2
5
ж
ы
л

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметі барысында әлемде және Қазақстанда жолға қойылған корпоративтік басқару тәжірибесін дамытуды қызметіне енгізді.

Тәуелсіз диагностиканы тұрақты жүргізу және оның нәтижелері негізінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, оларды орындау ішкі құжаттардың сапасын, олардың Корпоративтік басқару кодексі мен әдістемесінің талаптарына сәйкестік дәрежесін жақсарта түседі, сондай-ақ корпоративтік басқару рейтингін арттырады.

Енгізілген әдістемеде рейтингтердің жаңа жүйесі қарастырылған. Рейтинг мәндерінің саны – 7: С, В, ВВ, ВВВ, А, АА, ААА, мұндағы С – ең төменгі, ал ААА – ең жоғары рейтинг.

Компанияның 2021 жылғы корпоративтік басқару рейтингі «ПрайсуатерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консультантының пікірі бойынша «А» құрады.

2009 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару рейтингісінің өсуі Компанияның ішкі нормативтік/реттеуші құжаттарына үздік тәжірибелерді енгізу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін айғақтайды.

2021 жылдың қорытындылары бойынша тәуелсіз консультанттар жүргізген диагностика нәтижелеріне сәйкес Компанияның корпоративтік басқару жүйесі барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің басым көпшілігіне сәйкес келеді, бұл ретте жүйенің тиімді жұмыс істейтіні жеткілікті расталған.

Компанияның ESG қағидаттарын енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмысын ескере отырып, корпоративтік басқару саласындағы мақсаттар үздік тәжірибелерді дамыту тұрғысында одан әрі даму үшін Компаниядағы ESG қағидаттарын дамыту және енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларына енгізілген.

Қазбек Шәймердинов
Құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор

Корпоративтік басқару жүйесі

Компанияның корпоративтік басқару жүйесі тиісті басқару мен бақылауды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді құнды өсіруге және тұрақты дамуға бағытталған. Корпоративтік басқару үш құрамдасқа – тиімділікке, жеделдікке және ашықтыққа негізделген. Компания акционерлердің және барлық мүдделі тараптардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді жалғастыруда.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару құрылымы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару саласындағы негізгі саясаты

Құжат атауы Соңғы нұсқаның күшіне ену күні
Жарғы 2021 жылғы 20 мамыр68
Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ереже 2022 жылғы 27 мамыр
Директорлар кеңесі туралы ереже 2022 жылғы 27 мамыр
Басқарма туралы ереже 2019 жылғы 26 маусым
Комитеттер туралы ережелер 2019 жылғы 30 сәуір
Корпоративтік басқару кодексі 2015 жылғы 27 мамыр
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару саясаты 2022 жылғы 22 қыркүйек

2022 жылғы негізгі жақсартулар

Корпоративтік басқару кодексі

Компанияның Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі құжаттарына және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау бағдарламасына сәйкес әзірленді. Кодекс Қазақстанда және әлемде қабылданған корпоративтік басқару практикасын ескереді, Компанияда корпоративтік басқару жүйесі негізделетін қағидаттарды бекітеді.

Қазатомөнеркәсіп корпоративтік басқару жүйесінің аса ірі қор биржалары листингінің негізгі қағидаларына және әлемдік экономикалық қоғамдастық таныған негізгі қағидаларға, корпоративтік басқару қағидаттарына (мысалы, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының корпоративтік басқару қағидаттарына) сәйкестігін айқындай алады.

Корпоративтік басқару кодексін сақтау

Корпоративтік хатшы қызметі Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компанияда 2022 жылға арналған Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуына талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес69, Компанияда Кодекс ережелерінің 89,5% сақталады, Кодекс ережелерінің тағы 0,4% ішінара сақталады. Кодекс ережелерінің 10,1% Компанияға қолданылмайды.

Корпоративтік басқару кодексін сақтау

Кодекс тарауы Сақталады Ішінара сақталады Сақталмайды Қолданылмайды
Акционерлердің құқықтары және акционерлерге әділ көзқарас 91 - - 9
Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі 91 - - 9
Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит 97 - - 3
Ашықтық 97 - - 3
AIX корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау

AIX биржасы акцияларында баға белгіленетін компаниялар үшін корпоративтік басқарудың жалпы қағидаттарын белгіледі. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексі көп жағдайда осындай қағидаттарға сәйкес келеді. Бұдан басқа Компанияның Корпоративтік басқару кодексінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мақсаттары мен болжамдарының сақталуын қамтамасыз ететін белгілі бір ережелер бар. Топтың негізгі қызметі шегінен шығатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты кез келген бастамалары тәуелсіз директор басқаратын Директорлар кеңесінің қарауына және тексеруіне жатады.

KASE корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау

KASE биржасы 2013 жылы акциялары мен облигациялары KASE листингінде тұрған акционерлік қоғамдарға осы құралды пайдалануға және Компанияның корпоративтік басқару деңгейін бағалауға мүмкіндік бере отырып, Халықаралық Қаржы Корпорациясының (IFC) корпоративтік басқарудың бағалау картасын бейімдеді. Алты санат бойынша бағалау жүргізілген кезде, Компания көпшілік жағдайда бағалау картасымен белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді.

Компанияның корпоративтік басқару Кодексі мен Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексінің ережелері арасындағы айырмашылықтар70
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару кодексі
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, егер акционерлердің 20 және одан да көп пайызы Директорлар кеңесінің қабылданған шешімге берген ұсыныстарына «қарсы» болса, онда мұндай дауыс берудің нәтижелері жарияланған кезде Компания акционерлердің осындай дауыс берудің себептерін түсіну мақсатында қандай іс-әрекеттер жасауға ниет білдіретіні туралы түсінік беруге тиіс. Акционерлердің пікірлері туралы, сондай-ақ тиісті қабылданған шаралар туралы жаңартылған ақпарат акционерлер жиналысы отырысынан кейін 6 айдан кешіктірілмей жариялануға тиіс. Директорлар кеңесі Компанияның жылдық есебінде, акционерлер жиналысының ұсынылатын шешімдеріне (егер қолданылатын болса) пікірлердің шешімдерге қандай әсер еткені туралы түсіндірме жазбаларда жалпы қорытындыларды көрсетуге тиіс. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексі Директорлар кеңесі төрағасының Директорлар кеңесі мүшелері, ірі акционерлер және Компанияның атқарушы органы арасында сындарлы сұхбат құру жөніндегі міндетін көздейді. Сонымен бірге Компания акционерлерінің жалпы жиналысының төрағасы акционерлердің сұрақтарға тікелей жауап алуына тырысуы керек. Егер сұрақтардың күрделілігі оларға дереу жауап беруге мүмкіндік бермесе, тұлға (тұлғалар) қойылған сұрақтарға жазбаша жауаптарды акционерлердің Жалпы жиналысы аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде ұсынады (ұсынады). Компанияның ірі акционерлері даму стратегиясы, атқарушы органның бірінші басшысын сайлау мәселелерін және Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуына әсер ететін басқа да аспектілерді талқылау үшін Директорлар кеңесінің төрағасымен және мүшелерімен қосымша отырыстар өткізе алады. Мұндай отырыстар алдын ала жоспарланады және бекітілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексінде атқарушы емес директорлар компанияның атқарушы органының өкілеттіктерін тағайындауда және тоқтатуда басты рөл атқаруы тиіс деп көзделген. Атқарушы емес директорлар менеджменттің және жекелеген атқарушы директорлардың жұмысын келісілген жұмыс мақсаттарымен салыстырғанда мұқият талдап, бақылауы керек. Төраға атқарушы директорлардың қатысуынсыз атқарушы емес директорлардың кездесулерін өткізуге тиіс. Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару кодексі Компанияның бірінші басшысы лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Президент Әкімшілігімен (Компания Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген тиісті тізімге енгізілген жағдайда), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасымен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетімен келісу қажеттілігін көздейді.
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі компанияның Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті мен тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті қызметінің негізгі аспектілерін сипаттауды көздейді, сондай-ақ компанияның жылдық есебіне осы комитеттердің негізгі қызметінің сипаттамасын және оның аспектілерін енгізу қажеттілігі көрсетілген. Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару кодексінде мұндай қажеттілік көзделмеген.
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі компанияның Директорлар кеңесі төрағасының аудит жөніндегі комитет құрамына мүшелігінің мүмкін еместігін көздейді. Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару кодексінде мұндай шектеу жоқ.
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі жылдық және жарты жылдық қаржылық есептілікте қаржылық есептілікті жасау кезінде бухгалтерлік есептің қолданылатын тәсілдерінің қолайлылығы туралы компанияның Директорлар кеңесінің ұстанымын көрсету және Компанияның қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап 12 ай ішінде осындай жұмысты жалғастыру қабілетіне кез келген елеулі күмән анықтау қажеттілігін көздейді. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай қажеттілік көзделмеген.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексі сыйақылар жөніндегі кеңесшіні айқындау кезіндегі сыйақылар жөніндегі комитеттің жауапкершілігін көздейді. Кеңесші компаниямен немесе жеке директорлармен кез келген басқа байланыс туралы өтінішпен бірге жылдық есепте көрсетілуі керек. Сыртқы кеңесші пайымдауының тәуелсіздігі үшінші тұлғалардың сыртқы ұсынымдарын бағалау және атқарушы директорлар мен аға менеджменттің пікірін алу кезінде қабылдануға тиіс. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай қажеттілік көзделмеген.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексі компанияның атқарушы директорларының компания акцияларын ұзақ мерзімді иелену қажеттілігін қоса алғанда, ұзақ мерзімді сыйақы жүйесін көздейді. Сондай-ақ компания директорларымен жасалатын шарттардың мерзімі бөлігінде нақтылаулар бар. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай қажеттілік көзделмеген.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Компания акцияларды иелену үлесіне қарамастан миноритарлық акционерлерді қоса алғанда, барлық акционерлерге бірдей қарайды және ақпаратты жеткізуді тең тәртіппен жүзеге асырады.

Акционерлердің жалпы жиналысы – Компанияның жоғары басқару органы. 2022 жылғы 27 мамырда Компания акционерлерінің сырттай жылдық Жалпы жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

2022 жылғы 4 қазанда Компанияның директорлар кеңесінің бастамасымен Компанияның Директорлар кеңесі шақырған Компания Акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

2022 жылғы 1 қарашада Компания Акционерлерінің тағы бір сырттай кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, оны Компанияның Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционерінің бастамасымен шақырды. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» мәселе болды.

Директорлар кеңесі

GRI 2-10

Директорлар кеңесінің мүшелерін және Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау процесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңында және Қоғам Жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Үміткерлерді іздеу және сайлау объективті критерийлер бойынша және Директорлар кеңесі құрамының алуан түрлілігінің қажеттілігі ескеріле отырып жүргізіледі. Жеке тұлға ғана Директорлар кеңесінің мүшесі бола алады. Директорлар кеңесінің мүшелері:

Директорлар кеңесінің құрамына Директорлар кеңесінің өз функцияларын орындауы және ұйымның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуының өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар, сондай-ақ мінсіз іскерлік және жеке беделі бар адамдар кіруге тиіс.

Директорлар кеңесінің құрамына үміткерлерді іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасынан басқа Компания Басқармасының мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Директорлар кеңесінің құрамына қатысуына жол берілмейді.

GRI 2-17
Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту және дамыту

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар Кеңесінің сыртқы сарапшыларды тартуы жөніндегі саясатқа сәйкес Директорлар кеңесі тұтастай ДК мүшелерінің немесе оның жекелеген мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы шешімде келесі негізде қабылдайды:

Сондай-ақ ДК мүшелерін оқыту Компанияның корпоративтік басқаруының жалпы диагностикасы барысында алынған ұсынымдар негізінде қалыптастырылады.

