
«Казатомпром-SaUran» ЖШС 2 765 17 987 2 433 23 056 11 714 1 198
«РУ-6» ЖШС 2 595 8 175 - 10 765 7 064 580
«Аппақ» ЖШС 1 682 11 366 1 787 10 684 5 680 387
«Инкай» БК» ЖШС 4 400 25 420 16 380 103 985 59 951 2 363
«Байкен-U» ЖШС 1 914 8 219 5 219 21 264 9 669 966
«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС 2 809 16 405 1 106 20 165 11 281 897
«Семізбай-U» ЖШС 1 877 8 764 36 18 012 8 237 916
«Будёновское» БК» ЖШС - 1 465 11 935 2 020 1 827 125
«Қаратау» ЖШС 1 702 6 340 2 461 30 019 14 685 1 328
«Ақбастау» БК» АҚ 2 114 10 819 5 888 11 146 6 556 452
«Хорасан-U» БК» ЖШС43 3 149 13 423 8 253 18 115 10 879 782
«КАТКО» БК» ЖШС 4 374 35 456 3 147 73 818 36 201 2 215
«ЗАРЕЧНОЕ» БК» ЖШС 1 702 8 451 2 838 9 054 1 908 441
«Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС 4 082 11 937 5 743 24 692 11 544 1 480

Резервтер және геологиялық зерттеулер

SRK Consulting (UK) Limited (2023 жылғы 16 қаңтардағы) хатына сәйкес 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша (жылдық сарқылуды қоса алғанда) барлық өндіру кәсіпорындарының кен қорлары шамамен 588,8 мың тоннаны (100% негізде) құрады, оның ішінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды 312,9 мың тонна кірді (2021 жылы 625,4 мың тонна 100% негізде, оның 332,6 мың тоннасы қатысу үлесіне пропорционалды). Минералдық ресурстардың (қорларды қоса алғанда) жалпы көлемі 761,6 мың тоннаға (100% негізде) бағаланды, оның 464,8 мың тоннасы – Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды көлем (2021 жылы 100% негізде 784,4 мың тонна, оның 477,5 мың тоннасы қатысу үлесіне пропорционалды). 2021 жылмен салыстырғанда минералдық ресурстардың көлемі шамамен 22,8 мың тоннаға қысқарды, бұл негізінен 2022 жылы 21,2 мың тонна көлемінде 100% негізде өндірумен түсіндіріледі.

Қорлар мен ресурстар, мың тонна

Өтімділік және капитал ресурстары

Қазатомөнеркәсіптің басшылығы үнемі өзгеріп отыратын нарықтық ортада қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Топтың қаржылық менеджмент саясаты қолданыстағы қызметті қолдау және бизнесті дамыту үшін капиталдың берік базасын сақтауға бағытталған.

Топтың өтімділікке деген қажеттілігі негізінен айналым қаражатын қаржыландыруға, күрделі шығындарға, борышты өтеуге қызмет көрсету және дивидендтер төлеуге қатысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, Топ негізінен операциялық қызметтен түскен қаржы ағындарын өзінің айналым капиталын және ұзақ мерзімді капитал қажеттіліктерін қаржыландыру үшін пайдаланды, сондай-ақ қажет болған жағдайда сыртқы қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, болашақта жүзеге асырылуы жоспарланған. Қажет болған жағдайда, Компания белгілі бір инвестициялық жобаларды қорландыру үшін жобалық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады.

Ақшалай қаражат және қаржыландырудың қолжетімді көздері

Топ өтімділікке деген қажеттіліктерін өз міндеттемелерін уақытында өтеу үшін жеткілікті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін, қолайсыз шығындардың пайда болуына жол бермей және Топтың беделіне қауіп төндірмей, қаржылық міндеттемелерін орындау үшін басқарады.

Ақшалай қаражат, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Ақша қаражаты және оның баламалары 161 190 169 536 5%
Мерзімді депозиттер 43 220 930 (98%)
Барлық ақша қаражаты 204 410 170 466 (17%)
Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома 177 902 84 665 (52%)

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша депозиттерді қоса алғанда, барлық ақша қаражаттары мен олардың баламалары 2021 жылғы 204 410 млн теңгемен салыстырғанда 170 466 млн теңгені құрады, мұндай өзгерістердің түсіндірмелері төменде «Ақша қаражатының қозғалысы» бөлімінде көрсетілген.

Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома сауда дебиторлық берешегінің түсу мерзімдерімен байланысты уақытша ақша тапшылығын жабу үшін өтімділіктің қосымша қысқа мерзімді көзі болып табылатын Топқа қолжетімді жаңартылатын корпоративтік несие желілерімен ұсынылады.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайда Топтың жаңартылатын несие желілері бойынша жалпы шегі 235 миллион АҚШ долларын құрады, оның 183 миллион АҚШ доллары пайдалануға қол жетімді болды (2021 жылғың 31 желтоқсанындағы жағдайда жаңартылатын несие желілері бойынша шек 412 миллион АҚШ долларын құрады). Шектің төмендеуі талап етілмеген несие желілерінің жабылуына байланысты.

2022 жылдың қазан айында Компанияның директорлар Кеңесі «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 200 млн АҚШ долларын қамтамасыз етпей, коммерциялық облигациялардың төрт шығарылымын мақұлдады. Облигациялардың әрбір шығарылымы бойынша орнықталған сыйақы (купон) мөлшерлемесі KASE сауда жүйесінде облигациялардың әрбір шығарылымын орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық өткізілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын Federal Reserve Bank of New York ресми сайтында жарияланған SOFR (Secured Overnight Financing Rate) мөлшерлемесі ретінде айқындалады.

Компания 2022 жылдың желтоқсанында жылдық сыйақы мөлшерлемесі (купон) 4,32% және өтеу мерзімі 30 күнтізбелік күнге номиналды көлемі 50 млн АҚШ долл. коммерциялық облигациялардың алғашқы шығарылымын жариялады. Компания облигацияларды 2023 жылдың 23 қаңтарында төледі. Төлемдердің жалпы сомасы 50,18 млн АҚШ долл. құрады, оның ішінде купондық сыйақы 0,18 млн АҚШ долл. құрады. Өтеуге кірістілік 4,6% құрады.

Алынған және төленген дивидендтер

Компания Топтың кәсіпорындарының иегері болып табылады және өзінің бизнес-операцияларынан түскен кірістен басқа, БК, қауымдастырылған кәсіпорындар және басқа да инвестициялардан дивидендтер алады. 2022 және 2021 жылдары Топ өздерінің БК, қауымдастырылған кәсіпорындарынан және басқа да инвестициялардан тиісінше 45 346 млн теңге және 17 108 млн теңге мөлшерінде дивидендтер алды. 2022 жылдағы ұлғаю негізінен БК және қауымдасқан кәсіпорындар қызметінің операциялық нәтижелеріндегі және басқа да инвестициялардың ұлғаюымен байланысты. Компания дивидендтік ағындарды барынша көбейтуді және еншілес ұйымдардың, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын теңестіреді. Компания Қазақстан Республикасындағы инвестиция объектілерінен алған дивидендтерге салық салынбайды.

2022 жылдың шілдесінде Компания өз акционерлеріне 2021 жылғы қызмет қорытындылары бойынша 2022 жылғы 227 388 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер 2020 жылдың қаржылық нәтижелері негізінде 2021 жылдың шілдесінде 150 082 млн теңге мөлшерінде төленген дивидендтер сомасынан 52-ға асып түсті. Өсім операциялық ақша ағынының жоғарылауымен және Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес шоғырландырылған бос ақша ағынын есептеу әдістемесіне 2021 жылы «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС-дағы Топтың 49% үлесін сатудан түскен түсімдердің енгізілуімен байланысты.