2022 жылы «ESG сәйкестігін өлшеудің тиімді құралы. Трендтерді талдау және салыстырмалы талдау» тақырыбына International Compliance Association ұйымдастырған оқыту өткізілді. Оқыту бағдарламасы ESG тәуекелдерін талдауды, комплаенс функциясына таралатын ESG салдарын, тұрақты дамудың үздік әлемдік тәжірибелеріне шолуды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қорғау және корпоративтік басқару бағдарламаларын тиімді талдау үшін көрсеткіштерді, негізгі тиімділік көрсеткіштерін және статистикалық тенденцияларды анықтау процестерін қамтыды.

Директорлар кеңесінің құрамы

GRI 2-9

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамына үш тәуелсіз директорды қоса алғанда71, жеті директор кіреді. Директорлар кеңесінің төрағасы – тәуелсіз директор72, бұл миноритарлық акционерлердің құқықтарын сақтаудың кепілі болып табылады.

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі:

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы біліктілігі, тәжірибесі, білімі мен іскерлік қасиеттері бойынша теңдестірілген. Директорлар кеңесінің мүшелері атом өнеркәсібі, қаржы және инвестициялар, корпоративтік басқару саласында, сондай-ақ Компанияны басқару үшін маңызды өзге де салаларда білім мен дағдыға ие.

GRI 405-1

Директорлар кеңесі мүшелерінің ірі халықаралық компаниялардың басқару органдарының ТОП-менеджерлері, серіктестері мен мүшелері рөлінде ауқымды жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықта мінсіз беделі бар. Тәуелсіз директорлардың құрамы мен үлесінің әртүрлілігіне ерекше назар аударылады. Директорлар кеңесінің құрамына ерлер де, әйелдер де, сондай-ақ гендерлік және әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті қамтамасыз ететін әртүрлі мемлекеттердің азаматтары кіреді.

Директорлар кеңесі мүшелерінің жас шамасы, %

30-50 жас 57
50 және одан көп 43

Директорлар кеңесінің гендерлік құрамы, %

Ерлер 86
Әйелдер 14

Директорлар кеңесі мүшелерінің Компания, сондай-ақ үлестес компаниялары акциялары (Компаниядағы қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.

Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне жыл сайынғы белгіленген сыйақы беріледі – Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің 2022 жылы сыйақыдан бас тартуы туралы бас тарту деректері немесе уағдаластықтары түскен жоқ.

GRI 2-9, GRI 2-11
Директорлар кеңесінің құрамы
НИЛ ЛОНГФЭЛЛОУ
Директорлар кеңесінің төрағасы
(тәуелсіз, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Аудит жөніндегі комитет.
  • Өндірістік қауіпсіздік комитеті.
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитеті.
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет.
Сайланған күні

201773

Туған жылы

1958

Азаматтығы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

Білімі

Инженер-электрик, Ядролық институттың және Өлшеу және бақылау институтының мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі

2015 жылдан бастап – халықаралық ядролық секторда тәуелсіз кеңесші.

2013 ж. – Ұлыбританиядағы Costain PLC ядролық, мұнай және газ секторларына арналған ірі жобалардың директоры.

2009 ж. – Springfields Fuels Limited басқарушы директоры және Westinghouse Electric Company Еуропалық отын бизнесінің вице-президенті.

2007 ж. – British Nuclear Fuels Limited заводының басқарушы директорының орынбасары.

1991 ж. – Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отын өңдеу зауытында (British Nuclear Fuels Limited) қайта өңдеу басшысы.

Өз еңбек жолын Ұлыбританияда электротехника саласында бастаған.

РАССЕЛЛ БЭНХАМ
Директорлар кеңесінің мүшесі
(аға тәуелсіз директор, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Өндірістік қауіпсіздік комитеті.
  • Аудит жөніндегі комитет.
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитеті.
Сайланған күні

201874

Туған жылы

1954

Азаматтығы

Австралия

Білімі

Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің коммерция бакалавры дәрежесі, Австралия және Жаңа Зеландия дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі, Австралия Директорлар институтының түлегі.

Жұмыс тәжірибесі

2018 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2011-2014 жылдары – Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Делойт» компаниясының «Энергетика және ресурстар» бөлімшесінің басшысы.

2007 ж. – Алматы қ. «Делойт ТМД» аудит бөлімінің басшысы және «Делойт ТМД» Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан.

2002-2007 жылдары – Аустралияның Брисбен қаласында орналасқан Ernst and Young компаниясының кеңес беру қызметі бөлімінің басшысы.

2002 ж. – Австралиялық Andersen компаниясының аудит бойынша серіктесі.

1974 ж. – Австралиялық Andersen компаниясының аудиторы.

МАРК КЭШЕР
Директорлар кеңесінің мүшесі
(тәуелсіз директор, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Аудит жөніндегі комитет.
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет.
Сайланған күні

202075

Туған жылы

1970

Азаматтығы

АҚШ

Білімі

1997 ж. – Джорджтаун университетінің бизнесәкімшілендіру магистрі дәрежесі.

1992 ж. – Тафтс университетінің кеңестік зерттеулер бакалавры дәрежесі.

Жұмыс тәжірибесі

2022 ж. – Noventiq компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі және Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы.

2018-2021 жылдары – «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-да тәуелсіз директор.

2013-2019 жылдары – Luxoft компаниясының тәуелсіз директоры, үш комитеттің төрағасы: аудит, M&A және өтемақы.

2013 ж. – Sapiens Advisors негізін қалаушы.

2010-2015 жылдары – Pinebridge Investments Russia Басқарма төрағасы.

1997 ж. – AIG Capital Partners тікелей инвестициялар саласындағы кіші қызметкер (кейіннен PineBridge Investments деп аталды).

БЕРДІҒҰЛОВ ЕРНАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ
Директорлар кеңесінің мүшесі
(атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Өндірістік қауіпсіздік (HSE) комитеті.
Сайланған күні

202276

Туған жылы

1987

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2010 ж. – Торонто университетінің «Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.

2018 ж. – Уорвик университетінің (UniversityofWarwick) бизнес-әкімшілендіру мамандығы бойынша магистр дәрежесі.

Жұмыс тәжірибесі

2022 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2021-2022 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директоры.

2019-2021 жылдары – жобалар жетекшісі, Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясы.

2018-2019 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы.

2013-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша), «Талдамалық қолдау» департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры.

2011-2012 жылдары – жоба менеджері, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушылық есептілік жүйесін (БЕЖ) енгізу жөніндегі жобалық кеңсесі.

2010-2011 жылдары – «Семізбай-U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) бизнес-әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.

ЖАНАДІЛ ЕРНАР БЕЙСЕНҰЛЫ
Директорлар кеңесінің мүшесі
(атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитетінің мүшесі.
Сайланған күні

202177

Туған жылы

1984

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2009 ж. – Манчестер университетінің магистр дәрежесі.

2006 ж. – Алматы қ. ҚМЭБИ бухгалтерлік есеп және қаржы факультетінің бакалавр дәрежесі.

Жұмыс тәжірибесі

2022 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры.

2018-2021 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директоры.

2017 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2016 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық бақылаушысы.

2010-2016 жылдары – Ішкі аудит қызметінің басшысы.

2006 ж. – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС аға кеңесшісі.

НҰРБАЕВА НАЗИРА НҰРТІЛЕУҚЫЗЫ
Директорлар кеңесінің мүшесі
(атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет.
Сайланған күні

202178

Туған жылы

1975

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2000 ж. – Алматы қ. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтады.

1997 ж. – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС Қазақстандағы филиалының салық бөлімінде ассистент.

1996 ж. – Wisconsin Richland университетін «Бизнес әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірді.

1994-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыды.

Жұмыс тәжірибесі

2021 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2020 ж. – «Делойт TFC» ЖШС серіктесі, салық және заң қызметтері бөлімі.

2017 ж. – Алматы қ. ҚМЭБИ басқарушы кадрлар үшін MBA курсынан өтті.

2014 ж. – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС салық және заң қызметтері бөлімінің директоры.

2004-2014 жылдары – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС салық және заң қызметтері бөлімінің аға менеджері.

2003 ж. – «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» ЖШҚ салық бойынша аға кеңесшісі.

1998-2003 жылдары – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС филиалында салық және заң қызметтері бөлімі.

МҰҚАНОВ ЕРЖАН ЖАНӘБІЛҰЛЫ
Директорлар кеңесінің мүшесі (атқарушы),
Басқарма төрағасы
Комитеттерге қатысуы
  • -
Сайланған күні

202279

Туған жылы

1977

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

1999 ж. – Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, мамандығы «Түсті металдар металлургиясы».

2003 ж. – «Металлургия және кен байыту институты» РМҚК жанындағы аспирантура, мамандығы «Қара, түсті металлургия және сирек металдар».

2009 ж. – Париж тау-кен мектебі (IEcоle Nationale Superieure des Mines de Paris), мамандығы «Тау-кен жобаларын экономикалық бағалау».

2021 ж. – Алматы Менеджмент Университеті және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің «Executive MBA – Стратегиялық басқару және көшбасшылық» бағдарламасы.

Қазіргі уақытта – НИТУ МИСИС, Doctor in Business Administration бағдарламасы.

Жұмыс тәжірибесі

2022 ж. қыркүйек – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы.

2022 ж. наурыз – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры.

2014-2022 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «КАТКО» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Семізбай- U» ЖШС еншілес және тәуелді ұйымдарында басшылық қызметтерді атқарды.

2012-2014 жылдары – AREVAMines компаниясының өндірісті дамыту жөніндегі үйлестірушісі.

2006-2012 жылдары – «КАТКО» БК» ЖШС инженер-технологі, химия-технология басқармасының бастығы.

2004-2006 жылдары – «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ инспектор-технологы.

1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтының байыту және гидрометаллургияның арнайы әдістері зертханасының инженері.

2022 жылы директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

2022 жылғы 27 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Ақшолақов Болат Оралұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды және Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлын қосу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 2022 жылғы 01 қарашадағы шешімімен Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшесі Шәріпов Мәжит Бейсембайұлының (2022 жылғы 4 шілдеден бастап) өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, ал Мұқанов Ержан Жанәбілұлы Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақыдан немесе болашақ сыйақылардан бас тартуы туралы бас тарту деректері немесе қандай да бір уағдаластықтар тіркелмеген.

Директорлар кеңесінің қызметі

2022 жылы Директорлар кеңесі 14 отырыс (14 күндізгі) өткізді, онда 239 мәселе қаралды.

2022 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға қатысуы орта есеппен 94,4% құрады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға қатысуы

Аты-жөні
17.02.2022
15.03.2022
11.04.2022
27.05.2022
21.06.2022
30.06.2022
18.08.2022
22.09.2022
14.09.2022
06.10.2022
27.10.2022
10.11.2022
24.11.2022
15.12.2022
%
Лонгфэллоу Н. + + + + + + + + + + + + + + 100
Бэнхам Р. + + + + + + + + + + + + + + 100
Кэшер М. + + + + + + + + + + + + + + 100
А.Т. Мамұтова + + - - - - - - - - - - - - 100
Е.К. Бердіғұлов - - - + + + + + + + + + + + 100
Е.Б. Жанаділ + + + + + + + + + - + - - - 71
Н.Н. Нұрбаева + + + + + + + - + - - + + + 79
М.Б. Шәріпов + + + + + - - - - - - - - - 100
Е.Ж. Мұқанов - - - - - - - - - - - + + + 100
GRI 2-14

2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінде қаралған аса маңызды мәселелер

Есептер
  • Басқарманың тоқсан сайынғы есебі (CEO есебі).
  • Қызметтің қаржылық нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есеп (CFO есебі).
  • Тоқсан сайынғы қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
  • Жартыжылдық қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
  • 2021 жылға жылдық қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
Стратегиялық мәселелер
  • Компанияның даму стратегиясын және оның стратегиялық бастамаларын іске асыру мәртебесін қарастыру.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ менеджмент пулының сабақтастық жоспарын бекіту.
  • Біріктірілген жылдық есепті бекіту.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023-2027 жылдарға арналған шоғырландырылған бизнес-жоспарын бекіту.
  • Басқарма төрағасы мен мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орталық аппаратының ұйымдық құрылымын бекіту.
Корпоративтік басқару мәселелері
  • Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
  • Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу.
  • Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және оның орындалуы туралы есептерді қарау.
Мәмілелер жасасу мәселелері
  • Жасауға мүдделілік бар мәмілелер жасасу.
  • Бұрын жасалған мәмілелермен өзара байланысты мәмілелер жасасу.
  • Нәтижесінде құны активтер құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан астамын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын мәмілелерді немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу.
Еншілес және тәуелді ұйымдардың мәселелері
  • Кадрлық мәселелер.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту.
  • Ірі мәмілелер жасау.
  • Жарғылық капиталды ұлғайту.
  • Бақылау кеңестерінің/Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
  • ЕТҰ жылдық қаржылық есептілігін бекіту, ЕТҰ таза табысын бөлу.
Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі құжаттарын бекіту және тіркеу.
Өзге де мәселелер
  • Капитал нарықтарына шолу.
  • Инвестициялық қоғамдастықпен және стейкхолдерлермен байланыс және өзара іс-қимыл жоспарын қарастыру.
Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері
  • Комплаенс қызметінің, Омбудсменнің, Ішкі аудит қызметінің есептері.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту.

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау

GRI 2-18

Директорлар кеңесінің қызметі үш жылда бір рет сыртқы тәуелсіз бағалауға жатады. 2023 жылы Ұлыбританияның Қаржылық есептілік кеңесі (Financial Reporting Council) Директорлар кеңесінің тиімділігі жөніндегі нұсқаулықта (Guidance on Board Effectiveness) тұжырымдаған критерийлер мен тәсілдер бойынша Директорлар кеңесінің 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі қызметінің тиімділігін бағалау үшін халықаралық аудиторлық және консалтингтік компаниялар қатарынан сыртқы тәуелсіз кеңесші тартылды.

Директорлар кеңесінің қолданыстағы негізгі параметрлер бойынша тиімділік деңгейі 79% құрады. Тиімділіктің ең жоғары көрсеткіштері келесі салаларда атап өтілді:

Елеулі жетілдіруді талап ететін тиімділік көрсеткіштері мынадай салаларда атап өтілді:

Тәуелсіз кеңесші келесі негізгі міндеттерді көздейтін Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады:

Акционерлер мен Директорлар кеңесінің мүшелері тарапынан іс-шаралар жоспарында көрсетілген міндеттердің уақытылы және тиісінше орындалуынажасалатын мониторинг Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін одан әрі арттырудың кепілі болып табылады.

2023 жылға арналған жоспарлар

ДК жаңа құрамын сайлау
ДК арналған материалдардың сапасы

Директорлар кеңесінің комитеттері

GRI 2-9, GRI 2-12

Компанияда Директорлар кеңесінің төрт комитеті құрылды:

Комитеттер80 Директорлар кеңесі берген өкілеттіктерге және Комитеттер туралы тиісті ережелерге сәйкес Директорлар кеңесіне есеп береді. Комитет мүшелері ДК шешімімен Акционерлік қоғамдар туралы Заңға, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және Қазатомөнеркәсіптің Жарғысына сәйкес сайланады.

Директорлар кеңесі комитеттерінің 2022 жылғы қызметінің нәтижелері

Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитет есебі

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

Аты-жөні Отырыстарға қатысу, % Отырыстарда болмау себептері
Нил Лонгфэллоу, төраға 100
Расселл Бэнхам 100
Ернат Бердіғұлов 0 Комитет құрамына 2022 жылғы 27 мамырда енгізілді
Әсем Мамұтова 100 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Комитет құрамынан шығарылды
6
2022 жылы 6 күндізгі отырыс өткізілді
28
мәселе қаралды
Комитеттің 2022 жылы қаралған мәселелері:
Аудит жөніндегі комитеттің есебі

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

Аты-жөні Отырыстарға қатысу, % Отырыстарда болмау себептері
Расселл Бэнхам, төраға 100
Нил Лонгфэллоу 100 Комитет құрамына 2022 жылғы 27 мамырда енгізілді
Марк Кэшер 100
Әсем Мамұтова 100 2022 жылдың 1 сәуірінде ДК құрамынан шықты
1
сырттай және
12
күндізгі
2022 жылы отырыс өткізілді.
104
мәселе қаралды.
Комитеттің 2022 жылы қаралған мәселелері:

Есептілік мәселелері:

Тәуекелдерді басқару мәселелері:

Корпоративтік басқару мәселелері:

Өзге мәселелер:

Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитетінің есебі

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

Аты-жөні Отырыстарға қатысу, % Отырыстарда болмау себептері
Нил Лонгфэллоу, төраға 100
Расселл Бэнхам 100
Ернар Жанаділ 25 Жеке себептер бойынша
8
2022 жылы 8 күндізгі отырыс өткізілді.
36
мәселе қаралды.
Комитеттің 2022 жылы қаралған мәселелері:

2022 жылы Комитет тоқсан сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есептерін және 2021 жылғы 6 қазандағы Стратегиялық сессияның нәтижелері бойынша іріктелген стратегиялық бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу мәртебесі туралы есептерін қарады.

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің есебі

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

Аты-жөні Отырыстарға қатысу, % Отырыстарда болмау себептері
Марк Кэшер, төраға 100
Нил Лонгфэллоу 100
Назира Нұрбаева 57 Комитет құрамына 2022 жылғы 27 мамырда енгізілді
Әсем Мамұтова 100 2022 жылдың 1 сәуірінде ДК құрамынан шықты
Болат Ақшолақов - 2022 жылғы 11 қаңтарда ДК құрамынан шықты
11
2022 жылы 11 күндізгі отырыс өткізілді.
69
мәселе қаралды.
Комитеттің 2022 жылы қаралған мәселелері:

Кадрлық мәселелер:

Сыйлықақы беру мәселелері:

Басқарма

Басқарма – өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асыратын Қазатомөнеркәсіптің атқарушы органы. Бұл құжаттар Басқарманың рөлі мен есептілігі, Басқарма мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

Басқарма құрамындағы өзгерістер

Есепті кезеңде Басқарма құрамында өзгерістер болды.

Компанияның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен (№11/21 хаттама) Басқарма 8 адамнан тұратын келесі құрамда айқындалды:

Аты-жөні Лауазымы Топқа қосылу жылы
Мәжит Шәріпов Басқарма төрағасы 2015
Аслан Бөлекбай Өндіріс жөніндегі бас директор 2021
Досболат Сарымсақов ЯОЦ жөніндегі бас директор 2011
Камила Сыздықова Экономика және қаржы жөніндегі бас директор 2009
Асқар Батырбаев Коммерция жөніндегі бас директор 2006
Ерлан Түлеуғожин Стратегия және даму жөніндегі бас директор 2018
Әлібек Алдоңғаров HR және трансформация жөніндегі бас директор 2017
Марат Елемесов Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор 2018

2022 жылғы 1 маусымнан бастап Компанияның Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (27.05.2022 жылғы №4/22 хаттама) Өндіріс жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қайта сайланды:

Аты-жөні Лауазымы Топқа қосылу жылы
Ержан Мұқанов Өндіріс жөніндегі бас директор 2006

2022 жылғы 4 шілдеден бастап Компанияның Директорлар кеңесінің шешіміне (30.06.2022 жылғы №6/22 хаттама) сәйкес Компанияның Басқарма төрағасының міндеттерін орындау келесі басшы қызметкерге жүктелді:

Аты-жөні Лауазымы Топқа қосылу жылы
Ержан Мұқанов Өндіріс жөніндегі бас директор 2006

Компанияның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 18 тамыздағы шешімімен (№7/22 хаттама) Басқарма 7 адамнан тұратын келесі құрамда айқындалды:

Аты-жөні Лауазымы Топқа қосылу жылы
Ержан Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Өндіріс жөніндегі бас директор81 2006
Досболат Сарымсақов ЯОЦ жөніндегі бас директор 2011
Камила Сыздықова Экономика және қаржы жөніндегі бас директор 2009
Асқар Батырбаев Коммерция жөніндегі бас директор 2006
Әлібек Алдоңғаров HR және трансформация жөніндегі бас директор 2017
Марат Елемесов Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор 2018

Компанияның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен (№9/22 хаттама) Басқарма төрағасы болып сайланды:

Аты-жөні Лауазымы Топқа қосылу жылы
Ержан Мұқанов Басқарма төрағасы 2006

Басқарма құрамы

(2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

ЕРЖАН МҰҚАНОВ
Басқарма төрағасы
Туған жылы

1977

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, Металлургия және кен байыту институты «Қара, түсті металлургия және сирек металдар» мамандығы бойынша, Париж тау-кен мектебі (IEcоle Nationale Superieure des Mines de Paris) «Тау-кен жобаларын экономикалық бағалау» мамандығы бойынша, Алматы Менеджмент Университеті мен Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің «Executive MBA – Стратегиялық басқару және көшбасшылық» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады. Қазіргі уақытта НИТУ МИСИС-те Doctor in Business Administration бағдарламасы бойынша білім алуда. Бағалы металдар гидрометаллургиясы саласындағы ғылыми жарияланымдары мен патенттері бар.

Жұмыс тәжірибесі

09.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы.

03.2022 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры.

Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «КАТКО» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС еншілес және тәуелді ұйымдарында басшылық қызметтерді атқарды.

2012-2014 жылдары – AREVA Mines компаниясының өндірісті дамыту жөніндегі үйлестірушісі.

06.2006 ж. – «КАТКО» БК» ЖШС инженер-технологі.

2004-2006 жылдары – «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ инженер-технологы.

1999 ж. – ҚР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтының байыту және гидрометаллургияның арнайы әдістері зертханасының инженері.

ДОСБОЛАТ САРЫМСАҚОВ
ЯОЦ жөніндегі бас директор
Туған жылы

1971

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Физика» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – ЯОЦ жөніндегі бас директор.

2017-2021 жылдары – ЯОЦ жобалар департаментінің директоры.

2011-2017 жылдары – ЯОЦ жобалар департаментінің менеджері.

2008-2011 жылдары – «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры.

1996-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында инженер, «Таратпау институты» қауымдастығында менеджер (кейін «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығы).

05.1995-12.1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жетекші маманы.

КАМИЛА СЫЗДЫҚОВА
Экономика және қаржы жөніндегі бас директор
Туған жылы

1981

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

ҚМЭБИ университетінің іскерлік әкімшілендіру саласындағы бакалавриат, Назарбаев Университетіндегі Executive MBA бағдарламасы.

Жұмыс тәжірибесі

2020 – қазіргі уақытқа дейін – Экономика және қаржы жөніндегі бас директор.

2018-2020 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2018 жылдары – «Cameco» ЖШС және UrAsia Energy Holding Ltd (UraniumOne уран холдингінің еншілес кәсіпорны) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ серіктес компанияларында жұмыс істеді.

Әр жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қызылқұм» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) басшылық лауазымдарда болды. Еңбек жолын 2002 жылы «Rice Group Central Asia» ЖШС бизнесті бағалау бойынша кеңесші болып бастады.