Айналым капиталы

Топтың айналым капиталы, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Тауарлық-материалдық қорлар 275 856 392 621 42%
Дебиторлық берешек 220 138 270 921 23%
Өтеуге ҚҚС 46 447 62 389 34%
Басқа қаржылы активтер 9 029 19 748 119%
Басқа қаржылық емес активтер44 7 137 19 274 170%
Алдын ала төленген табыс салығы 7 526 11 451 52%
Несиелік берешек (66 014) (98 809) 50%
Қызметкерлерге сыйақы (215) (325) 51%
Табыс салығы бойынша міндеттемелер (5 096) (4 221) (17%)
Өзге де салық және міндетті төлем міндеттемелері (17 973) (24 688) 37%
Басқа да ағымдағы міндеттемелер (57 338) (83 883) 46%
Таза айналым капиталы 419 497 564 478 35%

Дебиторлық берешектің өсуі 2022 жылы кірістің өсуіне байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, Компания өзара есептеулердің шектеулерге ұшырамауы үшін салдарды жеңілдету бойынша шараларды қолдана отырып, қаржылық санкция тәуекелдерін азайтады. Алайда, 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша өзге де ағымдағы қаржы активтерінің құрамына пайдалануға шектелген және 32,3 млн АҚШ доллары көлемінде төлем, 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы бағамдық айырмашылықтардан түскен кірісті есептегенде 2022 жылдың 31 наурызында уранды байыту жөніндегі қызметтерді жеткізушінің пайдасына жіберілген 14 956 млн теңге мөлшеріндегі пайданы ескере отырып енгізілді, оның ресейлік банкі кейін АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкцияларына ұшыраған заңды тұлғалар тізіміне енгізілді. Кейін OFAC энергиямен, соның ішінде уранмен байланысты, осы мәмілеге қатысатын жеткізушінің банкіне қолданылатын кез келген нысанда рұқсат беретін лицензия шығарды. Ақшалай қаражатты қате бұғаттаған банк-корреспондент соңында бұл қаражатты 2023 жылдың қаңтарында Топқа (сыйақыны ескере отырып) қайтарды.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа да ағымдағы міндеттемелерге мыналар жатады:

2022 жылдың 19 мамырында Топ пен Genchi Global Limited арасындағы негіздемелік келісімге сәйкес жасалған ANU Energy-ден жалпы сомасы 113,5 миллион АҚШ долларын құрайтын қосымша уран тауарлық қарызын алды. 2022 жылдың 20 желтоқсанында Топ қайтару күніне 53 802 млн теңгені құрайтын қарызды қайтарды.

Топтың таза айналым капиталы қарастырылған барлық кезеңдерде оң болып қала берді.

Топтың тауарлық-материалдық құндылықтарының компоненттері, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Дайын тауарлар және қайта сатуға арналған тауарлар 223 750 309 950 39%
оның ішінде уран өнімі 222 195 308 168 39%
Аяқталмаған өндіріс 30 409 40 899 34%
Шикізат пен материалдар 14 879 19 633 32%
Қайта өңдеудегі материалдар 3 091 15 198 >100%
Қосалқы бөлшектер 789 989 25%
Отын 479 1 488 >100%
Басқа материалдар 5 709 7 486 31%
Айналыстан шығару және сату мүмкіндігінің таза құнына дейін есептен шығаруға арналған сома (3 250) (3 022) (7%)
Барлық қорлар 275 856 392 621 42%

Топ уран нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді және нарық жағдайына байланысты өзінің тауарлық-материалдық қорларын ұлғайту стратегиясын ұстана алады.

Топтың ең үлкен қорлары – бұл негізінен U3O8 кіретін дайын тауарлар мен қайта сату тауарлары. 2022 жылдың аяғында 2021 жылмен салыстырғанда Топтың аяқталмаған өндірісі мен шикізат деңгейі сәйкесінше 34% және 32%-ға өсті.

Қорлар балансының ұлғаюы негізінен U3O8-ге спот бағасының ұлғаюымен және 2022 жыл ішінде АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуімен байланысты, бұл БК, қауымдастырылған кәсіпорындар және уран өнімдерінің үшінші тараптарынан сатып алынған құнын, сондай-ақ дайын өнімнің ұлғаюымен өсті.

Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп қорларының деңгейлері клиенттердің жеткізілімге деген сұраныстарының түсу мерзімдеріне және жеткізілім кестелерінің, өндіру және сату көлемдерінің өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес айырмашылықтарына байланысты өзгеріп отырады.

Ақша қаражатының қозғалысы

Келесі талдау Қаржылық есептілік пен оның ескертпелеріне негізделген және онымен бірге қаралуы тиіс.