АСҚАР БАТЫРБАЕВ
Коммерция жөніндегі бас директор
Туған жылы

1983

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Физика» мамандығы бойынша. Физика магистрі дәрежесі бар. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде Executive MBA бағдарламасы бойынша оқиды.

Жұмыс тәжірибесі

04.2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Коммерция жөніндегі бас директоры.

01.2021 ж. - Маркетинг жөніндегі бас директор.

2019-2021 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Маркетинг және сату жөніндегі басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2006-2017 жылдары – «Аппақ» ЖШС және «Инкай» БК» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары) маркетинг, сату және логистика саласында жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтында зертханашы болып жұмыс істеді.

ӘЛІБЕК АЛДОҢҒАРОВ
HR және трансформация жөніндегі бас директор
Туған жылы

1983

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

Қазақ-Америка Университеті жанындағы Алматы байланыс колледжі «Есептеу техникасы, байланыс желілері және коммутация жүйелері» мамандығы бойынша, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша.

Жұмыс тәжірибесі

09.2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – HR және трансформация жөніндегі бас директор.

05.2021 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформациялау жөніндегі бас директоры.

Тағайындалғанға дейін «KAP Technology» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

Атом саласында «Байланыс-ҰАК» ЖШС және «KAP Technology» ЖШС басшылық лауазымдарында жеті жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

«Искрател» ЖШҚ өкілдігінде телекоммуникациялық жүйелерді жобалау саласында, сондай-ақ «ҚҰБ Банктік сервистік бюросы» АҚ Техникалық қолдау департаментінің директоры және Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында ақпараттық жүйелерді қолдау және дамыту саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

2004 ж. – «Қазақтелеком» АҚ кәсіпорындарының құрылымында желілік құрылыстардың электромонтері болып еңбек жолын бастады.

МАРАТ ЕЛЕМЕСОВ
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор
Туған жылы

1985

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Нью-Йорк мемлекеттік университеті Мемлекеттік саясат және басқару факультеті.

Жұмыс тәжірибесі

2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

2019 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.

2018 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Құқықтық мәселелер департаментінің директоры.

2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, Төрелік басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде, Орал қаласында жұмыс істеді.

2009 ж. – «Бритиш Американ Тобакко» ЖШС үкіметпен байланыс жөніндегі маман лауазымында еңбек жолын бастады.

GRI 405-1

Басқарманың жас шамасы, %

30-50 жас 83
50 және одан көп 17

Басқарманың гендерлік құрамы, %

Ерлер 83
Әйелдер 17
GRI 202-2

Жергілікті қоғамдастық өкілдері қатарынан жалданған жоғары дәрежелі басшылардың үлесі82 2022 жылы 100% құрады.

Басқарма қызметі туралы есеп

1
сырттай және
48
күндізгі
2022 жылы Басқарманың отырысы өткізілді.
747
мәселе қаралды.
Басқарма қарастырған негізгі мәселелер
GRI 2-15

2022 жылы Басқарма мүшелерінің мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Басқарма мүшелерінің отырыстарға қатысуы

Басқарма мүшелері Отырыстарға қатысу Есепті кезеңде Басқарма құрамында болу кезеңі
Е.Ж. Мұқанов 31 2022 жылғы 1 маусым – 31 желтоқсан
М.Б. Шәріпов 24 2022 жылғы 1 қаңтар – 4 шілде
А.Б. Бөлекбай 4 2022 жылғы 1 қаңтар – 5 наурыз
Д.А. Сарымсақов 45 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
К.Б. Сыздықова 32 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
Е.К. Түлеуғожин 18 2022 жылғы 1 қаңтар – 18 тамыз
Ә.М. Алдоңгаров 47 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
А.А. Батырбаев 42 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
М.М. Елемесов* 0 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан

Сыйақы

GRI 2-19, GRI 2-20

Компанияның Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерін акционерлердің Жалпы жиналысы айқындайды, ал Басқарма төрағасы мен мүшелерінің сыйақы мөлшерін Директорлар кеңесі айқындайды, кеңесшілер осы процеске қатыспайды.

2017 жылғы 28 маусымда Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен Компания басшылығына еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау қағидалары бекітілді, онда Компания Басқармасының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеудің тиісті тәртібі мен шарттары сипатталады. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы берудің бекітілген және осы күнге дейін қолданыстағы жүйесі 2017 жылы Компанияның Жалғыз акционері болып табылатын «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен шарттары еңбек шартында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары» аясында Компанияның Директорлар кеңесінің шешімі негізінде айқындалады. Компания Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшерін Директорлар кеңесі лауазымдық ақылар сұлбасына сәйкес айқындайды.

Компания Басқарма төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу еңбекке ақы төлеудің мерзімдік-сыйлықақы төлеу жүйесі негізінде жүргізіледі және лауазымдық жалақы түріндегі белгіленген бөліктен және бір жылдағы қызмет нәтижелері бойынша сыйақы түріндегі ауыспалы бөліктен тұрады. Жыл ішіндегі қызмет нәтижелері бойынша сыйақы тиісті кезеңге Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі бекітетін стратегиялық ҚНК-ны каскадтау жолымен әзірленетін корпоративтік және функционалдық ҚНК-ны орындау дәрежесіне (%) байланысты болады. Компанияның Басқарма төрағасы жылындағы қызмет нәтижелері бойынша сыйақы мөлшері 100% корпоративтік ҚНК орындалуына, Басқарма мүшелеріне 70% корпоративтік ҚНК орындалуына және 30% функционалдық ҚНК (жеке) орындалуына байланысты болады.

Есепті жылға арналған корпоративтік ҚНК картасын Директорлар кеңесі жыл сайын бекітеді және қаржылық көрсеткіштерді, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін, өндірістік және басқа да көрсеткіштерді, оның ішінде Компания қатысатын өңірлердегі әлеуметтік қолдауға байланысты көрсеткіштерді қамтиды, сондай-ақ жақсы теңдестірілген болып табылады және Қазатомөнеркәсіптің барлық стратегиялық мақсаттарын ескереді.

Компания қызметінің корпоративтік негізгі көрсеткіштерінің тізбесі

2022 жыл
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобы бойынша қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған, мынадай кіші міндеттерден тұрады: парниктік газдар шығарындыларының көлемі, персоналдың орташа сәулелену дозасы, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (LTIFR).
Тартылған капиталдың рентабельділігі Көрсеткіш салынған капиталға бағытталған инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында тартылған капиталдың рентабельділігін көрсетеді.
Акционерлердің кірістілігі Көрсеткіш акционерлер салған инвестициялардың рентабельділігін көрсету үшін пайдаланылады және акционерлердің табысын арттыруға бағытталған және мынадай кіші міндеттерден тұрады: акционердің жалпы табысы – TSR, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жыл соңындағы ЖДҚ бағасы.
Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі Көрсеткіш отандық өндірушіні қолдауға және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының сатып алынатын тауарларындағы, жұмыстары мен қызметтеріндегі жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау үшін кеңейтілген Жол картасын іске асыру дәрежесі Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға бекітілген міндеттер шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ны жаңғырту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асырудың тиімділігіне бағытталған.
2023 жыл
УШТ-ның меншікті өндірістік өзіндік құны Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және өндіруші кәсіпорындардың бір килограмм табиғи уранның шала тотығы-тотығын (УШТ) шығаруға өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталған.
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру Көрсеткіш өндірістік қауіпсіздіктің жалпы деңгейі мен мәдениетін арттыруға бағытталған, мынадай кіші міндеттерден тұрады: еңбекке жарамсыздығы бар жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (LTIFR), жүргізілген мінез-құлық қауіпсіздік аудиттерінің (МҚА) саны.
Акционерлердің кірістілігі Көрсеткіш акционерлер салған инвестициялардың кірістілігін көрсету үшін қолданылады және акционерлердің кірісін арттыруға бағытталған. Келесі қосалқы міндеттерден тұрады: акционердің жалпы табысы – TSR, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жыл соңындағы ЖДҚ бағасы.
Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі Көрсеткіш отандық өндірушіні қолдауға және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының сатып алынатын тауарларындағы, жұмыстары мен қызметтеріндегі жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған.
ESG рейтингі Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қоршаған ортаға әсер етумен, әлеуметтік факторлармен және корпоративтік басқарумен (ESG) байланысты болашақ тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару қабілеті туралы тәуелсіз болжамды пікірді көрсетеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызметін жетілдіруге бағытталған.

Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы сыйақы мөлшері, млрд теңге

Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеудің негізгі шарты есепті жыл үшін шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы болып табылады.

Компанияның Басқарма төрағасы мен мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы шеңберінде жүзеге асырылады. Қазатомөнеркәсіп міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде әрекет етеді және алынған табыстың жоғарыда көрсетілген Заңмен белгіленген пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Егер Компанияның Басқарма төрағасымен немесе мүшелерімен олардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек қатынастары бұзылған жағдайда, қызметкерге Ұжымдық шартқа сәйкес материалдық көмек төленеді.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіптің Басқарма мүшелері мен Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына жиынтығында салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлегенге дейін 982,7 теңгені құрайтын сыйақы есептелді.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Компания қолданатын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы негізгі халықаралық стандарттар мен тәжірибелер:

Компанияның қазіргі тәуекелдерді басқару жүйесі 2010 жылы құрылған және сол уақыттан бері Компанияның қызметі мен Даму стратегиясында негізгі рөл атқарады. Компания менеджменті тәуекелдерді дәл және уақтылы анықтау, бағалау, мониторингілеу және оларға ден қою басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді шешімдер қабылдауға және Компания қызметінің стратегиялық мақсаттары мен негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Жүйенің негізгі құрылымдық бөлімшесі тәуекелдерді басқару бойынша барлық жұмысты әдіснамалық сүйемелдеу және үйлестіруге жауап беретін Тәуекел-менеджмент департаменті болып табылады. Басқарма жанындағы Тәуекелдерді басқару комитеті негізгі мәселелерді қарауды, келісуді және мақұлдауды жүзеге асыра отырып, жүйеге жалпы басшылықты іске асырады. Компанияның ЕТҰ деңгейінде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруға жауапты Тәуекелдер және комплаенс бойынша офицерлер жұмыс істейді.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің құрылымы

Тәуекел-менеджмент саласындағы халықаралық стандарттар мен тәуекелдерді басқару саласындағы үздік тәжірибелерді назарға ала отырып, 2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты өзектендірілді («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 27.10.2022 шешімімен бекітілген).

ТБЖ саясатының мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға Компания үшін қолайлы тәуекел деңгейін қамтамасыз ету және тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу есебінен осындай салымдардан барынша көп табыс алу үшін ресурстарды тиімді басқаруға және басым бағыттар бойынша бөлуге мүмкіндік беретін тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ тәуекел мәдениетін дамыту, оның деңгейі стратегияны әзірлеген сәттен бастап оны іске асыруға және тиімділік мониторингіне дейін тәуекелдердің қалай анықталатынын, бағаланатынын және басқарылатынын және тәуекелдерді басқару жүйесі ішкі бақылау жүйесімен қалай тығыз байланысты екенін анықтайды.

Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесінің негізі тәуекел-мәдениет болып табылады, ол барлық негізгі бөлімшелер мен мүдделі тараптардың тартылуымен, сондай-ақ Директорлар кеңесі, Басқарма және Компания бөлімшелері арасындағы тәуекелдерді басқару процесінде тиімді ақпарат алмасумен құрылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасын үнемі арттыру мақсатында бөлімшелердің басшылары мен тәуекелдердің иелері болып табылатын басқа да қызметкерлер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылады, кәсіпорындарда тәуекелдерді басқаруға жауапты қызметкерлермен жыл сайын өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі «үш желі» моделіне негізделген.

Сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2022 жылы ЕТҰ мүлкін сақтандырудың корпоративтік бағдарламасы жалғасты, оған 11 өндіруші ЕТҰ және «KAP Logistics» ЖШС кірді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өнімін сату бойынша контрагенттің тәуекелін басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Компания Басқармасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өнімін сату бойынша келісімшарттарға қатысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ контрагенттерінің тізбесін және контрагенттеріне арналған лимиттерді бекітті83. Тәуекел-менеджмент департаменті контрагенттердің тәуекелдеріне тәуелсіз бағалау жүргізеді және Компанияның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді басқару туралы тоқсан сайынғы есеп шеңберінде хабарлайды.

Бұдан басқа Компанияда және еншілес және тәуелді ұйымдарда қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі жұмыс істейді, оның аясында тұрақты негізде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарларды тестілеу жүргізіледі.

2022 жылғы маусымда 2022 жылғы қаңтардағы дағдарыстық жағдайды, Ресей Федерациясы/Украина қақтығысын және ауқымды санкциялар енгізуді, ИСО 22301-2020 стандартын жаңартуды, Басқарма төрағасы мен Қордың тапсырмаларын орындауды ескере отырып, Қызметтің үздіксіздігі туралы қағидалар жаңартылды. Оның ішінде дағдарыстық жағдайдың қаржылық-экономикалық түрі қосылды, Резервтік кеңсенің болу мүмкіндігі ресімделді, басым қызмет ұғымы енгізілді, резервтердің түрлері регламенттелді, Жедел штаб құрамы кеңейтілді және т.б. Жыл бойы Компания қызметінің үздіксіздігі жоспарларына тестілеу жүргізіліп, Жедел штаб отырыстары өткізілді.

2023 жылға арналған жоспарлар:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдері

COSO әдіснамасына сәйкес Компанияның барлық анықталған тәуекелдері бес негізгі санатқа бөлінеді: стратегиялық, қаржылық, операциялық, инвестициялық және құқықтық тәуекелдер.

Еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) тәуекелдер тіркелімдері мен карталары жыл сайынғы негізде әзірленеді және бекітіледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдер картасы ықпал ету және ықтималдық аймақтарына бөлінген.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тәуекелдер тізілімі 27 анықталған тәуекелден тұрады, оның ішінде 4 негізгі тәуекел қызыл аймақта:

Тәуекелдерді бағалау Тәуекелдер картасындағы әрбір тәуекелдің позициясына сәйкес белгіленеді, тәуекел аймақтары тәуекел-тәбетке байланысты зиянға қарай бөлінеді.





Стратегиялық тәуекелдер (S)
S-1 Уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі
S-2 Әлеуметтік шиеленістің өсуі
S-3 Компания активтерін қайта құрылымдау жоспарын орындамау
S-4 Бедел тәуекелі
S-5 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі
Операциялық тәуекелдер (О)
О-1 Уран өнімін сату жоспарының орындалмауы
О-2 Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау
О-3 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнының жоспарланғаннан жоғары өсуі
О-4 Білікті қызметкерлердің тапшылығы немесе біліктіліктің төмендігі
О-5 Комплаенс тәуекелі (ішкі немесе сыртқы реттеу талаптарына/нормаларына сәйкес келмеу)
О-6 Өндірістік жарақаттану
О-7 Компанияның кәсіпорындар тобына қасақана зиян келтіру
О-8 Ақпараттық қауіпсіздіктің төмендеуі
О-9 ҮМЗ бериллий, тантал, ниобий және өзге де өнімдер өндірудің/сатудың жоспарланған көлемін орындамау
О-10 Экологиялық тәуекел
О-11 Пандемия қаупі
Құқықтық тәуекелдер (L)
L-1 Заңнаманы сақтамаудан/әр түрлі түсіндіруден туындайтын құқықтық салдарлар
Қаржылық тәуекелдер (F)
F-1 Өтімділік тапшылығы
F-2 Контрагент банктерге қатысты несиелік тәуекел
F-3 Берілген кепілдіктер бойынша және кепілдіктің заңды нысаны жоқ міндеттемелер бойынша міндеттемелерді орындау
F-4 Валюталық тәуекел
F-5 Пайыздық тәуекел
F-6 Кредиттік және кепілдік келісімдер бойынша ковенанттарды орындамау
F-7 Контрагенттің дефолт қаупі
F-8 Елдік тәуекел
Инвестициялық тәуекелдер (I)
I-1 Қазақстан Республикасында ЖБҚ өндірісі бойынша жобаны іске асырудағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу
I-2 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Цифрландыру және трансформациялау стратегиясын/Цифрлық трансформациялау бағдарламасын уақтылы орындамау/атқармау
I-3 ШҚД жобасын уақтылы іске асырмау (1-кезең)
I-4 «600 ғимарат. Қайта жаңарту. Уранның шала тотығын-тотығын аффинаждау өндірісі. «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаң» жобасының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу
Тәуекел картасындағы 2022 жылғы негізгі өзгерістер:
I тоқсанда 7 тәуекел бойынша орын ауысу байқалады және 1 тәуекел алынып тасталды:

1. «Әлеуметтік шиеленістің өсуі» S-2 әсері 3-тен 4-ке дейін артты;

2. «Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау» О-2 әсері 3-тен 4-ке дейін артты;

3. «Білікті қызметкерлердің тапшылығы немесе біліктіліктің төмендігі» О-4 ықтималдығы 3-тен 4-ке дейін артты және әсер 1-ден 2-ге дейін артты;

4. «Ақпараттық қауіпсіздіктің төмендеуі» О-8 ықтималдығы 3-тен 4-ке дейін артты;

5. «Комплаенс тәуекелі» О-5 әсері 2-ден 4-ке дейін артты;

6. «Пандемия қаупі» О-11 тәуекелі бойынша әсер 4-тен 3-ке дейін төмендеді;

7. «600 ғимарат. Қайта жаңарту. Уранның шала тотығын-тотығын аффинаждау өндірісі. «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаң» жобасының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу» I-4 әсері 3-тен 2-ге дейін төмендеді.

II тоқсанда 1 тәуекелдің орны ауысты және 1 тәуекел алынып тасталды:

1. «Компанияның кәсіпорындар тобына қасақана зиян келтіру» О-7 әсері 1-ден 2-ге дейін артты;

2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Цифрландыру және трансформациялау стратегиясын/Цифрлық трансформациялау бағдарламасын уақтылы орындамау/ атқармау» I-2 тәуекелі алынып тасталды.

III тоқсанда:

1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі» S-5 жаңа тәуекелі тіркелді.

IV тоқсанда 2 тәуекелдің орны ауысты:

1. «Контрагент банктерге қатысты несиелік тәуекел» F-2 ықтималдығы 2-ден 3-ке дейін артты;

2. «ШҚД жобасын уақтылы іске асырмау (1-кезең)» I-3 ықтималдығы 3-тен 4-ке дейін артты.