Топтың шоғырландырылған ақша ағындары, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты45 118 729 283 859
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаты (71 241) (10 893)
Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты (1 843) (268 877)
Ақша қаражаты мен оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы) 45 645 4 089

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты

2022 жылы операциялық ақша ағындары 283 859 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда келесі себептерден едәуір ұлғайды:

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаты

Инвестициялық қызметтен түскен таза ақшалай жылыстау 2021 жылғы 71 241 млн теңге көлеміндегі шығындармен салыстырғанда 2022 жылы 10 893 млн теңгені құрады.

2022 жылғы өзгерістер негізінен мыналарға байланысты:

Кәдімгі инвестициялық қызмет аясында Топ мерзімді салымдарды орналастырады, өтелгенге дейін ұсталатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен корпоративтік облигацияларды сатып алады, таза қозғалыстың өзгерістері 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жиынтық 72 983 млн теңгені құрайды.

Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты

Қаржы қызметінен түскен таза ақша ағындары 2022 жылы 268 877 млн теңгені және 2021 жылы 1 843 млн теңгені құрады. Ақша ағындарының ұлғаюы 2021 жылмен салыстырғанда негізінен Компания акционерлерінің атына төленген дивидендтердің 77 306 млн теңгеге ұлғаюы,

сондай-ақ бақыланбайтын үлеске төленген дивидендтердің 59 083 млн теңгеге ұлғаюы есебінен болды. Сондай-ақ, 2021 жылы Топ «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы бақылаусыз қатысу үлесінің 49%-ын сату бойынша 185 858 млн теңге сомасында қаражат алды (біржолғы әсер). Шығу 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы кредиттер мен қарыздар балансының таза қозғалысының 54 933 млн теңгеге өзгеруімен ішінара өтелді.

Берешек

Баланстан тыс кепілдіктерді қоса алғанда, Топтың қаржылық міндеттемелері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 157 381 млн теңгені (2021 жылы 110 462 млн теңге) құрады, оның ішінде:

Жалпы берешек және кепілдіктер, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Банктік қарыздар - 23 953 >100%
Банктік емес қарыздар 89 308 114 491 28%
Теңгерімнен тыс кепілдіктер 21 154 18 937 (10%)
Қаржылық міндеттемелер 110 462 157 381 42%

Келесі кестеде 2022 және 2021 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Топ қарыздарының сомасы көрсетілген:

Топтың қаржылық міндеттемелерінің сомасы, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Ұзақ мерзімді 77 850 83 441 7%
Банктік несиелер - -
Банктік емес қарыздар, соның ішінде: 77 850 83 441
Шығарылған облигациялар 77 700 83 300
Жалдау бойынша міндеттемелер 150 141
Ағымдағы 11 458 55 003 >100%
Банктік несиелер - 23 953
Банктік емес қарыздар, соның ішінде: 11 458 31 050
Вексель бойынша міндеттемелер 10 514 7 002
Жалдау бойынша міндеттемелер 141 32
Шығарылған облигациялар 803 24 016
Несиелер мен қарыздар жиынтығы 89 308 138 444 55%

2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың ұзақ мерзімді банктік несиелері жоқ.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайда банктік кредиттер бойынша ағымдағы берешек 23 953 млн теңгені құрады. Ағымдағы банктік несиелер негізінен қысқа мерзімді несие желілері бойынша 12 айға дейінгі өтеу қарызын қамтиды. 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайда Топтың жаңартылатын несие желілері бойынша жалпы шегі 235 млн АҚШ долларын құрады, оның 52 млн АҚШ доллары пайдаланылды (пайдалану үшін 183 миллион АҚШ долл. қолжетімді).

Банктік емес қарыздар бойынша берешек 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайда 114 491 млн теңгені құрады және оған мыналар кіреді:

Кепілдіктер екінші тарап өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі Топтың баланстан тыс қайтарып алынбайтын міндеттемелерін білдіреді. Басқа міндеттемелерге қаржылық жалдау, лизинг және басқа қаржылық берешек бойынша міндеттемелер кіреді.

Несиелік және кепілдік келісімдерге сәйкес, Топтың өзінің шоғырландырылған ақпаратына негізделген кейбір белгіленген қаржылық көрсеткіштерді (ковенанттар) сақтауға міндетті, мысалы: қаржылық міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы, қаржылық міндеттемелердің салық төлеуге дейінгі табысына қатынасы, сыйақы, тозу және амортизацияға (EBITDA) дейінгі қаржылық міндеттемелердің пайдаға қатынасы.

Топтың орташа өлшенген пайыздық мөлшерлемесі, %

Көрсеткіш 2021 2022
Орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме, оның ішінде: 3,37 3,62
Белгіленген пайыздық мөлшерлемелер 3,52 3,62
Өзгермелі пайыздық мөлшерлемелер 0,97 -

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме өткен жылмен салыстырғанда өсу көрсетіп, 3,62%-ды құрады. 2022 жылы Топтың несиелер мен қарыздар бойынша орташа өлшенген мөлшерлемесіне негізінен Топтың тұрақты мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелері әсер етті (жылдық 4% купондық облигациялар).

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Топтың міндеттемелері белгіленген пайыздық мөлшерлемемен қарыз есебінен толығымен қалыптасады.

Компанияға халықаралық рейтингтік агенттіктерден несиелік рейтингтер берілді:

Таза қарыз/түзетілген EBITDA

Келесі кестеде 2022 және 2021 жылдардағы қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін Компания басшылығы қолданатын негізгі коэффициенттер келтірілген.

Таза қарыз/түзетілген EBITDA коэффициенті бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.

Таза қарыз коэффициенті/түзетілген EBITDA, млн теңге

Көрсеткіш 2021 2022 Өзгеріс
Несиелер мен қарыздар жиынтығы (кепілдіктерді қоспағанда) 89 308 138 444 55%
Ақша қаражатының барлық теңгерімі (204 410) (170 466) (17%)
Таза қарыз (115 102) (32 022) (72%)
Түзетілген EBITDA көрсеткіші46 350 294 630 898 80%
Таза қарыз/түзетілген EBITDA көрсеткіш (коэффициент) (0,33) (0,05) (85%)

2023 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

2023 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

Көрсеткіш 2022 ж. дерек 2023 ж. болжам
460,85 KZT/1USD 470 KZT/1USD
Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіру көлемі (100% негізде), тонна47,48 21 227 20 500 – 21 500
Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіру көлемі (қатысу үлесіне тепе-тең), тонна49 11 373 10 600 – 11 200
Топтың сату көлемі, тонна50 (біріктірілген) 16 358 15 400 – 15 900
оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна51 13 572 12 100 – 12 600
Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілік негізінде)52, млрд теңге 1 001 1 080 – 1 090
оның ішінде U3O8-ді сатудан түскен түсім (Топ бойынша), млрд теңге 851 820 – 840
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл./фунт53 $10,25 $12,00 – $13,50
Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл./фунт54 $16,19 $20,00 – $21,50
Күрделі шығындар (100% негізде), млрд теңге55 146 240 – 250

Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша болжамдары 2023 жылы 2018-2023 жылдар кезеңінде жоспарланған өндіріс көлемін 20%-ға қысқарту ниетімен (жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар аясында белгіленген өндіру деңгейімен салыстырғанда) нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес бұрынғысынша сақталады.

2023 жылы өндіріс көлемі 20 500-ден 21 500 тоннаға дейін уранды және 100% негізде және тиісінше меншік үлесіне пропорционалды түрде 10 600-ден 11 200 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтілуде.

2022 жылғы дерекпен салыстырғанда 2023 жылға арналған болжамды өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуі ұңғымаларды 2022 жылы пайдалануға беру кестесіне ықпал еткен белгілі бір негізгі материалдарға, соның ішінде күкірт қышқылы мен жабдыққа қолжетімділігінің шектеулігіне және/немесе кешігуіне байланысты жалғасып келе жатқан қиындықтарға байланысты.