Тәуекелдер және оларды азайту шаралары

Тәуекел Атауы Іс-шаралар
S-1 Уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі
  • Келісімшарттардың үлесін белгілеу.
  • Қажетті қорландыруды қамтамасыз ете отырып, THKazakatomAG-мен мәмілелер арқылы уран бағасын хеджирлеуді жүргізу мүмкіндігін пысықтау:
    • Тендерлерге қатысу және белгіленген және ішінара индекстелген бағалар бойынша жаңа орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу.
  • Нарыққа талдау жүргізу, уран бағасының болжамды трендін анықтау.
  • Атом және уран объектілеріндегі оқиғалар, авариялар және олардың салдары туралы БАҚ мониторингі.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық шешімдеріне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының уран өндіру көлемін бақылау.
S-2 Әлеуметтік шиеленістің өсуі
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде қатысу өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға қаражат бөлу.
  • Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл.
  • Онлайн платформалар, көшпелі сессиялар және/немесе дөңгелек үстелдер арқылы қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бақылау.
  • ЕТҰ/СҚО есептілігі арқылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.
  • Қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру (оқыту).
  • БАҚ-тағы жарияланымдардың мониторингі.
S-4 Бедел тәуекелі
  • Коммуникациялар мен ақпаратты ашуды кәсіби және уақтылы басқару.
  • КО және ЕТҰ-да тиімді ішкі коммуникациялар құру.
  • Жергілікті және халықаралық БАҚ-пен қарым-қатынас орнату және қолдау.
  • БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі.
  • Дағдарысқа қарсы коммуникациялар жоспарына сәйкес іс-шаралар.
  • ҚР мен МАГАТЭ қол қойған келісімдер шеңберінде КО және ЕТҰ құзыреті бөлігінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
S-5 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі
  • Компанияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚР заңнамалық базасының мониторингі.
  • Компанияның ЕТҰ-да «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне сәйкес барлық қажетті рұқсат құжаттарының (лицензияның) болуын бақылау.
  • Заңнаманың жобаларын/өзгерістерін талқылауға қатысу. ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
  • ҚР заңнамасының жекелеген түрлерін түсіндіру бойынша семинарларға қатысу. Күрделі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың түсініктемелерін алу.
  • ТҚ-25 есептерінің өндірістік көрсеткіштерінің ЕТҰ-ның шарттық міндеттемелерінің талаптарына сәйкестігін бақылау.
  • Компанияның ДК Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитетінің қарауына жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерге байланысты тәуекелдер туралы мәселені шығару.
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзарту мерзімдерінің мониторингі
О-1 Уран өнімін сату жоспарының орындалмауы
  • Уран өніміне сұраныстың төмендеуіне байланысты қолданыстағы сатып алушылардың табиғи уранды сатып алудан бас тартуына байланысты ағымдағы жыл ішінде босатылған Уран өткізу жоспарында салынған көлемдерді сату мүмкіндігін бағалау үшін өзекті ақпаратты пайдалана отырып, ағымдағы жылы уран нарығының конъюнктурасы мен қажеттіліктерін зерделеу.
  • Дайын өнімді сату үшін ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді келісімшарттар жасасу (оның ішінде KazakAtomTHAG-пен).
  • Контрагенттердің шарт талаптарының орындалуын бақылау.
  • Жүктерді тасымалдау кезінде жоғалтудан немесе бүлінуден сақтандыру.
  • Уран саласын қозғайтын санкциялар және/немесе қарсы санкциялар енгізу жөніндегі ниеттерді жедел анықтау тұрғысынан БАҚ мониторингі.
  • Контрагентті мұқият іріктеу/ талдау/мүдделі құрылымдық бөлімшелермен шарттардың талаптарын келісу және т.б.
  • Дайын уран өнімдерін өндірудің технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау.
  • Дайын уран өнімі қаптамасының сапасын стандарттарға сәйкестігін бақылау.
  • Уран экспортының баламалы бағыттарын әзірлеу.
О-2 Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау
  • ТЖДЖ түзету (блоктарды пайдалануға беру кестесін өзгерту).
  • Жер қойнауын пайдалану бойынша лицензиялық-келісімшарттық шарттарды қатаң орындау.
  • Ұңғымаларды салу мен өндірудің жоспарлы көлемдерінің орындалуын бақылау.
  • 2016-2027 жылдарға арналған минералды-шикізат базасын толтыру үшін іздеу жұмыстарының бағдарламасын орындау.
  • Түзету іс-шараларын жүргізу (ӨЕ-де уран мөлшері төмен ұңғымаларды істен шығару, ӨЕ-де уранның ең бай құрамы бар блоктарды енгізу, қышқыл беруді түзету және т.б.).
  • Алынған дайын уран өнімінің сапасын сапа стандарттарына сәйкестігін бақылау.
  • Ұңғымаларды салу, ТДЖ жүргізу және уран өндіру технологиясының, өндірістік операцияларды орындау кезінде технологиялық регламенттің сақталуын бақылау (апта сайын және ай сайын).
  • Дайын уран өнімдерін өндірудің технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау.
  • Ұңғымалардың ТДЖ, ЖҚЖ күнтізбелік кестелерінің орындалуын бақылау.
  • Қосымша бұрғылау станоктарын сатып алу, бұрғылау жұмыстары көлемінің бір бөлігін аутсорсингке шығару.
  • Шикізатқа, ТМҚ-ға, энергия ресурстарына және т.б. қажеттілікті дұрыс жоспарлау.
  • Кен орындарын, учаскелер мен блоктарды уақтылы пайдалануға беруді бақылау.
  • ЕТҰ мүлкін сақтандырудың корпоративтік бағдарламасын жалғастыру.
  • Бекітілген ЖЖЖ-ға сәйкес уран өндіруші кәсіпорындарының ТҚжәнеЖ орындауын бақылау.
  • Көктемгі-күзгі, қысқы кезеңге, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары. Іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау, олардың орындалуын талдау, қажет болған жағдайда болашақ кезеңдерге арналған іс-шаралар жоспарын түзету.
О-5 Комплаенс тәуекелі (ішкі немесе сыртқы реттеу талаптарына/ нормаларына сәйкес келмеу)
  • Қызметкерлерді Әдеп және комплаенс кодексінің нормаларына сәйкес оқыту және мерзімді тестілеу, инсайдерлік ақпарат бойынша түсіндіру іс-шаралары.
  • Инсайдерлер тізімін жаңартып отыру, инсайдерлік ақпарат негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы, оның ішінде Компанияның бағалы қағаздарымен операциялар бойынша инсайдерлердің хабарламаларын жинау.
  • Компания қызметкерлерін жабық/ашық кезеңдер туралы алдын ала хабардар ету.
  • PDMR жасаған мәмілелер туралы қор биржалары мен реттеушілерді уақтылы хабардар ету.
  • Қор биржалары ережелерінің өзгеруіне мониторинг жүргізу.
  • Компания басшылығы мен қызметкерлерін листинг талаптарының өзгеруі туралы хабардар ету.
  • Ақпаратты ашу ережелерін сақтау мониторингі.
  • «Жедел желі» бойынша өтініштерді қарау процесін ұйымдастыру және қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау.
  • Компания қызметкерлері үшін тренингтер, оқыту сессияларын өткізу.
  • Резидент емес контрагенттерге және/немесе оларға қызмет көрсететін банктерге қатысты санкциялық шектеулердің болуына немесе болмауына тексеруді жүзеге асыру мақсатында Комплаенс қызметінің валюталық төлемдерді келісуі.
О-6 Өндірістік жарақаттану
  • ЕҚ, ӨҚ, РБ және ҚОҚ саласындағы ҚР заңнамасы және корпоративтік нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау.
  • ЕҚ, ӨҚ, РБ, ҚОҚ ТБ және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне Компанияның ЕТҰ жоспарлы тексерулер жүргізу.
  • ЕҚ, РБ және ҚОҚ бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің уақтылығын бақылау.
  • Кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану мен ЖКО талдау нәтижелері бойынша олардың алдын алу және профилактика жасау бойынша ұсыныстармен ЕТҰ-ға ақпараттық хат дайындау және тарату.
  • ЕТҰ қызметкерлерінің арнаулы киіммен және ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бақылау.
  • ЕТҰ-да мерзімді дозиметриялық бақылау жүргізуді бақылау.
  • ЕТҰ ауысым алдындағы медициналық куәландыруды, нұсқаманы жүргізуді бақылау.
  • Компанияның ЕТҰ-ның еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудың уақтылы жүргізілуін бақылау.
  • Мінез-құлықтық қауіпсіздік аудиттерін (МҚА) жүргізу және талдау, әлеуетті-қауіпті жағдайларды, іс-әрекеттерді (NEAR Miss) анықтау.
  • Өндірістегі қауіпсіздікті бұзғаны үшін жауапты лауазымды қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану.
О-8 Ақпараттық қауіпсіздіктің төмендеуі
  • Ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) саясатын сақтау бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асыру.
  • Компанияның кәсіпорындар тобының контрагенттерімен құпиялылық туралы келісім жасасу.
  • Киберқауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің хабардарлығы мен дағдыларын арттыру. Нұсқаулықтар мен тестілеу өткізу. Хабарламалар таратуды жүзеге асыру.
  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ақпараттық жүйелерді қалпына келтіру және үздіксіз қызметті қамтамасыз ету бойынша жоспарға тестілеу жүргізу.
  • Компания мен ЕТҰ-ның АҚ жай-күйіне тексеру жүргізу.
  • Барлық ЕТҰ-ны (КАР доменіне кіретін) АҚ жедел орталығына және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосу.
  • Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған объектілер тізбесін қалыптастыру.
  • «KAPTechnology» ЖШС негізінде Киберқауіпсіздік орталығын құру мүмкіндігін пысықтау (АҚЖО-ға және одан әрі АҚҰҮО-ға қосыла отырып).
  • Барлық ЕТҰ-ның (КАР доменіне кіретін) АҚ кешенді жүйесіне (АҚКЖ) қосылуын бақылау.
  • Енуге тестілеу жүргізу. Анықталған АҚ қатерлері мен кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • АҚ жетілу деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін АҚ құралдарын енгізу.
  • Құпия деректердің таралып кетуін болдырмау жүйесі (DLP), ақпаратты криптографиялық қорғау (АКҚҚ), АҚ кешенді жүйесі (КСИБ) арқылы ақпаратты ққорғау.
  • АҚ саласындағы ҚР заңнамасының өзгерістерін тұрақты мониторингілеу және талдау.
  • Адамдардың Компанияның таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді негізсіз алуына және қол жеткізуіне жол бермеу.
  • Компанияның қызметі барысында таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттың жария болу ықтимал арналарын анықтау және жабу.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құпия ақпараты мен коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін айқындау.
  • Сатып алу процесі бойынша SAPGRCAC-тағы өкілеттіктерді бөлу қайшылықтарын жою.
О-9 ҮМЗ бериллий, тантал, ниобий және өзге де өнімдер өндірудің/ сатудың жоспарланған көлемін орындамау
  • Дайын өнімді өндіру жоспарының орындалуын бақылау.
  • Бұзылудың алдын алу үшін ЖАЖ және жабдықты күрделі жөндеу жүргізу.
  • Шикізат жеткізушілермен (бериллий, тантал) тұрақты келіссөздер жүргізу.
  • Нормативтік қойма қорының (шикізаттың) болуын бақылау.
  • Бекітілген жоспарға сәйкес бериллий, тантал және ниобий өнімдерін сатуды бақылау.
  • Бериллий, тантал және ниобий өнімдерін тұтынушылармен келісімшарттар жасасу.
  • Бериллий, тантал және ниобий нарығының жай-күйін тұрақты талдау (сегменттер, өңірлер, өнімдер, бәсекелестер, тұтынушылар бойынша).
О-11 Пандемия қаупі
  • COVID-19 вакцинациясымен және ревакцинациясымен қамту.
  • Коронавирус/пневмония салдарынан зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларын қолдау.

Менеджмент Компанияның тәуекелдерін іске асырудың алдын алуға және тәуекелдерді іске асырудың салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудың арқасында тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі бар екеніне сенімді. Тұрақты негізде алдын алу іс-шараларын орындау бойынша есептер қалыптастырылады (тәуекелдер тіркелімі шеңберінде).

Сондай-ақ тәуекелдерді лимиттеу тәжірибесі енгізілді. Тәуекел дәрежесінің деңгейін жыл сайынғы негізде Директорлар кеңесі айқындайды және бекітеді. Барлық тәуекелдер бойынша ықтимал теріс қаржылық салдардың алдын алу және Компанияның құнын төмендету процесін бақылау үшін толеранттылық деңгейлері анықталды.

Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Екінші деңгейдегі банктерге лимиттер белгілеу жөніндегі қағидалары84 қолданылады, олардың мақсаты Компанияның контрагент-банктеріне қатысты туындайтын кредиттік тәуекел деңгейін белгілеу және бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Контрагент-банктерге Топтың лимиттерін Компания Басқармасы жылына кемінде бір рет бекітеді. Компания Басқармасының шешімімен бекітілген лимиттердің негізінде ТМД Компания және Компанияның еншілес кәсіпорындары бойынша контрагент-банктерге лимиттерді қайта бөлуді жүргізеді.

Инвестициялық жобалардағы тәуекелдерді, сондай-ақ Компания кәсіпорындары өздерінің басқару органдарының қарауына шығаратын өзге де мәселелерді талдау және бағалау тәжірибесі қосымша енгізілді.

Компанияның жоғары басшылығы тәуекелдерді басқаруға тұрақты және тікелей қатысады. Осылайша Тәуекел-менеджмент департаменті Басқарма мен Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті үшін тоқсан сайынғы негізде және Директорлар кеңесіне жылдық негізде іске асырылған тәуекелдер туралы, тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған алдын алу және реактивті шаралар туралы, болжанатын тәуекелдер туралы және қаржылық тәуекелдердің жайкүйі туралы ақпаратты ашумен тәуекелдерді басқару туралы есептерді қалыптастырады.

Тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді басқару

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметінде тұрақты даму саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескеруге және тұрақты дамуға байланысты оларды ескере отырып, салмақталған және этикалық шешімдер қабылдауға ұмтылады. Компания әлеуметтік жауапты инвесторлардың, тұрақты даму тұжырымдамасын ілгерілетуге қатысатын қоғамдастықтардың және басқа да мүдделі тараптардың үміттерін қанағаттандыру үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін біртіндеп жақсартады және оны ESG мәселелерімен және климаттың өзгеруі жөніндегі күн тәртібімен байланыстырады.

Ішкі бақылау жүйесі

Компаниядағы ішкі бақылау жүйесі қаржылық және басқарушылық есептілікті қалыптастыруды, заңнама мен ішкі құжаттар талаптарын сақтауды, сондай-ақ операциялық қызмет шеңберінде процестердің нәтижелілігін арттыруды қоса алғанда, қызметтің үш негізгі саласы бойынша тәуекелдердің алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ Компаниядағы ішкі бақылау жүйесі процестік тәуекелдерге тез жауап бере алатын, негізгі және көмекші процестер мен күнделікті операцияларды бақылауды жүзеге асыра алатын басқару жүйесін құруға бағытталған және «Ішкі бақылау – Интеграцияланған моделі» COSO үлгісіне сәйкес құрылған, өзара тәуелді бес компоненттен құралады:

Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да орта мерзімді кезеңге арналған ішкі бақылау жүйесін дамытудың негізгі ниеттері мен бағыттарын айқындайтын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ішкі бақылау жүйесі туралы саясат қолданылады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 18.11.2021 ж. шешімімен бекітілген).

ІБЖ саясатына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ішкі бақылау жүйесі туралы басқарушылық есептілікті қалыптастыру қағидалары әзірленді («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасымен 09.06.2022 ж. бекітілген).

Қағидалар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уәкілетті алқалы органдарына ішкі бақылау жүйесі туралы басқарушылық есептілікті шоғырландырылған негізде қалыптастыру тәртібін, кезеңділігін, сондай-ақ оның мазмұнын, оны ұсыну мерзімдерін белгілейді.

Есеп бекітілген нысандар бойынша есепті кезеңдегі процестік тәуекелдердің өзін-өзі бағалауы және құрылымдық бөлімшенің ішкі бақылау жүйесі негізінде қалыптастырылады.