Сату көлемі бойынша 2023 жылға арналған болжалдар дае нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ Қазатомөнеркәсіптің 12 100 - 12 600 тонна уран диапазондағы сату көлемі бойынша болжалдарды қоса алғанда, 2023 жылы сату көлемі 15 400-ден 15 900 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтеді. Топ пен Компания бойынша 2023 жылға арналған U3O8 болжамды сату көрсеткіштерінің 2022 жылмен салыстырғанда төмендеуі өндіріс көлемінің күтілетін төмендеуіне және U3O8-ден басқа түрлерді сату көлемінің ұлғаюына, соның ішінде Компания шығаратын U3O8-ден шығарылатын отын таблеткаларын қоса алғанда.

Кіріс, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн» С1 (қатысу үлесі бойынша) және «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» AISC көрсеткіштері (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) егер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 2023 жыл ішінде айтарлықтай ауытқитын болса, жоғарыда келтірілген болжамдардан өзгеше болуы мүмкін. Ағымдағы геосаяси жағдайдағы белгісіздікті және теңгенің құнсыздануынан және инфляциялық тәуекелдерден алынатын көп бағытты ықпал айырмашылығының әлеуетті ұлғаюын көрсету үшін. «Ақшалай өзіндік құн» С1 (қатысу үлесі бойынша) және «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» AISC көрсеткіштерінің диапазондары (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) сақталған. Егер ағымдағы ауытқулар мен геосаяси белгісіздіктер 2023 жыл бойы сақталса, болжамды көрсеткіштер жаңартылады.

Қажетті шикізат пен материалдарды жеткізудегі қиындықтар, соның ішінде өндірістік материалдар мен реагенттерге инфляциялық қысым 2023 жыл бойы жалғасады, бұл Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер етеді және «Ақшалай өзіндік құн» C1 (қатысу үлесі бойынша) және Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» AISC көрсеткіштері (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда жоғары болады деген болжамдарға негіз береді. Бұдан басқа, Компанияның шығындарына 2023 жылы күшіне енген ҚР Салық кодексіндегі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салудың өзгеруі әсер етеді.

2022 жылдан бастап 70 млрд теңге көлемінде кен орындарын игеру бойынша жұмыстарды ауыстыру үшін, шикізат, материалдар, жабдық сатып алу бағасының өсуі, сондай-ақ «Буденовское» БК» ЖШС және «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төрткұдық) бойынша кеніштерді жайластыру мен ұңғымаларды салу үшін шығындардың өсуі 2022 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 2023 жылға арналған 100%-дық негізде өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары бойынша болжам айтарлықтай өсті (толығырақ «Күрделі шығындарға шолу» бөлімін қараңыз).

Компания бұрынғыша өзінің қатысу үлесіне пропорционалды шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне сәйкес келетін қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады. Компания спот нарықта уран сатып алу бойынша мәмілелер жасай алады және Компания қор деңгейін оңтайландыруға рұқсат беретін мүмкіндіктерге нарықтық жағдайларды бақылауды жалғастырады.

Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдау

Төмендегі кестеде Топтың U3O8 орташа жылдық сату бағасы белгілі бір жылдағы (жоғарғы қатарда көрсетілген) спот бағасының өзгеруіне (сол жақ бағанда көрсетілген) қалай ықпал ететіндігі көрсетілген. Қазіргі уақытта кестеде Топ бойынша U3O8 сатудың орташа бағасы уранның нарықтық спот бағасымен тығыз байланысты екендігі айқын көрінеді.

Бұл сезімталдықты талдау тек анықтамалық ақпарат ретінде қолданылуы керек. Ақиқатында, уран нарығындағы спот бағалары U3O8 сатудың орташа жылдық бағалары осы кестеде көрсетілген мәліметтерден өзгеше болуына әкелуі мүмкін.

Кесте бірнеше негізгі болжамдарға негізделген, соның ішінде өзгеруі мүмкін болашақ бизнес мүмкіндіктерін бағалау, Топтың бақылауынан тыс тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырайды.

Мәндер доллар сомасына дейін дөңгелектенеді. Бұл сезімталдықты талдау келесі негізгі болжамдарға негізделген:

Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдау

Орташа жылдық споттық баға (АҚШ долл.) 2023E 2024E 2025E 2026E 2027E
20 33 26 27 25 26
30 37 33 34 33 33
40 42 40 41 41 41
50 47 48 48 49 49
60 52 56 56 58 58
70 57 63 63 66 66