Ішкі бақылау бойынша басқарушылық есептілік нысандары мына ақпаратты қамтиды:

Ішкі бақылау жүйесі аясында Компания тұрақты негізде келесі іс-шараларды іске асырады:

SAP Governance, Risk and Compliance, Access Control (SAP GRC AC) шеңберінде өкілеттіктерді бөлу қағидаттарын (SoD) енгізу және қолдау бөлігінде 2022 жылы өкілеттіктерді бөлу қағидалары әзірленді және SAP периметріне кіретін ЕТҰ-да сатып алу процесі үшін SAP GRC AC шешімдері енгізілді. Қол жеткізуді басқару жөніндегі жұмыс 2023-2024 жылдары Ақпаратты қорғау департаменті іске асыратын «Қолжетімділікті басқару» жобасы аясында жалғастырылатын болады.

Қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығын растау үшін Компанияда қаржылық есептілікті дайындау процестері бойынша ішкі бақылау рәсімдерін жетілдіру мақсатында 2022 жылы қаржылық есептілікті дайындауға қатысатын құрылымдық бөлімшелер тәуекелдер мен процестерді бақылау матрицаларын өзектендірді. Компанияның Тәуекел-менеджмент департаменті тәуекелдер мен бақылаулар матрицасындағы бақылаулардың сипаттамаларын жаңартты және бақылаулар дизайнының тиімділігіне бағалау жүргізді. Бақылау дизайнының тиімділігін бағалау қаржылық есептілікті дайындау кезінде тәуекелдерді азайту мақсатында бақылау процедуралары тиісті түрде жобаланғанын және жүзеге асырылғанын және тиісті тәуекелдерге жеткілікті екенін көрсетті.

Ішкі аудит

Компанияда тәуелсіз Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) жұмыс істейді, ол тікелей Директорлар кеңесіне бағынады. Директорлар кеңесі ІАҚ сандық құрамын, қызметкерлерге сыйақы мөлшерін айқындайды, ішкі аудит саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жылдық аудиторлық жоспар мен бюджетті бекітеді.

ІАҚ қызметінің 2022 жылғы негізгі нәтижелері:

Сыртқы аудит

GRI 2-5

Жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен біріктірілген жылдық есебін тәуелсіз аудитор куәландырады, соның нәтижесінде Тәуелсіз аудиторлық есеп және шектеулі сенімділікті қамтамасыз ететін тәуелсіз аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық есеп беріледі.

2022 жылы Акционерлердің жалпы жиналысының кезектен тыс жиналысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2023 және 2024 жылдарға арналған ХҚЕС бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС аудиторлық ұйым болып белгіленді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2023 және 2024 жылдарға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептіліктің аудитін жүргізгені үшін сыйақы ҚҚС қоса алғанда 679 938 766 (алты жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз отыз сегіз мың жеті жүз алпыс алты) теңге 00 тиынды құрайды.

2022 жылы Топтың аудиторлық емес қызметтеріне төленетін ақының жалпы мөлшері ҚҚС есебінсіз 74 309 000 (жетпіс төрт миллион үш жүз тоғыз мың) теңгені құрады.

Акционерлермен өзара іс-қимыл

Акционерлік капитал

Қазатомөнеркәсіптің шығарылған акцияларының жалпы саны (жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) қоса алғанда) 259 356 608 дананы құрайды және қазіргі уақытта еркін айналымдағы акциялардың/ ЖДҚ үлесі – 25%, яғни 64 839 152 дана. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларының үлесі – 75%, яғни 194 517 456 дана.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіптің Бас компаниясы қандай да бір орналастыруларға қатыспады. Бақылаушы акционермен қандай да бір келісімнің болуы және талаптарының сақталуы туралы ақпарат ашылған жоқ.

Бағалы қағаздар листингі туралы ақпарат

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның акциялар, жаһандық депозитарлық қолхаттар және облигациялар түріндегі бағалы қағаздары қазақстандық және халықаралық қор биржаларында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), Astana International Exchange (AIX) және London Stock Exchange (LSE) листингімен айналысқа түседі.

Шығарылған акциялар мен айналымдағы акциялардың үлесі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ акциялар үлесі

Акциялар үлесі/ еркінайналымдағы ЖДҚ

Құралдар Валюта ISIN AIX LSE KASE
Жай акциялар Теңге KZ1C00001619 KAP - -
Жаһандық депозитарлық қолхаттар АҚШ доллары US63253R2013 KAP.Y KAP -
Облигациялар Теңге ISIN KZ2C00006153 - - KZAPb2
Коммерциялық облигациялар АҚШ доллары KZ2C00009199 - - KZAPb3

Ақпараттық саясат

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Компанияның оң имиджін және іскерлік беделін қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы және ішкі коммуникацияларды жолға қою арқылы стейкхолдерлерді Компания қызметі туралы хабардар ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қазатомөнеркәсіпте Ақпаратты ашу жөніндегі кеңес жұмыс істейді, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу саясаты және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу қағидалары, Компанияның коммуникациялық тәуекелдері және басқа да ішкі нормативтік құжаттар жаңартылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу саясатын іске асыру кезінде Компания мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:

2022 жылы Компания:

Акционерлермен өзара ісқимылдың ресми арналары

Корпоративтік құқықтарды іске асыруды, сондай-ақ акционерлермен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Компанияда коммуникацияның бірнеше арналарының жұмысы қамтамасыз етіледі:

Салықтың ашықтығы

GRI 3-3, GRI 207-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылған сәттен бастап қолданылатын салық заңнамасының талаптарын сақтауға үлкен жауапкершілікпен қарайды, өз қызметінде нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың ережелерін және мемлекеттік органдардың басқа да ұсынымдарын ескереді, бұл ретте салықтық есепке алу мен салық есептілігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етеді. Біздің салық салуға жауапты көзқарасымыз корпоративтік салық саясатына және ішкі нормативтік құжаттарға негізделген және барлық қажетті салықтардың толық және уақтылы төленуін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның салық саясаты салық есебінің ең жоғары стандарттарын қолдауға бағытталған және Топ компанияларының басшылығы салық саясатының сақталуына жауапты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Компанияның жалпы бизнес-стратегиясына және корпоративтік басқару, әдеп және тәуекелдерді басқару тәсіліне сәйкес топтық салық саясатын қолданады. Компанияның салық саясаты Топ қабылдаған және әзірлеген нақты тәсілдер мен шараларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Олар ықтимал тәуекелдерді алдын-ала анықтауды, алдын-алуды және азайтуды қамтиды және Компанияның салық міндеттемелерін орындаудың дәлдігі мен уақтылығына әкеледі.

Жергілікті билік органдары қолданатын барлық салық аударымдарын жасай отырып, Қазатомөнеркәсіп қатысу өңірлерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Мүмкіндігінше Компания әділ, тиімді және тұрақты салық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосу үшін мемлекеттік органдармен, тәуелсіз қауымдастықтармен және бизнес топтармен салық мәселелері бойынша сындарлы диалог құруға ұмтылады.

GRI 207-2, GRI 207-3

Бухгалтерлік есеп және есеп беру департаментінің директоры салық есебін жүргізуге жауапты, салық тәуекелдерін бақылау мен басқаруды жүзеге асырады және осы тәуекелдерді бақылау үшін тиісті процестер мен жүйелердің болуын қамтамасыз етеді. Топ салық тәуекелдерін барынша азайтуға ұмтылады және бизнесті әрқашан Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес келетін ақылға қонымды қағидаттар негізінде құрады. Компания салықтық өзгерістерді үнемі қадағалап отырады және қажет болған жағдайда процестерді жаңартады.

Топ салық тәуекелдерін аса маңызды деп санайды және олар болған жағдайда оны қаржылық есептілікте ашады. Топ тоқсан сайын ішкі пайдаланушылар үшін салықтық тәуекелдер туралы есептер дайындайды. Қазақстан Республикасының салық жүйесі тұрақты даму үстінде екендігін ескере отырып, біз Топ үшін ең маңызды салықтық тәуекелдер ретінде салық заңнамасының нормалары мен ережелерін әртүрлі түсіну, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу заңнамасын қолдану тәуекелдерін қарастырамыз.

Біз салықтық тәуекелге қатысты күрделі мәселе немесе белгісіз жағдай туындаған кезде сыртқы кеңестерге жүгінеміз және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетімен талаптардың сақталуын келісу арқылы салық органымен өте тығыз жұмыс жасаймыз, кез келген даулы мәселелерді белсенді және ашық талқылау және келіссөздер арқылы шешуге тырысамыз.

Топ ықтимал тәуекелдерді жедел анықтау және оларға ден қою мақсатында тараптардың тұрақты өзара іс-қимылына бағытталған салық органдарының түрлі пилоттық жобаларына белсенді қатысады. Компания қызметкерлері салық заңнамасының тенденциялары мен өзгерістері туралы өзекті ақпарат алу үшін салық мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтерге үнемі қатысады. Салық салу саласындағы маңызды мәселелерді Компанияның қаржылық есептілігінің аудиті барысында сыртқы аудиторлар үнемі тексеріп отырады.

Корпоративтік әдеп және комплаенс

GRI 2-13, SASB EM-MM-510a.1.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бизнесті этикалық жолмен жүргізу ұзақ мерзімді табысқа жету үшін маңызды деп санайды, сондықтан Компанияның іскерлік көзқарасының маңызды бөлігі болып табылатын күнделікті қызметте этикалық мінез-құлықтың ең жоғары стандартын қолдайды.

Компанияда Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі бекіткен Әдеп және комплаенс кодексі әрекет етеді, ол стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолында негізгі құрамдас болып табылады және Компанияның барлық қызметкерлері үшін стейкхолдерлермен қарым-қатынас орнату кезінде бағдар береді.

Әдеп және комплаенс кодексімен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді реттейтін негізгі құжаттар:
GRI 205-2

Топ қызметкерлерінің 100%-ы, оның ішінде басшылық құрам Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясатымен танысты. Комплаенс бойынша жыл сайынғы тестілеуді қоса алғанда, қағидаттар мен талаптар бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарын, мақсаттары мен қағидаттарын белгілейтін негізгі құжат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:

Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ереже корпоративтік жанжалдардың, мүдделер қақтығыстарының туындау себептерін, олардың алдын алу рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ оларды реттеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Компания органдарының қызметін реттейді.

ESG қағидаттарына сәйкес Қазатомөнеркәсіп өзінің іскер серіктестері арасында комплаенс-мәдениетті дамыту және одан әрі ілгерілету мәселелеріне көп көңіл бөледі.

2022 жылы Комплаенс қызметі Топтың сегіз ірі және жүйелік контрагенттері үшін Жеткізушілер мен мердігерлер әдеп кодексін түсіндіру бойынша семинарлар өткізді. Жұмыс 2023 жылы жалғасады.

2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ комплаенс-мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, комплаенстің түрлі тақырыптары бойынша Топ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын өткізді.

Бұдан басқа Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеушісі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі қызметкерлері қатарынан мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып, бірқатар оқыту және түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту барысында Компания қызметкерлердің штат санының кемінде 90%-ын қамтуға ұмтылады.

Топтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен рәсімдері жеткізілген жеткізушілер қатарындағы іскер әріптестердің үлесі – 100%.

Бизнес әдебі және бизнесті жүргізу

Компанияның барлық қызметкерлері қоғамда қабылданған және Компанияда қалыптасқан жауапкершілік пен дәстүрлерге сәйкес келетін жеке мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанады. Жеке мінез-құлықтың жоғары стандарттары Компания қызметкерлерінің әріптестерімен, Компанияның серіктестерімен, жеткізушілерімен, тұтынушыларымен және басқа да стейкхолдерлерімен жұмыс істеуде және қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де адалдық, таза ниеттілік, бейтараптық және құрмет қағидаттарын ұстануын білдіреді.

2022 жылы біз міндеттемелердің бір бөлігін кеңейте отырып, Әдеп және комплаенс кодексін жаңарттық. Атап айтқанда, инсайдерлік ақпаратпен жұмыс істеу, Компанияда рұқсат етілген дресс-код, корпоративтік алаяқтық белгілері бойынша ережелер толықтырылды, қысымға жол берілмейтін белгілердің тізімі кеңейтілді (мысалы, сенімдер бойынша, бірлестіктерге қатысу және т.б.).

GRI 2-23
Компанияның корпоративтік құндылықтары:
Қауіпсіздік
  • Қауіпсіздік – біздің әдетіміз.
  • Біздің әрқайсымыз қауіпсіздік үшін жеке жауап береміз.
  • Біз қауіпсіздік мәдениетін стандарттар мен мінез-құлық арқылы қолдаймыз.
  • Біз қоршаған ортаға ұқыпты қараймыз.
Кәсібилік
  • Біз саладағы көшбасшымыз.
  • Бізде бірегей білім мен тәжірибе бар және онымен бөлісеміз.
  • Біз алға қойған мақсаттарға тиімді қол жеткіземіз.
  • Біз салмақты шешімдер қабылдаймыз.
Жауапкершілік
  • Біздің әрқайсымыз өз жұмысымыздың нәтижесі үшін жеке жауап береміз.
  • Біз болашаққа қамқорлық жасаймыз және қабылданған шешімдер үшін жауап береміз.
  • Біз Компанияның беделін бағалаймыз.
  • Біз бір-бірімізге, серіктестерге, жеткізушілерге және тұтынушыларға адалмыз.
Даму
  • Өзімізді дамыта отырып, біз Компанияны дамытамыз.
  • Біз инновация қолдануды насихаттаймыз.
  • Ең жақсы дәстүрлерді сақтай отырып, біз жаңа бизнес бағыттарын дамытамыз.
  • Біз технологияны жетілдіреміз.
Команда
  • Біз әркімнің пікірін құрметтейміз және оның үлесін бағалаймыз.
  • Біз бір-бірімізге көмектесеміз.
  • Біз ортақ нәтиже үшін жұмыс істейміз.
  • Ұрпақтардың тәжірибесі мен күш-қуаты тиімді команда құрады.

Әдеп және комплаенс кодексі нормаларын сақтау атқаратын лауазымына қарамастан, Компанияның барлық қызметкерлерінің міндеті. Сонымен қатар осы Кодекстің нормалары басшылыққа және Компаниямен байланысты үшінші тұлғаларға міндетті. Компанияның барлық қызметкерлері жұмысқа қабылдау кезінде, сондай-ақ Кодекстің ережелеріне өзгерістер енгізу кезінде Әдеп және комплаенс кодексімен танысады.

Сондай-ақ Топтың барлық компанияларында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының этикалық қағидаттарын түсіндіретін және жеткізушілерді оларды ұстануға міндеттейтін Жеткізушінің әдеп кодексі (үлгілік сатып алу шартына қосымша түрінде) енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін басқару

GRI 3-3

Қазатомөнеркәсіп заңға бағынатын және жария ұйым бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтардың шараларын қолдайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның экономикалық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді, ел экономикасы үшін жойқын зардаптарға әкеп соғады, қоғамдық өмірді, жұмысты тұрақсыздандырады, сондай-ақ халық пен жұртшылықтың сеніміне нұқсан келтіреді. Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін басқаруға қатысты міндеттемелері Әдеп және комплаенс кодексінде бекітілген.

GRI 2-16, GRI 2-24

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін Компанияда шаралар мен рәсімдердің толық тізбесі іске асырылды. Шешім қабылдау деңгейіне байланысты төмендегідей белгілі бір шаралар мен міндеттер қалыптасады:

Сонымен қатар Компания жеткізушілер мен мердігерлер арасында этикалық бизнесті жүргізудің ұқсас принциптерін таратуға бағытталған. Мәселен 2021 жылдың ортасынан бастап Компания тобы бойынша үлгілік сатып алу шарттарына Жеткізушілер мен мердігерлер кодексі қосымшасы енгізілді. Кодекстің орындалуы жеткізушілердің міндеті болып табылады. Кодекстің өзі ESG (Environmental, Social & Governance) қағидаттарына сәйкес келетін жеті негізгі қағиданы қамтиды. 2022 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп Кодексті талқылау үшін топтың неғұрлым жүйелі және ірі жеткізушілерімен түсіндіру кездесулері мен семинарлар өткізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қызметкерлердің комплаенс саласындағы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы ақпараттандыруға арналған оқытулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

2022 жыл ішінде (2022 жылғы 12-13 сәуір және 13-15 шілде) ЕТҰ тәуекел және комплаенс офицерлерімен екі кеңес өткізілді. Кеңес барысында тәуекел-менеджмент және комплаенс саласындағы негізгі өзгерістер талқыланды, тәжірибелік тәсілдер мен әзірлемелер бойынша баяндамалар жасалды.

2022 жылғы наурызда Комплаенс қызметі жаңа санкциялық тәуекелдерді ескере отырып, санкциялық бағдарламалардың айырмашылықтары туралы кіріспе дәріс өткізді.

Сондай-ақ 2022 жыл бойы Компания қызметкерлеріне арналған бес мастер-класс өткізілді:

2022 жылдың қазан айында Комплаенс қызметінің қызметкерлері комплаенс функциясы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік стандартын талқылау бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ комплаенс-мамандарына баяндама дайындап таныстырды.

2022 жылдың қазан-желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыстар конкурсы өткізілді. 12 ЕТҰ мен Компанияның жұмыстары екі номинация бойынша бағаланды: суреттер мен бейнероликтер. Байқаудың мақсаты Топ қызметкерлерінің басым бөлігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылауға тарту болды.

Сонымен қатар Комплаенс қызметінің басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының комплаенс мамандары үшін үш баяндама жасады:

Компанияда ай сайын QazatomNews корпоративтік журналында комплаенс мәселелері түсіндірілетін комплаенс бойынша баған жүргізіледі.

Кері байланыс арналарының жұмысы

GRI 2-16, 2-26, 207-2

Компанияда сыбайлас жемқорлық және алаяқтық, Әдеп және комплаенс кодексі ережелерін бұзу және Топтың қызмет саласына қатысты заңнаманы өзге де сақтамаумен байланысты мәселелер бойынша Компания қызметкерлері мен үшінші тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған «Жедел желі» жұмыс істейді.

2022 жылы «жедел желіге» 88 хабарлама келіп түсті. «Жедел желіге» келіп түскен 88 хабарламаның 81-і қаралды, 7-і қабылданбады (өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға қосарлы жүгінуі немесе хабарламалардың бұрын қарастырылуы, ал жаңадан түскендерінің мазмұнды ақпаратқа ие болмауы себебі бойынша). Хабарламалар Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес мерзімде қаралды.

Хабарламалар тақырыбы, %

Тақырыбы 2020 2021 2022
Сатып алу 49 25 40
Кадрлық мәселелер 38 53 45
Өзге 13 22 15

Омбудсмен институты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Омбудсмен институты жұмыс істейді. Оның негізгі міндеттері Кодекстің ережелері бойынша консультациялар өткізуге, Кодекстің ережелерін бұзу дауларын қарауға бастамашылық етуге және оларды реттеуге қатысуға, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауға бағытталған.

Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес Омбудсмен өз қызметінде тәуелсіздік, бейтараптық және риясыздық, құпиялылық, бейресмилік қағидаттарын басшылыққа алады.

Әрбір қызметкер Омбудсменге арнайы байланыс арналары: сенім телефоны, ЕТҰ-дағы ішкі коммуникациялар арналары, Whatsapp мобильді қосымшасы, Омбудсменнің e-mail арқылы жүгіне алады.

2022 жылы Компания омбудсмені 41 өтінішті қарады. Олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

Келіп түскен барлық өтініштер Компанияның ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралды.

Тақырып бойынша жедел желіге түскен өтініштердің құрылымы, саны

Тақырыбы 2022
Әдепті бұзу 9
Еңбекті ұйымдастыру 4
Тұлғааралық қақтығыстар 4
Жалақы 3
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар 3
Жұмыстан босату 3
Әлеуметтік пакет 2
Басшымен басқа қақтығыстар 2
Сыйлықақыны және басқа да сыйақыларды төлеу 2
Өзге 9

2022 жылдың екінші жартыжылдығында Омбудсмен қызметі ЕТҰ жұмыскерлері арасында жыл сайынғы жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнама үш негізгі блок бойынша құрылған: Әдеп және комплаенс кодексінің нормаларын білуді диагностикалау, ұжымдағы моральдық-этикалық ахуалдың жайкүйі және жұмыстағы жанжалды жағдайларды реттеу мүмкіндігі туралы хабардар болу.

Анонимді сауалнама қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігі туралы хабардар болу деңгейін анықтауға, ұжымдағы алаңдаушылық жағдайын анықтауға, кемсітушілік көріністерін және басшылармен қарым-қатынаста орын алған мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. «Қазтомпром «ҰАК» АҚ-дағы респонденттердің 98% Компания басшылығы қызметкерлерге құрметпен қарайды және өзін дұрыс ұстайды деп есептейді.

Респонденттердің 94% Омбудсменнің өтініштерді қарау кезінде тәуелсіздік және бейтараптық қағидаттарына сәйкес әрекет ететініне сенімді. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың 93%-ы әріптестерінің немесе басшыларының әдепсіз іс-әрекеті жағдайында өзінің жеке басын ашпай, бар бұзушылықтар бойынша Омбудсменге жүгіну мүмкіндігі туралы біледі.

ОМБУДСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР

2022 жылы «Қазақстан ядролық университеті» филиалында ЕТҰ омбудсмендері үшін оқыту ұйымдастырылды. Оқыту аясында жеке тұлғаны психотиптеу әдістері, ұжымдық шиеленістің алдын алу, ұжымдық келіссөздер кезіндегі мінез-құлық тактикасы зерттелді. Сындарлы диалог құралдары және ұжымдық өтініштермен жұмыс істеу тәртібі, топтық өтініштер кезінде консенсусқа қол жеткізу технологиясы қаралды.

Мүдделер қақтығысын басқару

GRI 2-15

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әдеп және комплаенс кодексі ішкі құжаттарда белгіленген міндетті тәртіппен мүдделер қақтығысы туындаған жағдайлар туралы хабарлауды көздейді. Ықтимал және/немесе нақты мүдделер қақтығысының барлық жағдайлары мүдделер қақтығысынан туындайтын тәуекелдерді азайту шараларын әзірлеумен мұқият талданады.

Сондай-ақ Компанияда Корпоративтік және мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереже бар. Құжатта корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысының туындауының ықтимал себептері, алдын алу рәсімдері, сондай-ақ оларды реттеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Компания органдары қызметінің регламенті айқындалған.

Мемлекеттік органдармен байланыс және демеушілік қызмет

Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәсілі парақорлықтың немесе сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарын жоққа шығарады және бұл жеке субъектілермен өзара қарым-қатынасқа да, мемлекеттік органдармен жұмысқа да қатысты.

GRI 415-1

Әдеп және комплаенс кодексіне сәйкес Қазатомөнеркәсіп саяси партиялардың, ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің пайдасына төлемдерді жүзеге асырмайды және саяси қызметке қатыспайды. Жұмыскерлерге саяси партияларға жеке түрде көмек көрсетуге немесе жарналар салуға тыйым салынбайды.

«Сыйлықтар мен брендтелген кәдесыйларды сыйға тарту және алу туралы» Ережеге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарына сәйкес шешім қабылдауға ықпал ету мақсатында Компанияның жұмысында материалдық құндылықтарды, өнімдерді, қызметтерді, пайданы алу мен ұсынуға жол берілмейді.

Қазатомөнеркәсіп қайырымдылық қызметін конкурстық негізде іріктеу арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырады.