2
5
ж
ы
л

Соңғы тенденцияларға сәйкес, әлемдегі жалпы жағдай бірқатар мәселелер бойынша тұрақты емес, бірақ тұрақты даму мен климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық күн тәртібі өзгеріссіз.

Сонымен қатар, ESG күн тәртібі бүгінде таптаурын емес шешімдермен және жалпы адамзаттық мақсаттарға жетудің жаңа құралдарымен толықтырылуда. Бірте-бірте және барлық жерде өсіп келе жатқан ESG санасы, ESG тәуекелдері, қиындықтар мен мүмкіндіктері саласындағы шешімдерді ұсынудағы жаһандық акторлардың синергиясы қуантады. Біз планетамызды болашақ ұрпақ пен жалпы өркендеуі үшін сақтауға тырысатын осы синергияның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.

БҰҰ–ның Жаһандық шартына қосылу, Қазатомөнеркәсіпті ESG бойынша жан-жақты, жария бағалау, декарбонизация және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу саласындағы өз стратегиясын дамыту, ТДМ-ға қол жеткізу үшін үлес қосу, әйелдер көшбасшылығын ілгерілетуге және адам құқықтарын сақтауға баса назар аудару – біздің жақын арада өздерінің сындарлы дамуын табатын және жаңа шешімдер мен жетістіктерге алып келетін шағын бастамаларымыз.

Ержан Мұқанов
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Басқарма төрағасы

ESG және тұрақты бизнес

Біздің тәсіліміз

Қазатомөнеркәсіп өз қызметінің барлық кезеңдерінде тұрақты даму қағидаттарын сақтауға ұмтылады және өз серіктестері, жеткізушілері және басқа да мүдделі тараптар арасында бизнесті жауапты жүргізу және әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесін таратуға жәрдемдеседі. Тұрақты даму қағидаттары Компанияның даму стратегиясының негізі болып табылады. Осы қағидаттарды ұстану бизнесті ұзақ мерзімді дамыту үшін ғана емес, Қазатомөнеркәсіптің негізгі корпоративтік құндылықтарын қалыптастыру үшін де маңызды.

GRI 2-23

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму қағидаттары

Тұрақты даму саласындағы қызметтің басым бағыттарын айқындау кезінде Қазатомөнеркәсіп БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған БҰҰның тұрақты даму саласындағы мақсаттарын, сондай-ақ осы саладағы басқа да халықаралық стандарттар мен бастамалардың ережелерін басшылыққа алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы басым бағыттары

Тұрақты даму жүйесін қалыптастырудың негізгі кезеңдері

2011
  • Алғаш рет БЖЕ-ге GRI қаржылық емес есеп беру стандарттары енгізілді.
2017
  • 2017-2019 жылдарға арналған корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты даму бағдарламасы әзірленді.
2019
  • Тұрақты даму саласындағы саясат әзірленді және жарияланды;
  • Компания құрылымында арнайы бөлімше «Тұрақты даму басқармасын» құру арқылы тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік функциясы күшейтілді;
  • БҚЕ-ге тұрақты дамуды басқару тәсілдері және Компанияның БҰҰ-ның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпарат енгізілді;
  • БҰҰ-ның басым ТДМ және БҰҰ-ның әрбір ТДМ үшін негізгі қосалқы міндеттер айқындалды.
2020
  • Алғаш рет 2020 жылға арналған біріктірілген жылдық есептегі ESG ақпарат үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес тәуелсіз растаудан өтті;
  • GRI индикаторларын ашу тереңдетілді.
2021
  • Климаттық тәуекелдерді басқару саласындағы жұмыстар басталды;
  • Тұрақты даму саласындағы тәуекелдер анықталды;
  • 2021 жылғы БЖЕ-ге БҰҰ Сауда және даму конференциясының (UNCTAD) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі көрсеткіштері енгізілді;
  • Компания алғашқы бақылау аудитінен сәтті өтіп, TÜV International Certification (Германия) сертификатын бірден екі халықаралық ISO 45001 және ISO 14001 стандарттары бойынша растады;
  • Топтың барлық кәсіпорындарында ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергоменеджмент жүйесі енгізілді. Энергоменеджмент жүйелері аясында Топ кәсіпорындарында энергоаудиттер үнемі өткізіліп тұрады.
2022
  • Климаттық тәуекелдерді анықтау және бағалау;
  • 2060 жылға дейін декарбонизациялау және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын әзірлеу;
  • Тұрақты даму саласындағы орта мерзімді бағдарламаны әзірлеу;
  • Адам құқықтары саласындағы саясатты әзірлеу;
  • UN Global Compact-қа қосылу;
  • GRI индикаторларын ашу тізбесін кеңейту;
  • Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес ақпаратты ашу (TCFD);
  • S&P Global Ratings жетекші халықаралық рейтинг агенттігінен бірінші тәуелсіз ESG рейтингі алынды.
2023 жылға жоспарлар:

Компанияда тұрақты даму аспектілерін басқаруға қатысты және тиімді басқару және адалдық, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, персоналды басқару, жергілікті қауымдастықтарды тарту, жеткізу тізбегін басқару мәселелері бойынша бизнес-процестерді реттейтін бірқатар ішкі құжаттар қабылданды.

Тұрақты даму саласындағы стандарттар мен бастамаларды қолдау

Стандарт/бастама «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуы
БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымы конвенциялары Қолдау туралы мәлімдейміз, ішкі корпоративтік құжаттарда ескереміз
БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы мақсаттары Қолдау туралы мәлімдейміз, ағымдағы қызметте ескереміз және есеп береміз
БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі көрсеткіштері Есеп береміз
БҰҰ-ның Жаһандық шарты Есеп береміз

Есепті кезеңде Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамуды басқарудағы өзінің тәсілімен жетілдіруді жалғастырды. Компания сапалы және үздіксіз ESG трансформациясы үшін жан-жақты жағдай жасауға бағытталған.

2022 жылдың қарашасында Компанияның топ-менеджменті мен тәуелсіз кеңесшілердің қатысуымен ESG және тұрақты даму мәселелері бойынша арнайы сессия ұйымдастырылды. Осы сессия аясында Қазатомөнеркәсіптің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына жалпы әсер ету мәселелері, тұрақты даму және ESG есептілік саласындағы соңғы өзгерістер (TCFD, ISSB, CSRD және ЕО таксономиясы), ESG тәуекелге бағдарланған тәсіл, ESG рейтингтері және олардың талаптары талқыланды. Сондай-ақ ішкі сессия өткізілді, онда тұрақты даму саласындағы орта мерзімді бағдарламаның жобасы қаралды және оған топ-менеджменттің түсініктемелері алынды.

Тұрақты дамуды басқару құрылымы

GRI 2-9, GRI 2-13

Компаниядағы тұрақты даму мәселелері әртүрлі деңгейлерде қаралады. Стратегиялық деңгейде тұрақты даму мәселелері Директорлар кеңесінің назарында. Директорлар кеңесінің комитеттері Компанияның тұрақты даму саласындағы қағидаттары мен стратегиялық міндеттерінің іске асырылуын қадағалауды жүзеге асырады. Басқарма басқарушылық деңгейде дамудың стратегиялық бағыттары, бағдарламалары мен іс-шаралары бойынша қызметті бақылайды және қадағалайды, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен тиімділіктің орындалуына мониторинг жасайды. Тұрақты даму саласындағы нақты міндеттерді шешу өңірлер мен ЕТҰ деңгейінде тиісті бөлімшелердің жауапкершілік аймағында болады.

Тұрақты даму аспектілерін басқару құрылымы

БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосатын үлесі

Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің құндылықтарын толық қолдайды. Компания БҰҰ-ның барлық 17 ТДМ-нің маңыздылығын мойындайды және өз қызметі шеңберінде олардың жетістіктеріне сүбелі үлес қосуға ұмтылады.

Біздің қызметіміздің ерекшелігіне байланысты біз өзіміз үшін БҰҰ-ның 6 басым ТДМ анықтадық, оларға қол жеткізуге Компания барынша елеулі үлес қосады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның БҰҰ тұрақты дамуының басым Мақсаттары

салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу
жалпыға бірдей қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету
барлығына лайықты, үдемелі, жанжақты қамтитын және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
барлығын қамтитын тұрақты инфрақұрылым құру және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету
климаттың өзгеруі және оның салдарымен күресу бойынша шұғыл шаралар қабылдау

Төмендегі кестеде БҰҰ-ның әрбір басым ТДМ шеңберіндегі Компания қызметінің қысқаша сипаттамасы келтірілген. Әрбір мақсат бойынша 2022 жылы іске асырылған жобалар мен бастамалар туралы толығырақ ақпарат есептің тақырыптық бөлімдерінде келтірілген.

Компанияның БҰҰ басым түрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қосқан үлесі

БҰҰ ТДМ БҰҰ ТДМ міндеттері 2022 ж. негізгі нәтижелер

3.4

2030 жылға қарай алдын алу және емдеу, психикалық денсаулық пен амандықты қолдау арқылы жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді үштен бірге азайту

  • 4,4 млрд теңге қызметкерлерді сауықтыру және санаторий-курорттық емдеу бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталған;
  • 965 млн теңге өнеркәсіптік медицина бойынша іс-шараларға бағытталды;
  • 3,2 млрд теңге медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталды;
  • 116 млн теңге сомасына COVID-19 таралуының алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі шаралар кешені іске асырылды;
  • Қызметкерлердің денсаулық сапасын арттыруға, олардың салауатты өмір салтына назарын аударуға бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

3.6

2020 жылға қарай бүкіл әлемде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есе азайту

  • 15 316 мінез-құлық аудиті жүргізілді;
  • 11 876 қызметкер қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған оқытудан өтті (көшбасшылық, defensive driving, 5 қауіпсіздік қадамы және т. б.);
  • Қызметкерлердің және барлық деңгейдегі басшылардың өндірістік қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтауының ағымдағы деңгейін анықтау үшін қызметкерлерге сауалнама жүргізілді, бұл қызметкерлердің мінез-құлқындағы өзгерістердің оң динамикасын көрсетеді, бұл өз пікірін білдіруге ниет білдірген респонденттер санының артуымен расталады;
  • Қызметкерлердің «стоп карта» қауіпті жұмыстарын тоқтату рәсімін қолдану тәжірибесі жалғасты;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобының барлық бірінші басшылары Vision Zero тұжырымдамасы аясында жеке міндеттемелерге қол қойып, жауапкершілікке алды.

3.9

2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттар мен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануы салдарынан туындайтын өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобында 2018 жылдан бастап Экологиялық және әлеуметтік салалардағы іс-қимыл жоспарының жол картасы (ESAP) іске асырылуда. Сондай-ақ 2022 жылы БҰҰ ТДМ міндеттеріне негізделген Компанияның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ESRP бағдарламасы бекітілді;
  • Бекітілген «Тұрақты даму мақсатында кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу (GRI стандарттары)» (ESRP) бағдарламасы аясында 2024 жылы денсаулық, еңбек, қоршаған және әлеуметтік орта мәселелерін алдын ала басқару үшін тәуекелдерді бағалауды көздейтін іс-қимыл жоспары әзірленді (3-кезең);
  • Экологиялық және әлеуметтік салалардағы корпоративтік іс-қимыл жоспарын (ESAP) іске асыруға 313 млн теңге инвестицияланды;
  • Қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған нұсқаулықтар мен жобалар әзірленіп, енгізілді;
  • Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздік менеджментінің интеграцияланған жүйесінің екінші байқау аудитінен сәтті өтті және ISO 45001 және ISO 14001 екі халықаралық стандарттары бойынша TÜV International Certification (Германия) сертификатын растады;
  • Радон мен оның еншілес өнімдерінің деңгейін уран өндіруші кәсіпорындардың ішкі сәулелену дозасына зиянды өндірістік фактор ретінде төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді.

7.1

2030 жылға қарай арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету

  • 3,01 МВт*сағат электр энергиясын Топтың фотоэлектрлік станциялары өндірді;
  • «Жасыл» экономиканы дамыту жөніндегі жаһандық трендті қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру.

7.3

2030 жылға қарай энергия тиімділігін арттырудың жаһандық көрсеткішін екі еселеу

  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде нақты экономикалық тиімділік 1,1 млрд теңгені құрады. Электр энергиясын жалпы тұтынуға қатысты үлес 6% құрады;
  • Топтың барлық кәсіпорындарында ISO 5000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергоменеджмент жүйесі енгізілді;
  • Бірқатар баламалы энергия көздері қолданылады (фотоэлектрлік станциялар, гелио жылытқыштар, жылу сорғы қондырғылары).

7.a

2030 жылға қарай жаңартылатын энергетиканы, энергия тиімділігін арттыруды және қазба отындарын пайдаланудың озық таза технологияларын қоса алғанда, экологиялық таза энергетика саласындағы зерттеулер мен технологияларға қол жеткізуді жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық таза энергетика технологияларына инвестицияларды көтермелеу

Халықаралық конференцияларға қатысу:

  • 2022 жылғы 24-25 қараша - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Уран өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы 10 Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, баяндама тақырыптары: «Материалдар мен жабдықтарды қайта пайдалану» және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны декарбонизациялау;
  • 2022 жылғы 26 қыркүйек - «Халықаралық металлургия саммиті», Қазақстан Алматы қ., баяндама тақырыбы: «Қазатомөнеркәсіпті декарбонизациялау стратегиясы»;
  • 2022 жылғы 16-17 маусым - 12 Astana Mining & Metallurgy тау-кен металлургия конгресі, Астана қ., баяндама тақырыбы: «Қазатомөнеркәсіпті декарбонизациялау стратегиясы және ESG бойынша жұмыс»;
  • 2022 жылғы 27 мамыр - «Qazaq Independent Directors» алаңы, Алматы қ., баяндама тақырыбы: "ESG және Қазатомөнеркәсіптегі декарбонизация";
  • 2022 жылғы 18-19 мамыр – «Digital mining & metallurgy» «SmartGOPro» халықаралық онлайн конференциясы, баяндама тақырыбы: «Қазатомөнеркәсіптің декарбонизация және ESG бағдарламасы»;
  • 2022 жылғы 6 сәуір Linux Forum Kazakhstan, Астана қ., баяндама тақырыбы: «ESG және Қазатомөнеркәсіпті декарбонизациялау жоспарлары».

8.2

Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары секторларға және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу

  • Компанияның 2022 жылға арналған сатып алу жоспары SAP ERP жүйесінде толығымен қалыптасты;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобында лицензиялық тазалыққа қол жеткізу жөніндегі жол картасына сәйкес 2022 жылға арналған іс-шаралар орындалды;
  • «Тау-кен дайындау жұмыстары кезінде байлау процестерінің тиімділігін арттыру» жобасы іске асырылуда. 2022 жылы бекітілген іс-шаралар орындалды. Оңтайландыру пайдасы 2,4 млрд теңгені құрады;
  • Топ зияткерлік меншік объектілеріне 16 өтінім беріп, зияткерлік меншік объектілеріне 15 қорғау құжаттарын алды.

8.4

2030 жылдың соңына дейінгі бүкіл мерзім ішінде тұтыну мен өндіріс жүйелеріндегі ресурстарды пайдаланудың жаһандық тиімділігін біртіндеп арттыру және тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін пайдалануға көшу жөніндегі іс-қимылдардың он жылдық Стратегиясында көзделгендей, экономикалық өсу қоршаған ортаның жайкүйінің нашарлауымен қатар жүрмейтіндігіне ұмтылу, бұл ретте бірінші болып дамыған елдер айналысуға тиіс.

  • 2022 жылы бірыңғай корпоративтік геоақпараттық қызметті әзірлеу жобасы басталды, оның аясында Сырдария және Шу-Сарысу провинцияларының кеніштері объектілерінің цифрлық карталарын контентпен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде;
  • «ҮМЗ» АҚ және «СКЗ-Ю» ЖШС-де қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторинг жүйесін (АМЖ) орнатуға дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. АМЖ орнату бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған;
  • «Үлбі металлургия зауыты» АҚ барлық ядролық қондырғыларында өзінөзі қамтамасыз ететін тізбекті ядролық реакцияның пайда болуы туралы авариялық дабыл жүйесінің дабылы бойынша персонал мен қызметтердің аварияға қарсы жаттығулары өткізілді;
  • 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС аффинаж цехын жаңғырту жобасының ЖСҚ әзірленді. 2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС аффинаж цехын жаңғырту жобасы бойынша ҚМЖ-ға кірісті;
  • «Материалдар мен жабдықтарды қайта пайдалану» жобасын іске асырудың арқасында 2022 жылы 6,3 млрд теңге сомасындағы пайдаға қол жеткізілді, сондай-ақ металл сынықтары қалдықтарының түзілуі 2 250 тоннаға қысқартылды.

8.5

2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлерді, оның ішінде жастар мен мүгедектерді толық және нәтижелі, сондай-ақ лайықты жұмыспен қамтуды және құндылығы бірдей еңбек үшін тең ақы төлеуді қамтамасыз ету

  • Персоналды іріктеу ісі жұмыспен қамту орталықтары арқылы, оқу орындары, электрондық еңбек биржасы және өзге де интернет-ресурстар арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2021 жылы конкурстық орта корпоративтік орталық бойыншабір бос жұмыс орнына 16 адамды, ЕТҰ бойыншабір бос жұмыс орнына 10 адамды құрады;
  • Сала үшін бейінді мамандықтар мен кәсіптер бойынша 269 студент Компанияның қаражаты есебінен ҚР жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуда;
  • Ерлер мен әйелдер тең жұмыс, жұмыспен қамту және тең жалақы деңгейіне бірдей үміт арта алады;
  • Жас мамандарды дамытуға бағытталған жергілікті «Ізбасар» бағдарламасы жұмыс істейді.

8.8

Еңбек құқықтарын қорғау және еңбекші көшіп-қонушыларды қоса алғанда, барлық еңбекшілер, әсіресе көшіп-қонушы әйелдер мен тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

  • Қызметкерлердің 99% ұжымдық шартпен қамтылған;
  • Топ қызметкерлерінің 100% еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылды;
  • Барлық өндіруші ЕТҰ-ларда 2021 жылы енгізілген «Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» корпоративтік стандарты енгізілді.

9.1

Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, барлық адамдар үшін арзан әрі тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді және орнықты инфрақұрылымды дамыту

  • 2,6 млрд теңге әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ өңірлер бюджеттеріне инфрақұрылымды дамытуға бағытталды
  • 928,8 млн теңге әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталды, оның ішінде жедел жәрдем станциясын, балалар ойын және спорт алаңдарын салу, оқу жабдықтарын сатып алу, елді мекендерді абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмір, азық-түлік себеттерін, мектеп керек-жарақтарын, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу түрінде қаржылық көмек көрсету, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік маңызды бастамалар бар.

9.4

2030 жылға қарай ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен қолдану есебінен оларды тұрақты ете отырып, жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

  • Ұңғымаларды салу шығындары 112,9 млрд теңгені құрады;
  • 22,7 млрд теңге өндіру кәсіпорындарының өндірісін қолдауға бағытталған;
  • 27,2 млрд теңге сервистік кәсіпорындар өндірісін қолдауға бағытталған;
  • «Инкай» БК» ЖШС-інің өндірістік қуаты УШТ түрінде 4 000 тонна уран өндіретін аффинаждық цех құрылысының жобасы іске асырылуда. Жоба өндірістік қуаттылықты жылына 3 200 тоннадан 4 000 тоннаға дейін кеңейтуге және дайын өнімнің жаңа түрі – уранның шала тотығы-тотығына көшуге мүмкіндік береді;
  • «Орталық» ӨК» ЖШС-інде қуаттылығы жылына 900 тонна Жалпақ жерүсті қайта өңдеу кешенін салу жобасы жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу кезеңінде. Жоба қызметтің тиімділігін арттыруға және өндірісті дамытуға бағытталған. Негізгі пайда - өндіруді кеңейту;
  • «ҮМЗ» АҚ-да қуаттылығы жылына 6000 тонна уранның шала тотығы-тотығын аффинаждық өндіру жобасы жобалық құжаттама әзірлеу кезеңінде. Жоба ядролық-отын циклінің өндірісін дамыту мақсатында іске асырылуда. Күтілетін артықшылықтар: бизнесті әртараптандыру, жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару;
  • Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу жобасы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезеңінде. Жоба тау-кен кәсіпорындарын күкірт қышқылымен қамтамасыз етуге және тапшылықты азайтуға бағытталған.

9.5

Ғылыми зерттеулерді жандандыру, барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және 1 млн адамға есептегенде ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір ұлғайту жолымен ынталандыру

  • Жалпы сомасы 6,829 млрд теңгеге ҒЗТКЖ 65 шарт жасалды;
  • 264 адам, оның ішінде 4 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы санын құрайды;
  • Топ қызметкерлері 2 236 рационализаторлық ұсыныс жасады, оның ішінде 2 016 - қабылданды, 1 292 – енгізілді;
  • «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ, «Хорасан-U» БК» ЖШС және «Орталық» ӨК» ЖШС өнертабысты пайдалануға құқық беру туралы төрт шартқа қол қойылды.

9.6

Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулер мен инновацияларды, оның ішінде өнеркәсіпті әртараптандыру және шикізат салаларында қосылған құнды ұлғайту арқылы қолайлы саяси ахуал құру арқылы қолдау

  • Қазатомөнеркәсіп Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда, оның негізінде еліміздегі алғашқы атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы (МЕНОЦАП) құрылды;
  • ҒЗТКЖ-мен ынтымақтастық туралы және инновациялар бойынша бірқатар меморандумдар жасалды.

12.2

2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу

  • Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған зерттеулер бойынша жұмыс жүргізілуде:
    • Өндірістік объектілердің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу;
    • Уран өндіру қызметінің қоршаған орта (ҚО) объектілеріне және жергілікті халыққа әсерін кешенді бағалау, ҚО сапасын жақсарту және жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында "Тұрақты даму мақсатында кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу (GRI стандарттары)" (ESRP) (20222024 жж.) бағдарламасын іске асыру басталды;
    • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және GRI стандарттарына сәйкес кәсіпорында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу процестерін оңтайландыру бойынша зерттеулер.

12.4

2020 жылға қарай келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды оларды қолданудың барлық кезеңдерінде экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін едәуір азайту

ҒЗТКЖ іске асыру шеңберінде мынадай жобалар іске асырылды:

  • Ұңғымалық сорғы жабдықтарын басқаруға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу;
  • «Инкай» кен орнының кенішіндегі геофизикалық зерттеулер кешеніне ұңғымааралық кеңістіктің радиотолқынды геоинтроскопиясы (РТГИ) әдісімен уранды игеру процесінің 4D мониторингі бойынша аппаратураны, БҚ мен технологияны енгізу;
  • ИККҰҚ инклинометрімен және каверномерімен біріктірілген кешенді ұңғыма құралын әзірлеу және дайындау;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Zero Waste» қалдықсыз өндіріс мәдениетін дамыту бағдарламасы (І кезең, 2022 ж.). ЕТҰ қалдықтарын қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға қабылдайтын мердігер ұйымдарға аудит жүргізілді, мердігер ұйымдардың есептілігіне қойылатын талаптар әзірленді. Қалдықтарды кәдеге жарату қалдықтарды басқару иерархиясына сәйкес жүзеге асырылады. Қалдықтардың 75%-ы қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберіледі;
  • 12 уран кеніші, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ (Курчатов қаласындағы ТБК және Өскемен қаласындағы ҮМЗ) үшін жедел деректер бойынша топырақтың, судың, атмосфералық ауаның жай-күйін өндірістік экологиялық бақылауға (ӨЭБ) талдау жүргізілді;
  • Жыл сайын Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейтін ауданда жер үсті және жер асты суларына мониторинг жүргізіледі.

12.5

2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау жолымен олардың көлемін едәуір азайту

  • ЕТҰ-да қауіпті емес қалдықтарға жататын бұрғылау шламдарын орналастыру мен ұзақ сақтаудың жеке полигондары бар (негізгі құраушылары минералдар, сазды және құмды бөлшектер, улы емес, радиоактивті емес);
  • Қазатомөнеркәсіп кеніштерінің аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын бөлек жинау пункттері және арнайы уақытша сақтау орындары ұйымдастырылды;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға шығару тұрақты түрде уақытылы орындалды;
  • «Zero Waste» қалдықсыз өндіріс мәдениетін дамыту бағдарламасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (ІІІ кезең – 2024 ж.) өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми негізделген нормативтік құжаттарды әзірлеу көзделген.

12.6

Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну

  • Қазатомөнеркәсіптің уран шикізатын өндіру жөніндегі өндірістік процестері жер асты ұңғымалы шаймалаудың неғұрлым экологиялық технологиясына негізделген;
  • Компания жыл сайын біріктірілген есептерді дайындайды, онда ESG салаларында, атап айтқанда бірнеше жыл динамикасында басқарудың ұтымды тәсілдерін енгізу, үнемді өндіріс және өндірісті жаңғырту арқасында Топтағы ресурстарды тұтыну қалай өзгеретінін көрсететін өзінің ықпалын ашады;
  • Тұрақты даму жөніндегі есептілікке қойылатын халықаралық талаптарға (GRI) сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жинау үшін бейімделген нысандар қабылданды;
  • Уран өндіруші кәсіпорындардың жер қойнауын пайдалану салдарын жою құнын бағалаудың бірыңғай үлгісі әзірленді.

13.1

Барлық елдерде қауіпті климаттық құбылыстар мен табиғи апаттарға қарсы тұру және бейімделу қабілетін арттыру

  • Жаңартылатын/баламалы энергия көздерінің көлемін ұлғайту шеңберінде халықаралық инвестициялық компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде;
  • Декарбонизация және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу корпоративтік стратегиясын іске асыру шеңберінде 2022 жылы дизель отынынан сұйытылған газға (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес) ауыстырылған «Қаратау» ЖШС вахталық кентінің қазандық қондырғыларының су жылыту қазандықтары пайдалануға берілді.

13.3

Климаттық өзгерістердің өткірлігін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша оқу-ағартуды, ақпарат таратуды, адамдар мен мекемелердің мүмкіндіктерін жақсарту

  • Экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру: сенбіліктер, аумақты көркейту, ағаш отырғызу, «Жер күні» акциясына қатысу және т.б.

Екінші басымдықтағы БҰҰ ТДМ қол жеткізуіне қосқан үлесі

Есепті кезеңде Компания екінші басымдықтағы БҰҰ ТД мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуды жүзеге асыруды жалғастырды.

БҰҰ ТДМ БҰҰ ТДМ міндеттері 2022 ж. негізгі нәтижелер

4.4

2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті дағдыларға, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдыларға ие жас және ересек адамдардың санын едәуір ұлғайту

  • Қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестерін жүйелендіруге бағытталған 2019-2023 жылдарға арналған кешенді білім беру бағдарламасын іске асыру;
  • Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату, жас мамандарды тағылымдамадан өткізу және жұмысқа орналастыру;
  • Мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысы;
  • National Geographic Qazaqstan журналымен ынтымақтастық, Түркістан қаласы мен Созақ ауданының мектептері үшін журналға жазылу ұсынылады. Ынтымақтастық аясында журнал редакциясы экологиялық білім беру тақырыбында онлайн-семинарлар өткізеді;
  • Жыл сайынғы SANA ақпараттық лагері оқушылардың көшбасшылық әлеуетін дамыту үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысатын өңірлер мектептерінің 9, 10, 11-сыныптарының жоғары сынып оқушыларын қабылдайды

6.3

2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтардың тасталуын жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған сарқынды сулардың үлесін екі есе азайту және рециркуляция ауқымын едәуір ұлғайту және сарқынды суларды бүкіл әлемде қауіпсіз қайта пайдалану арқылы судың сапасын арттыру

  • ЕТҰ-да жасыл желектерді суару және кеніштердегі шаңды басу үшін тазартылған суды пайдалануға мүмкіндік беретін ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар мен суды биологиялық тазарту станциялары енгізілуде;
  • Өндіруші кәсіпорындарда жинақтағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, сүзу алаңдары, септиктер орнатылған.

6.4

2030 жылға қарай барлық секторларда су пайдаланудың тиімділігін елеулі түрде арттыру және су тапшылығы проблемасын шешу және су тапшылығынан зардап шегетін адамдар санын едәуір қысқарту үшін тұщы суды тұрақты алу мен беруді қамтамасыз ету

  • Жер асты суларынан су алу мөлшері 9 188,9 мегалитрді құрады;
  • Муниципалды және басқа сумен жабдықтау жүйелерінен су алу мөлшері 608,9 мегалитрді құрады.

10.2

2030 жылға қарай жасына, жынысына, мүгедектігіне, нәсіліне, ұлтына, тегіне, дініне және экономикалық немесе өзге мәртебесіне қарамастан барлық адамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу

  • Компаниядағы кемсітушілік жағдайы – 0;
  • Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігі, ұжымдағы мазасыздық жағдайы, кемсітушілік көрінісі және басшылармен қарым-қатынастағы проблемалар туралы хабардар болу деңгейін анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді;
  • Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігі туралы хабардарлығын, ұжымдағы мазасыздық жағдайын, кемсітушіліктің көрінісін және басшылармен қарым-қатынаста орын алған мәселелерді анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.

15.1

2020 жылға қарай халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелері мен олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулыбатпақты алқаптарды, таулар мен қуаң жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды

  • Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды және бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүзеге асыру тәртібіне жалпы талаптарды белгілейтін "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары" 5.3.2-2022 ҰАК СТ;
  • «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Қоршаған ортаны қорғау. Жерасты ұңғымаларын шаймалау кәсіпорнының өндірістік экологиялық бақылауының типтік бағдарламасы» 5.3.3-2022 ҰАК СТ.

15.5

Табиғи мекендеу ортасының азып-тозуын тежеу жөнінде дереу маңызды шаралар қабылдау, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және 2020 жылға қарай жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және олардың жоғалып кетуінің алдын алуды қамтамасыз ету

  • 2022 жылы «Заречное» кенішінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстары аяқталды. Биоалуантүрліліктің жай-күйін бағалай отырып, өндірістік және оған іргелес аумақтарда кешенді экологиялық зерттеулер, жақын маңдағы елді мекендерде (Көксарай және Сарыкөл ауылдарында) топырақ пен ауыз суды зерттеу орындалды;
  • «Семізбай-U» ЖШС Семізбай және Іркөл кен орындарындағы дала жұмыстарының нәтижелері бойынша жаңа деректер жиналды, фауна өкілдерінің индикаторлық түрлерін құжаттау үшін сәйкестендіру және мониторинг жүргізілді, популяциялар санын зерттеу, фотоматериалдар мен олардың қызметінің іздерін жинау орындалды;
  • Сирек кездесетін және жоғалу қаупі төнген түрлерді (Қызыл кітап) анықтау жүргізілді.

16.5

Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық нысандарындағы ауқымын едәуір қысқарту

  • 2019 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп Қазақстан мен Ұлыбритания заңдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күшейтілген бағдарламаларды енгізуде;
  • Қазатомөнеркәсіпте және 23 еншілес және тәуелді ұйымдарда комплаенс бойынша мамандар бекітілді және тиімді жұмыс істейді, олардың өкілеттіктеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама және жұмыс мәселелері кіреді;
  • Топ кәсіпорындарында жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі;
  • Топтың комплаенс-мамандары контрагенттерге (due diligence), оның ішінде олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тартылуы тұрғысынан комплаенс-тексеру жүргізеді;
  • Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері арасында да, жеткізушілер арасында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
  • Сатып алу шарттарында 2019 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту күшейтілді;
  • Сатып алу шарттарына 2021 жылдан бастап өнім берушінің әдеп кодексі енгізілді, ол басқалармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бөлігінде өнім берушілердің мінез-құлық қағидаларын белгілейді. Осы кодексті бұзу Қазатомөнеркәсіптің Шартты біржақты тәртіппен бұзуы үшін негіз болып табылады;
  • «Жедел желіге» келіп түскен 88 өтініш қаралды.

17.6

Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Жаһандық әріптестігін нығайту

  • Қазатомөнеркәсіп ядролық саладағы 6 халықаралық кәсіби ұйымының, ұлттық деңгейдегі 4 салалық ұйымның және тұрақты даму саласындағы 1 халықаралық ұйымның мүшесі;
  • Компания жыл сайын біріктірілген жылдық есептерді жариялайды, онда GRI стандарттарына сәйкес қаржылық емес есептілікті ашады;
  • Компания біріктірілген жылдық есептердегі қаржылық емес деректерді тексеру үшін тәуелсіз аудиторды тартады.

БҰҰ-ның Жаһандық келісім қағидаттарын ұстану

GRI 2-23

2021 жылы Қазатомөнеркәсіп БҰҰ Жаһандық шарты (БҰҰ ЖШ) бастамасының ресми қатысушысы болды және осы бағытта жұмысын жалғастыруда. Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Жаһандық шарттың он қағидаты Компания өзі үшін ең маңызды және өзекті деп анықтаған маңызды тақырыптарға енгізілген. БҰҰ ЖШ-мен ынтымақтастық инвестициялық қоғамдастық тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді, Он Қағидатты дәйекті және келісілген түрде іске асырудағы өзінің ілгерілеуін өлшеуге және көрсетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өзінің ілгерілеуін басқа әлемдік компаниялардың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Жыл сайын БҰҰ ЖШ қатысушылары БҰҰ ЖШ ресми сайтында қолжетімді Ілгерілеу туралы есепті жариялайды. 2023 жылдың маусым айында Қазатомөнеркәсіп өзінің ілгерілеу туралы алғашқы есебін шығарады. Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіптің қызметкерлері БҰҰ ЖШ академиялық платформасына қол жеткізе алады, онда ай сайын жаһандық ESG күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың көпшілігін қамтитын түрлі семинарлар мен конференциялар өткізіледі.

Қағидаттар Есеп бөлімі
1. Іскер топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауы және құрметтеуі керек Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
2. Іскер топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
3. Іскер топтар бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы керек Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
4. Іскер топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюды жақтауы керек Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
5. Іскер топтар балалар еңбегін толығымен жоюды жақтауы керек Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
6. Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы тиіс Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз
7. Іскер топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге бағытталған тәсілді қолдауы керек Планетамызға қамқорлық көрсетеміз
8. Іскер топтар қоршаған ортаның жайкүйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдауы тиіс Планетамызға қамқорлық көрсетеміз
9. Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс Планетамызға қамқорлық көрсетеміз
10. Іскер топтар сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы керек Корпоративтік әдеп и комплаенс

Мүдделі тараптармен қарымқатынас орнату

GRI 2-29

Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптар үшін олардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес ұзақ мерзімді құндылықтар жасауды өзінің мақсаты деп санайды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Компания өзара іс-қимылдың әртүрлі тәсілдері мен коммуникация арналарын пайдалана отырып және екі жақты коммуникация жүйелерін жетілдіруге және кері байланыс алуға ерекше назар аудару арқылы стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құрады.

Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын реттейтін негізгі құжаттар - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ақпаратты ашу саясаты» және «Стейкхолдерлер картасы».

Қазатомөнеркәсіптің ағымдағы қызметіне және стратегиялық дамуына әсерін бағалау, сондай-ақ Компанияның сыртқы мүдделі тараптармен қалыптасқан өзара іс-қимыл тәжірибесі және олардың оның жұмысының нәтижелеріне тәуелділігі одан әрі өзара іс-қимыл жасау мақсатында мүдделі тараптарды анықтау және іріктеу үшін негіз болып табылады.

Мүдделі тараптармен байланыс арналары:

Компания жыл сайын мүдделі тараптардың картасын өзектендіреді. 2022 жылы картаның өзектілігі менеджмент сауалнамасымен расталды.

2022 жылғы Қазатомөнеркәсіптің мүдделі тараптарының дәрежелік картасы

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктері

GRI 2-29
Стейкхолдердің Компанияға деген қызығушылығы Өзара әрекеттесу тетіктері
Акционерлер

Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық нәтижелілік;

Даму және дивидендтер үшін бос қаражат;

Таза активтердің құны (NAV);

Корпоративтік басқару рейтингі;

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Компания акционерлерінің, ДК және Қор Басқармасының, Компанияның ДК жалпы отырысының шешімдері;

Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, кеңестер, келіссөздер, кездесулер өткізу;

Қормен бірге тұрақты даму үдерістерін іске асыру мәртебесін талқылау;

Келісілген үлгіде Акционерлерге, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мерзімді есеп беру;

ДК бейінді комитетімен тұрақты даму бойынша арнайы сессия өткізу;

Топ қызметінің мәселелері бойынша хат алмасу;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

Ішкі корпоративтік байланыс арналары;

Жылдық есеп пен Компанияның интернет-ресурстары.

Тұтынушылар

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Өнімдер мен қызметтерді таңбалау;

Маркетингтік коммуникациялар;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Тұтынушылармен кері байланыс жүйесі;

Кездесулер, келіссөздер, сауалнама жүргізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Инвестициялық сарапшылар

Компания қызметінің түрлі аспектілерін талдау;

Компанияны аналитикалық рейтингтерге қосу.

Конференциялар, форумдар, талдаушы күндері, өндірістік алаңдарға сапарлар, инвесторлармен жыл сайынғы кездесулер;

Кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары;

Тоқсан сайынғы операциялық нәтижелер;

Тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және баспасөз хабарламалары.

Менеджмент пен персонал

Жұмыспен қамту, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы, кемсітушілікке жол бермеу/Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер/ Қызметкердің жұмысына, сондай-ақ компанияның оның бақылауындағы қызметтерінің жұмысына қанағаттану деңгейі;

Оқыту және білім беру;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.

Қызметкерлерге сыйақы берудің әділ және ашық шарттары, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары;

Кадрлық әлеуетті дамыту;

Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламаларын іске асыру;

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқыту және дамыту бағдарламалары;

Басшылықпен тұрақты кездесулер, келіссөздер жүргізу;

Қызметкерлерді Компания қызметі, кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы корпоративтік журналдар, әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

«Жедел желі», ішкі корпоративтік коммуникация арналары, Компанияның интернет-ресурстары.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер

Конкурстарға қатысуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайда;

Отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Сатып алу тәсілдерінің әртүрлілігі;

Тұрақты талдамалық кездесулер, келіссөздер, іскерлік хат алмасу жүргізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою, лицензиялау;

Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат/есептілік;

Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша есеп беру;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарастыру;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары;

Сатып алу порталында және Компанияның ресми сайтында ақпаратқа ашық қолжетімділік.

Бизнес-қоғамдастықтар (қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ)

Компанияның салалық стандарттарды жетілдіруге және сақтауға қатысуы;

Компанияның бизнес-ортаны жетілдіруге қатысуы;

Бизнес-ортаның мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл тетіктері арқылы мемлекеттік органдарда Компанияны қолдау, Компанияның заңнамалық бастамаларын ілгерілетуге жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Серіктестер

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Компания және барлық уран өндіруші ЕТҰ бойынша өндірілген уранның шала тотығы-тотығының меншікті өндірістік өзіндік құны.

Құрылтай шарттары;

Компания акционерлерінің/ЕТҰ қатысушыларының жалпы жиналысының, ДК/ЕТҰ БК, бірлескен консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері;

Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, тексерулер жүргізу;

Жиналыстар, келіссөздер, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу;

Ағымдағы қызмет туралы есептер;

ЕТҰ қызметі мәселелері бойынша хат алмасу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Мемлекеттік органдар

Талаптарға сәйкестік, тұрақтылық және бизнестің орнықтылығы;

Жұмыс орындарын құру және сақтау;

Халықаралық аренада елдің экономикалық мүдделерін білдіру (ҚР уран саласын дамыту тұрғысында ел үшін экономикалық, саяси және имидждік пайда);

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру, ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты, жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу актісін келісу;

Сұраныстарға сәйкес өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат/есептілік;

Келіссөздер, іскерлік хат алмасу, аппараттық, өндірістік, жедел және өзге кеңестер, сауалнама жүргізу;

Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерін орындау бойынша есептер, ҚР Энергетика министрлігіне (ЭМ) тоқсан сайынғы есеп, Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептілік;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Халықаралық ұйымдар

Компанияның халықаралық келісімдерге, бастамаларға қатысуы

Конференциялар, форумдар, жыл сайынғы кездесулер;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Кредит берушілер

Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық тиімділік;

Даму және дивидендтер үшін бос қаражат;

Таза активтердің құны (NAV);

Инвестициялау және сатып алу тәжірибесі/Сатып алу категориялық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайда

Тұрақты талдамалық кездесулер мен келіссөздер жүргізу, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Жергілікті атқарушы органдар

Талаптарға сәйкестік, жұмыс орындарын құру және сақтау, демеушілік және қайырымдылық көмек;

Компания қызметкерлерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау;

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Өңірлердің әлеуметтік саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Компания арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар;

Жергілікті атқарушы органдар мен Компания арасындағы өңірлердің әлеуметтік саласын қаржыландыру жөніндегі бас келісімдер;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті тұрғындар

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру;

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту;

Заңнамалық талаптарға сәйкестік, демеушілік және қайырымдылық көмек;

Оқыту және білім беру.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу;

ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

Компания мен ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар ету;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарастыру;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Кәсіподақ

Жұмыс орындарын құру және сақтау;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Ұжымдық шартпен Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу;

ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оқыту және білім беру, қауіпсіз еңбек жағдайлары;

ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар ету;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қабылдау;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер, ішкі корпоративтік коммуникация арналары;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Еншілес және тәуелді ұйымдар

Жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарымқатынасы, кемсітушілікке жол бермеу, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыту және білім беру;

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу, өнімдер мен қызметтерді таңбалау.

Компанияның акционер/ЕТҰ қатысушысы ретіндегі шешімдері;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы құпиялылық туралы келісімге сәйкес есептілік;

Компания акционерлерінің/ЕТҰ қатысушыларының жалпы жиналысының, ДК/ЕТҰ БК шешімдері;

ҚР Заңнамасының және топтың ішкі құжаттарының сақталуын тексеру;

Қоғамның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Мемлекеттік органдардың сауалы бойынша Компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша ақпарат ұсыну;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Бұйрықтар мен өкімдер, Компанияның ЕТҰ менеджментін тыңдау;

Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлардың/міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат/есептер;

Аппараттық, өндірістік жедел және басқа кеңестер, қоғамдық тыңдаулар өткізу;

Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар, оқыту және білім беру;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер, ішкі корпоративтік коммуникация арналары; Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Мамандандырылған ұйымдар (оның ішінде «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры)

Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторының функцияларын іске асыру.

Кіріс және шығыс хат-хабарлар;

Іскерлік хат алмасу;

Жиналыстар, келіссөздер, өзгелер;

Ағымдағы қызмет туралы есептер;

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау;

Жедел желі;

Компанияның интернет-ресурсы

Қор биржалары

Ережелерді сақтау;

Қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты уақтылы ұсыну.

Кездесулер, келіссөздер өткізу;

Компанияның интернет-ресурсы;

Есеп;

Ағымдағы қызмет туралы есептер;

Биржалық реттеушінің интернет-ресурсы.

Мүдделі тараптар мен компания арасындағы консультациялар

Қазатомөнеркәсіпте мүдделі тараптардың түйінді топтары мен корпоративтік басқарудың жоғары органы арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар өткізудің ерекше рәсімдері қабылданды.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер Директорлар кеңесінің мамандандырылған комитеттері деңгейінде және ЕТҰ қадағалау кеңестері деңгейінде тұрақты түрде қаралады. ДК комитеттері орындаған негізгі жұмыс нәтижесінде, атап айтқанда алдын-ала қарау, ДК құзыретінің маңызды мәселелерін пысықтау және осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдар қалыптастыру нәтижесінде ДК үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға сәтті төтеп беруге және тез бейімделуге және корпоративтік басқарудың аса маңызды қағидаттарын сақтауға мүмкіндік алады.

Теріс әсерлерді жою процестері

GRI 2-25

Жария компания бола отырып, Қазатомөнеркәсіп ақпаратты ашу жөніндегі листингтік ережелер мен талаптарды қатаң сақтайды. Компанияда енгізілген корпоративтік басқару жүйесі қызметтің барлық салаларында: адам құқықтарын қорғау, акционердің мүдделерін қорғау, кадр саясаты, жеткізушілермен өзара іс-қимыл, заңдылық пен әдеп, өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысы, сондай-ақ ықтимал және/немесе туындайтын жағымсыз әсерлерді жоюға байланысты мәселелер мен процестер бойынша тиісті басқару мен бақылауды қамтамасыз ете отырып, тиімділік, жеделдік және ашықтық қағидаттарына негізделеді.

Біз өз қызметімізге және/немесе заңнаманы бұзуға байланысты кез келген оқиға теріс салдарға әкелуі мүмкін екенін жете түсінеміз, олар – қаржылық шығындар, инвесторлар мен стейкхолдерлердің сеніміне нұқсан келтіру, акциялар бағасының төмендеуі, Компанияның беделіне нұқсан келтіру, айыппұлдар және т.б. болуы мүмкін.

Қазатомөнеркәсіп екіжақты коммуникация жүйелерін жетілдіруге ерекше назар аударуға мүмкіндік беретін коммуникацияның әртүрлі тәсілдері мен арналарын пайдалана отырып, барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесін құрды және құруды жалғастыруда.

Компанияда жағымсыз салдарды анықтау және/немесе жою бойынша тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптарға ықтимал және/немесе нақты жағымсыз әсерлер туралы алаңдаушылық білдіруге, сондай-ақ ден қоюға және оларды жоюға қол жеткізуге мүмкіндік беретін шағымдарды қараудың түсінікті және қолжетімді тетіктері құрылды. Компанияның барлық қызметкерлері және барлық мүдделі тараптар құрылған байланыс арналары арқылы өз тілектерімен, сұрақтарымен, ұсыныстарымен немесе шағымдарымен жүгіне алады. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі құжаттарында жағымсыз әсерлер туындаған және/немесе басталған жағдайда кез келген мән-жайлар және/немесе іс-әрекеттер туралы белгілі болған барлық қызметкерлерге міндетті түрде олар туралы «Жедел желіге», ішкі корпоративтік байланыс арналары, Компания әлеуметтік желілері немесе интернет-ресурсы арқылы хабарлау міндеті көзделген. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп құпиялылық пен анонимділікке кепілдік бере отырып, бар немесе жоспарланып отырған бұзушылықтар туралы хабарламаларға жауап ретінде репрессиялық шаралар қабылдауды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Барлық мәлімделген мәселелердің маңыздылығы өтініштің әрбір жеке тақырыбына бекітілген және жауап беретін өлшемшарттарға сәйкес бағаланады. Туындаған/ықтимал қолайсыз әсерге және/немесе келіп түскен шағымға байланысты Қазатомөнеркәсіп тиісті түзету шараларын қабылдайды.

Осылайша теріс әсерімізді жою үшін біз барлық ықтимал тәуекелдерді алдын-ала анықтауға және операциялық, экологиялық және қаржылық зиянның әсерін ең төменгі деңгейге дейін төмендетуге тырысамыз. Бұл тәсілді Компания стратегияны, бизнесті жоспарлауды, бизнес операцияларын және капитал құнын құру процестерін қоса алғанда, барлық тиісті бизнес-процестерде қолданады және теріс әсерлерді анықтау мен жоюда, сондай-ақ тәуекелдерді азайтуды бақылауда өзінің тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ қауіпті жағдайларды, ықтимал аварияларды/оқиғаларды зерттеудің және қоршаған орта жағдайлары туралы хабардар болудың қатаң процестерінің, сондай-ақ жауапты тәсілдің арқасында Қазатомөнеркәсіп жағымсыз әсерлердің туындауына және/немесе оларды жоюға жол бермеу үшін барабар және уақтылы шаралар қабылдайды.

Біздің байланыс арналарымыздың тиімділігі корпоративтік мәдениетті диагностикалау негізінде, атап айтқанда Компания ішіндегі персоналдың тартылуы мен өзара іс-қимылы, дағдарыстық жағдайларды шешудің жеделдігі, өндірістің тиімділігі және Компания дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу арқылы бағаланады.

Экономикалық құндылықты құру

GRI 3-3

Қазатомөнеркәсіп акционерлерге, қызметкерлерге, серіктестерге және басқа да мүдделі тараптарға экономикалық құнды құру нәтижелері туралы ашық және айқын хабарлайды. Осы көрсеткішті ашу Компанияның стейкхолдерлеріне Топтың есепті кезеңде экономикалық құнды қалай құратынын және оны қалай бөлетінін көруге мүмкіндік береді.

2022 жылы бөлінбеген экономикалық құн 472,96 млрд теңгені құрады.

Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млрд теңге

GRI 201-1
Бап Мүдделі тараптар тобы 2020 2021 2022
Құрылған тікелей экономикалық құн
Кірістер56 Мүдделі тараптардың кең тобы 667,12 761,53 1 146,9
Бөлінген экономикалық құн, оның ішінде
Операциялар шығындар57 Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер 288,11 373,59 440,95
Жалақы Қызметкерлер 50,72 53,05 71,69
Қаржылық шығындар Акционерлер, кредит берушілер, инвестициялық сарапшылар 7,68 6,71 8,43
Табыс салығынан басқа салықтар Мемлекеттік органдар 24,73 26,14 32,57
Табыс салығы бойынша шығындар 63,78 61,62 110,74
Өзге шығындар 9,73 15,86 8,43
Әлеуметтік салаға арналған шығындар (жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар) Жергілікті тұрғындар 1,01 4,54 1,13
Бөлінбеген экономикалық құн 221,37 220,03 472,96

Маңызды тақырыптарды анықтау

GRI 3-1

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі листингтік агенттігінің DTR 4.1.3 (UKLA's Disclosure and Transparency Rules) ашықтық және айқындылық талаптарына, Қазақстан қор биржасының (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) жылдық есептілікті жариялау туралы талаптарына сәйкес болу және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу» қағидаларының және Компанияның Корпоративтік басқару кодексі ұсынған корпоративтік басқару стандарттарының талаптарын сақтау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылғы біріктірілген жылдық есебін дайындау GRI, SASB және TCFD қаржылық емес есептілік стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Жаңартылған GRI 2021 стандарттарының күшіне енуіне байланысты, атап айтқанда GRI 1: Негіздер 2021 (GRI 101: 2016 ауыстырады) және GRI 3: Маңызды тақырыптар 2021 (GRI 103: 2016 ауыстырады) стандарттарының жаңартылуымен Компанияның БЖЕ-де ашылуы үшін маңызды тақырыптарды анықтауда қабылданған тәсілді қайта қарау қажеттілігі туындайды. GRI 3: Маңызды тақырыптар 2021-ге сәйкес ұйымның жоғарғы басқару органы маңызды тақырыптардың тізімін қарастырып, бекітуі керек. Егер мұндай орган болмаса, тізімді ұйымның аға басшысы немесе аға басшылар тобы бекітуі керек. Сонымен қатар ұйым маңызды әсерлерді анықтаған процесті, оның ішінде оның әсері қалай анықталғанын және маңыздылығына қарай есептілікке қалай басымдық берілгенін сипаттауы тиіс.

Компания 2022 жылы БЖЕ-де ашу мақсатында Қазатомөнеркәсіптің маңызды тақырыптарын анықтау үшін бірқатар іс-шаралар өткізді.

Адам құқықтарына әсерін қоса алғанда, Компанияның елеулі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін көрсететін 2022 жылғы БЖЕ-де ашу үшін маңызды тақырыптарды айқындау үшін мүдделі тараптарға сауалнама жүргізілді. Қазатомөнеркәсіптің атына жауаптар мүдделі тараптардың мынадай топтарынан келіп түсті:

Бағалауға арналған тақырыптар тізбесіне GRI Topic standards тақырыптары және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ көрсеткіштері кірді. Мүдделі тараптарға әр тақырыпты ұйымның экономикаға, қоршаған ортаға және адамдарға әсер ету дәрежесі, соның ішінде олардың адам құқықтарына әсері бойынша 5 балдық шәкіл бойынша бағалау ұсынылды, мұнда 1 балл «өте төмен» және 5 балл «өте жоғары» деп бағаланды. Алдын ала тізімге 5 мүмкін ұпайдан 4 және 5 ұпай жинаған тақырыптар кірді.

Сондай-ақ Компания атом және тау-кен саласындағы көшбасшы компаниялардың маңызды тақырыптарына талдау жүргізді және тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттіктердің ESG маңызды мәселелеріне талдау жасады.

Нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасы бекіткен 2022 жылғы БЖЕ-де ашу үшін 16 маңызды тақырыптан тұратын тізім анықталды.

Тақырыптар маңыздылығындағы өзгерістер

GRI 3-2
2021 2022
Экономикалық тақырыптар
GRI 201 Экономикалық тиімділік GRI 201 Экономикалық тиімділік
GRI 202 Нарықтарға қатысу
GRI 203 Жанама экономикалық әсерлер GRI 203 Жанама экономикалық әсерлер
GRI 204 Сатып алу тәжірибесі GRI 204 Сатып алу тәжірибесі
GRI 205 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл GRI 205 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
GRI 207 Салық
Экологиялық тақырыптар
GRI 302 Энергия GRI 302 Энергия
GRI 303 Су GRI 303 Су
GRI 304 Биоалуантүрлілік және экожүйелер GRI 304 Биоалуантүрлілік және экожүйелер
GRI 305 Шығарындылар GRI 305 Шығарындылар
GRI 306 Төгінділер мен қалдықтар GRI 306 Төгінділер мен қалдықтар
GRI 307 Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкестігі
Әлеуметтік тақырыптар
GRI 401 Жұмыспен қамту
GRI 402 Еңбек және еңбек қатынастары
GRI 403 Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық GRI 403 Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық
GRI 404 Оқыту және білім беру
GRI 405 Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер
GRI 412 Адам құқықтарын бағалау
GRI 413 Жергілікті қауымдастықтар GRI 413 Жергілікті қауымдастықтар
GRI 415 Мемлекеттік саясат
GRI 419 Әлеуметтік-экономикалық сәйкестік
N/A Адам құқықтары
«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ көрсеткіштері
КАП1 Өндірістік учаскелердің өмірлік циклі КАП1 Өндірістік учаскелердің өмірлік циклі
КАП2 Төтенше жағдайларға дайындық КАП2 Төтенше жағдайларға дайындық
КАП3 Радиациялық қауіпсіздік КАП3 Радиациялық қауіпсіздік

2022 жылғы маңызды тақырыптардың тізімі GRI, SASB және TCFD стандарттарының талаптарына сәйкес Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін егжей-тегжейлі ашу үшін 2022 жылғы БЖЕ-ні дайындауда қолданылды.

Сонымен қатар GRI 3-3 стандартының талаптарына сәйкес Компания Қазатомөнеркәсіптің экономикаға, қоршаған ортаға немесе әлеуметтік салаға, оның ішінде адам құқықтарына әлеуетті оң және теріс әсеріне талдау жүргізді.

Біз климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлер мен ESG саясатын дамытудың артықшылықтарын жаһандық талқылау аясында әлемдік қауымдастықтың атом саласына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда декарбонизация экологиялық және климаттық мәселелерді шешудің құралы ғана емес, сонымен қатар өз өнімдерін жаһандық ауқымда саралауды және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады.

Қазатомөнеркәсіп өндірістің жоғары стандарттары мен экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, ұзақ мерзімді құнды құру стратегиясына адалдығын сақтау арқылы энергияға көшу жөніндегі күш-жігерді іске асыруда елеулі рөл атқаруды жоспарлап отыр.

Жаһандық трендтер мен мемлекеттердің міндеттемелерін ескере отырып, Қазатомөнеркәсіп елдің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі үлес қосуға ұмтылады. 2022 жылы Компания көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін декарбонизация стратегиясын әзірледі және бекітті.

Декарбонизация бойынша бекітілген индикаторлардың орындалуы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаның іске асырылуына тікелей байланысты, ол өз кезегінде экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, Компания үшін экономикалық пайда әкеледі.

Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындыларының көрсеткіштері 2021 жылға қарағанда аспады және бір деңгейде қалды. 2023 жылға арналған шығарындыларды азайту бойынша болжалдар 2027 жылға дейінгі бизнес-жоспарда көрсетілген жоспарлардан және Декарбонизация стратегиясының индикаторларынан бірнеше есе асып түсті.

Алия Ақжолова
Өндіріс жөніндегі басқарушы директор

Климаттың өзгеруі және энергия тиімділігі

Біздің тәсіліміз

GRI 3-3

Жаһандық климаттың өзгеруі экономика, қоршаған орта және адам денсаулығы үшін бірқатар маңызды тәуекелдерді туындатуы мүмкін. Олардың негізгілері – су тапшылығы, азық-түліктің жетіспеуі, биоәртүрліліктің жоғалуы және табиғи апаттар.

Климаттың өзгеруімен және оның жағымсыз салдарымен күресу мақсатында 2015 жылдың 12 желтоқсанында 197 ел парниктік газдардың жаһандық шығарындыларын айтарлықтай азайтуға және жаһандық температураның 2 градусқа дейін көтерілуін шектеуге бағытталған Париж келісімін қабылдады. Қазақстан Республикасы Париж келісімін ратификациялады және өзі үшін төмен көміртекті даму векторын айқындай отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенді.

Жаһандық басымдықтарды және ұлттық стратегияны ұстана отырып, Қазатомөнеркәсіп климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосуға ұмтылады. Уран шикізатын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы бола отырып, Компания атом электр станциялары үшін отынның негізгі жеткізушісі болып табылады және әлемдік атом энергетикасының дамуын қамтамасыз етеді, осылайша климаттың өзгеруіне қарсы күресте елеулі жанама оң әсер етеді. 2022 жылы орын алған жаһандық таксономиядағы өзгерістерді3 ескере отырып, қазір атом энергетикасы ресми түрде экономиканың төмен көміртекті салаларының бірі болып табылады және атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді.

Климаттық әсерді азайту – Қазатомөнеркәсіптің негізгі бағыттарының бірі, әсіресе ұсынымдары климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тиімдірек басқаруға және барынша негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға көмектесетін TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) бастамасы аясында.

Есепті кезеңде климаттық әсерді азайтуға бағытталған жұмыстың аясында Компания TCFD ұсыныстарына сәйкес Декарбонизация стратегиясын әзірледі және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. Стратегия Компанияның әрбір ЕТҰ бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді қамтиды.

Климаттық әсерді азайту Париж келісімінің ережелерін іске асыруға үлес болып қана қоймайды, сонымен қатар энергия шығындарын азайтуға және парниктік газдар шығарындыларына заңнамалық шектеулермен байланысты тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ Топтың болашақта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін бизнес-стратегия құралдарының бірі ретінде қарастырылады.

Көрсеткіштер мен мақсаттар

Декарбонизация және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясында Компания дамудың үш негізгі сценарийін анықтады:

Компания шынайы және оптимистік сценарийлерге басымдық береді және олар энергия тиімділігін арттыру, офсеттік тетіктерді қолдану, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыру, автомобиль паркін жаңарту немесе электр көлігін пайдалануға көшу, сондай-ақ көміртекті тұтынуды азайту сияқты іс-шаралар тізімін қамтиды.

Шынайы сценарий

Шынайы даму сценарийі 2030 жылы ПГ тікелей және жанама шығарындыларын 2021 жылғы деңгейден 10%-ға, 2045 жылы 55%-ға және 2050 жылы 70%-ға төмендету мақсатына қол жеткізу үшін энергия тиімділігі мен ЖЭК үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды іске асыруды қарастырады.

Қазатомөнеркәсіптің шынайы сценарийдегі Декарбонизация стратегиясының мақсаттары:

Сценарий аясында ЖЭК үлесін және баламалы энергия көздерін 2030 жылға дейін 10% және 2050 жылға дейін 30% көлемінде ұлғайту бойынша қойылған мақсаттарға қалыпты қол жеткізу есебінен елдің энергия желісінің көміртегі сыйымдылығын біртіндеп төмендету болжанады.

Қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада шынайы сценарийдегі декарбонизацияның нысаналы көрсеткіштері

Көрсеткіш 2021 2030 2045 2060
ПГ төмендетудің нысаналы үлесі, % 0% 10% 55% 100%
ПГ төмендетудің нысаналы үлесі, % - 848,8 252,0 0
Компанияның ПГ шығарындыларының нысаналы көлемі, мың т СО2 3% 10% 24% 40%

Сценарий парниктік газдар шығарындыларын азайтудың бірнеше әдістерін қамтиды:

Оптимистік сценарий

Қазатомөнеркәсіпті декарбонизациялаудың оптимистік сценарийі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді ескере отырып, сондай-ақ 2030 жылға қарай ПГ шығарындыларын 2021 жылғы базалық көлемнен 15% төмендетуге қол жеткізу және 2045 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына ерте жету мақсатында ПГ шығарындыларын төмендету бойынша неғұрлым өршіл жоспарлар қоюды көздейді.

Компанияның оптимистік сценарийіндегі Декарбонизация стратегиясының мақсаттары:

Қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада шынайы сценарийдегі декарбонизацияның нысаналы көрсеткіштері

Көрсеткіш 2021 2030 2045 2060
ПГ төмендетудің нысаналы үлесі, % 0% 15% 100% 100%
Компанияның ПГ шығарындыларының нысаналы көлемі, мың т СО2 - 799,8 0 0
ЖЭК және баламалы энергия көздерінің ел деңгейіндегі үлесі, % 3% 15% 42% 62%

Стратегия мақсаттарына қол жеткізу үшін ПГ шығарындыларының негізгі көздерін талдау негізінде оларды бағыттар бойынша бөлуді және басымдықты ескере отырып, әлеуетті іс-шаралар әзірленді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар белгіленді. Сондай-ақ олардың Декарбонизация стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу әлеуетіне бағалау жүргізілді.

Қысқа мерзімді іс-шаралар Орта мерзімді іс-шаралар Ұзақ мерзімді іс-шаралар
  • Энергия тиімділігін оңтайландыру шаралары (энергия аудиттерінің жоспарлы ұсынымдары);
  • Автомобиль көлігін пайдалануды оңтайландыру;
  • Жылу сорғы қондырғыларын (ЖСҚ) енгізу.
  • Өндірістік оңтайландыру және энергия тиімділігі бойынша күрделі ісшаралар;
  • Корпоративтік PPA шеңберіндегі серіктестік ЖЭК.
  • Гибридті және электр көлігін енгізу;
  • Жеке ЖЭК қуаттарын салу;
  • ПГ сіңіру және өтемақы тетіктерін іске асыру.

Өтпелі және физикалық тәуекелдерді анықтау тәсілі

Маңызды физикалық тәуекелдер

Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін маңызды физикалық және өтпелі тәуекелдерді анықтау үшін EY Climate Risk Universe құралы қолданылды. Бұл құрал климаттық тәуекелдердің әртүрлі қызмет түрлеріне әсерін зерттеген халықаралық сарапшылардың зерттеулеріне негізделген. Бұл құралды пайдалану кезінде Компанияның автотасымалдау, теміржол көлігі арқылы тасымалдау, химия өнеркәсібі, сондай-ақ өндіру және қайта өңдеу сияқты тиісті бизнес-процестерін ескере отырып, елеулі тәуекелдер анықталды.

Компанияда маңызды физикалық тәуекелдердің төрт санаты анықталды:

Тәуекелдердің әрбір санаты тасымалдауға, химия өнеркәсібіне және өндіру мен өңдеуге ықтимал әсер етеді. Тәуекелдердің әрбір санаты бойынша олардың географиялық орналасуына байланысты топтың барлық ЕТҰ ға әсері бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді:

Өтпелі климаттық тәуекелдер

Өтпелі тәуекелдер Компанияның көміртекті реттеудің күшеюіне байланысты қосымша қаржылық шығындарға тап болуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл көміртегі бірліктеріне (көміртегі салығы шеңберінде), шикізатқа, сондай-ақ жаңа, төмен көміртекті технологияларды енгізуге бағытталған шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар есептілік пен мақсат қоюдағы міндеттемелерді қатаңдату қосымша шығындар туғызуы мүмкін.

Компания Өтпелі климаттық тәуекелдердің бес санатын анықтады:

Өтпелі тәуекелдерді және олардың Компанияға әсер ету деңгейін анықтау

Өтпелі климаттық тәуекелдер Тәуекел деңгейі Тәуекел сипаты Салдарын азайту үшін Компания жүргізетін шаралар мен іс-шаралар
1. Шығарындылар туралы есеп беру бойынша міндеттемелерді кеңейту/қатайту Төмен Ақпаратты ашу жөніндегі қосымша талаптар ПГ шығарындыларын мониторингілеу процестерін құруға және қолдауға бағытталған қосымша шығындарға әкеп соғады. Көрсеткіштері мүдделі тараптар болжалдарына сәйкес келмейтін есептер инвесторлардың сенімін нашарлатып, Компания бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық (ҚазКСЖ-дағы өзгерістер) және халықаралық (LSE аясындағы CFD) заңнаманың күшейтілген талаптарын ескере отырып, бұл тәуекел Компанияға тікелей әсер етеді.

Тәуекелдерді уақтылы қадағалау және ақпаратты ашу. Қазатомөнеркәсіп декарбонизациялау бойынша мақсаттар қояды және энергия тұтынуды жақсарту, жабдықты ауыстыру, төмен көміртекті технологияларды, сондай-ақ офсеттік тетіктерді пайдалану арқылы көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлейді. Компания GHG protocol және ISO 14064 сияқты халықаралық стандарттарға, гайдлайндарға және жалпы қабылданған нұсқаулықтарға сәйкес парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемін сандық бағалау арқылы парниктік газдар шығарындыларына мониторинг жасауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Компания қажетті жұмыстарды жүргізеді және TCFD талаптарына сәйкес климатқа байланысты ақпаратты, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тереңдетуді жоспарлап отыр.

2. Парниктік газдар шығарындыларының шығындарын арттыру Төмен Компанияның объектілері квоталанатын объектілер болып табылмайды, алайда ерекшелігіне байланысты қазба отынын тұтынуға көміртегі салығын болжамды енгізу Компанияға тікелей әсер етеді. Қазатомөнеркәсіп ПГ шығарындыларына шығындарды арттыру тәуекелінің әсерін төмендету мақсатында қазандықтарды газдандыру және көлікті оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жаңартылатын көздерден сатып алынатын энергияға көшу (немесе ЖЭК-ке инвестициялар жағдайында өзінің жасыл энергиясын пайдалану) және оңтайландыру сипатындағы іс-шаралар арқылы қазба отындарын тұтыну көлемін азайтуды жоспарлап отыр.
3. Төмен көміртекті технологияларға көшу шығындары Орташа Сатып алынған ЖЭК электр және жылу энергиясы үлесінің күтілетін мәндерден жоғары өсуі, демек, сатып алынған электр энергиясы тарифінің жоғарылауы қарқынды (өндірістік оңтайландыру) және экстенсивті (ЖЭК) сипаттағы төмен көміртекті технологияларға инвестициялардың біртіндеп өсетін көлемін талап етеді. Компания өзінің өндірістік қызметі процесінде ПГ тікелей және жанама шығарындыларын барынша қысқарту, сондай-ақ шығарындылардың қалған азайтылмайтын көлемін өтеу мүмкіндіктерін қарастырады (офсетирлеу тетіктері, оның ішінде атмосферадан көміртекті сіңіру жобалары арқылы).
4. Шикізат құнын арттыру Орташа Қазіргі заманғы өңдеу және химия өнеркәсібі шикізат ретінде де, энергия көзі ретінде де қолданылатын көмірсутектерге негізделген. Көміртегі шығарындыларына баға белгілеу басқа салалармен салыстырғанда шикізат бағасына әлдеқайда көп әсер етеді. Шикізат шығындарының өсуі тұтынушыларға әсер етуі мүмкін, бұл сұраныстың төмендеуіне әкелуі мүмкін. ESG қағидаттарын ілгерілету арқылы өндірісті тиімді басқару (ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, климаттық тәуекелдерді басқаруды жалпы енгізу Компанияға тұрақты бақылауға, әсер ету магнитудасын өлшеуге және осы тәуекелді басқаруға мүмкіндік береді).

Компанияда аталған тәуекелдердің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі бағалау жүргізілді, тәуекелдің салдарын азайту және/немесе азайту үшін шаралар мен іс-шаралар әзірленді.

Барлық әзірленген шаралар Топтың тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесіне біріктіріледі.

Парниктік газдар шығарындылары мен көміртегі ізін бағалау

SASB EM-MM-110a.2

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылы «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда Көміртегі бейтараптығы доктринасын әзірлеу туралы мәлімдеме жасады. Осыған байланысты барлық қамтулардың парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін базалық жыл 2021 жыл болып белгіленді, оны «Самұрық-Қазына» АҚ барлық портфельдік компаниялар үшін базалық жыл ретінде белгіледі.

Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатында, 2022 жылы Декарбонизациялау стратегиясының жоспарларына сүйене отырып, «Ernst & Young» жетекші халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, ұлттық талаптар мен халықаралық стандарттарды, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып, парниктік газдар мен өнімнің көміртегі ізінің тікелей және жанама шығарындыларын сандық бағалау жобасы іске асырылды. Жоба аясында топтың барлық ЕТҰ бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеу моделі, сондай-ақ Компанияның уран және металлургия өнімдерінің көміртегі ізінің моделі әзірленді.

Парниктік газдар шығарындыларын бағалау келесі аспектілер бойынша жүргізілді:

Бағалау жүргізу үшін Компанияның барлық ЕТҰ-лары талданып, негізгі қызметіне сәйкес үш бизнес-сегмент бойынша топтастырылды:

Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының құрылымы Компанияның тікелей ПГ шығарындыларының жартысынан астамы «Уран өндіру және өңдеу» сегментінде, содан кейін «Көмекші қызмет» сегментінде екенін көрсетеді. Тікелей шығарындылардың ең аз үлесі «Ядролық отын циклі және металлургия» сегментіне тән.

Нәтижесінде сырттан жеткізілетін электр және жылу энергиясын, ыстық су мен буды тұтынумен байланысты жанама энергетикалық шығарындылар Қазатомөнеркәсіптің көміртегі ізіне ең үлкен үлес қосатыны анықталды. Жанама энергетикалық шығарындыларды азайту үшін Компания ЖЭК энергиясын тұтыну көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттерді айқындады, сондай-ақ энергия тиімділігі жөніндегі жобаларды іске асыруды жоспарлады. Толық көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және төмендетілмейтін ПГ шығарындыларын өтеу үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Декарбонизациялау стратегиясы ПГ сіңіру және офсетирлеу жөніндегі жобаларды іске асыруды көздейді.

2019-2021 жылдардағы ПГ тікелей шығарындыларының құрылымы, %

Көміртегі ізін бағалау

Көміртегі ізін бағалауды жүргізу үшін Компанияның өндірістік циклі мақсатты өнімдерді өндіру бойынша тізбектер: уран, тантал-ниобий, бериллий; сондай-ақ мақсатты өнімдерді өндіруде қолданылатын шикізат материалдарын өндіру бойынша тізбектер: газ және балқыту шеңберінде талданды. Компания өндіретін өнімнің көміртегі ізін сандық бағалау нәтижелері бойынша өнім түрлері (функционалдық бірліктер) және тауарлық өнімдер бойынша өндіріс кезіндегі ПГ шығарындыларының көлемі анықталды. ПГ шығарындыларының көлеміне ең маңызды үлесті уранның шала тотығы-тотығының (УШТ) өндірісі қосады.

824
мың тонна СО2
Компанияның УШТ өндірісінен туындайтын жиынтық көміртегі ізі.

Көміртегі ізін азайту үшін Компанияда энергия тиімділігін арттыру оңтайландыру шешімдері мен шараларын қамтитын бірқатар іс-шаралар әзірленді. Олардың ішінде өндірістік оңтайландыру, өндірістік жабдықты күрделі жаңарту, ЖЭК қуатын сатып алу және ұлғайту, сондай-ақ СО2 сіңіру жөніндегі іс-шаралар бар.

Компания ПГ шығарындыларын азайту және көміртегі ізін қысқарту жөніндегі іс-шараларға бағыттауды жоспарлап отырған инвестициялардың жалпы көлемі шынайы және оптимистік сценарий үшін сәйкесінше $129/227 млн құрайды.

Парниктік газдар шығарындылары

Компания GHG protocol және ISO 14064 сияқты халықаралық стандарттарға, гайдлайндарға және жалпы қабылданған нұсқаулықтарға сәйкес тікелей және жанама шығарындылар көлемін сандық бағалау арқылы парниктік газдар шығарындыларына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Парниктік газдарды шоғырландыру Компанияның бірлескен кәсіпорындарға үлестік қатысуына қарамастан Топ бойынша 100% негізде жүргізіледі.

GRI 305-1, SASB EM-MM-110a.1.

Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемі, 2020-2022 жылдар (қамту саласы 1), мың тонна CO2-баламасы

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары 92,59 106,91 97,26

Компанияда биомассаны өртеуден немесе оның ыдырауынан туындайтын шығарындылар жоқ.

GRI 305-2

Парниктік газдардың жанама энергетикалық шығарындыларының көлемі, 2020-2022 жылдар (қамту саласы 2), тонна CO2-баламасы59

Қызмет түрі Электр энергиясын тұтыну кезінде Жылу энергиясын тұтыну кезінде Жалпы шығарындылар
2020 2021 2022 2020 2021 2022 2020 2021 2022
Уран өндіру және өңдеу 532 920 554 960 546 694 546 518 1 095 533 466 555 477 548 152
Уран өндіру және өңдеу 135 196 130 871 42 965 96 378 103 927 203 468 231 574 234 798 246 434
Ядролық отын циклі және металлургия 52 929 50 902 46 348 1 915 1 376 2 810 54 844 52 279 49 448
Көмекші қызмет 721 045 736 733 636 007 98 838 105 821 207 373 819 883 842 554 844 034

Әрбір ЕТҰ үшін парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі шығарындылар туралы есептілік және шығарындылар саудасының қазақстандық жүйесіне қатысу үшін ұлттық деңгейде қабылданған 20 000 тонна CO2 баламасының шекті мәнінен аспайды.

GRI 305-3

Парниктік газдардың өзге де жанама шығарындыларының көлемі (қамту аймағы 3), тонна CO2-балама

Көрсеткіш 2022
ТМҚ шығарындылары 580 399
Тасымалдау бойынша шығарындылар 161 723
Барлығы 742 122

Есепті кезеңде Компания Топтың климаттың өзгеруіне қосқан үлесінің төмендеуіне ықпал ететін бірнеше акциялар өткізді. Атап айтқанда кен орындарының аумағында және іргелес елді мекендерде ағаш отырғызу жұмыстарын жалғастырды. Сондай-ақ «Автокөліксіз күн» шарасы өткізілді, акция барысында мүдделі тараптар бір күнге жеке көліктерден бас тартып, қоғамдық көлікті пайдаланды, осылайша қозғалтқыштарда жанармай жағудан туындайтын парниктік газдар шығарындыларын азайтты.

Есепті кезеңде Компания Топтың климаттың өзгеруіне қосқан үлесінің төмендеуіне ықпал ететін бірнеше акциялар өткізді. Атап айтқанда кен орындарының аумағында және іргелес елді мекендерде ағаш отырғызу жұмыстарын жалғастырды. Сондай-ақ «Автокөліксіз күн» шарасы өткізілді, акция барысында мүдделі тараптар бір күнге жеке көліктерден бас тартып, қоғамдық көлікті пайдаланды, осылайша қозғалтқыштарда жанармай жағудан туындайтын парниктік газдар шығарындыларын азайтты.

2021 жылға дейін Компанияда 2 және 3-қамтулар бойынша парниктік газдар бойынша есеп жүргізілген жоқ, ағымдағы қазақстандық заңнама тәуелсіз және лицензияланатын компаниялар жүргізген бағалау негізінде 1-қамту бойынша есептерді ғана көздейді. Осыған байланысты Компанияда парниктік газдар шығарындыларын қайта есептеу жүзеге асырылған жоқ.

Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу

GRI 3-3, GRI 302-4

Қазатомөнеркәсіп өзінің экологиялық ізін қысқартуға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға айтарлықтай көңіл бөледі. Ол үшін Компания энергияны пайдалануды азайту және оңтайландыру бағдарламаларын енгізуде. Топтың барлық ЕТҰ-да энергия тиімділігі мәселелерін басқаратын және ISO 50001: 18001 халықаралық стандартына сәйкес келетін энергия менеджменті жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар Компания ISO 50001:2019 стандартына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асырады, бұл энергия шығынын жүйелі түрде азайтуға, атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға, сондай-ақ қаржылық артықшылықтарға қол жеткізуге көмектеседі.

Қазатомөнеркәсіп энергиялық тиімді жабдықты қолдану, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өндірістік процестерді жаңғырту арқылы энергия тиімділігін арттырады және өндірістің энергия сыйымдылығын азайтады. Энергия тасымалдаушыларды тұтыну және энергия тиімділігін арттыру саласында уран шығаруға арналған электр энергиясы шығындарының жылдық жоспарлы үлестік нормаларынан асып кетуге жол бермейтін ПӘК белгіленген.

Топтың кәсіпорындарында әр бес жыл сайын энергия үнемдеу мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға көмектесетін энергия аудиті жүргізіледі. Энергия аудитінің қорытындылары Қазатомөнеркәсіптің 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жоспары шеңберінде жыл сайын қалыптастырылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде пайдаланылады.

2022 жылы Компания энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырды. Іс-шараларды енгізудің нақты экономикалық әсері 1 142 млн теңгені құрайды, бұл жоспарланғаннан 7%-ға артық. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде үнемделген отын-энергетикалық ресурстардың саны 2022 жылы 223 ГДж құрады.

GRI 302-1, 302-4, SASB EM-MM-130a.1.

Энергияны тұтыну, мың. ГДж60

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Жылу энергиясы 887 950 868
ЖЭК-тен жылу энергиясы 11 7 4
Электр энергиясы 2 849 3 069 3 043
ЖЭК-тен электр энергиясын 14 12 14
Барлығы 3 762 4 038 3 929

2022 жылы 2021 жылға қатысты төмендеу «ҮМЗ» АҚ бойынша будан алынатын жылу энергиясын тұтынудың азаюымен байланысты. Осы төмендеу деңгейі технологиялық процесте одан әрі пайдалану үшін тазартылған суды будан жылу энергиясын пайдаланбай алуға мүмкіндік беретін «Сокол-М(О)-5» суды тұзсыздандыру қондырғысын пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Өнім өндіруге, шикізатты өндіруге және өңдеуге отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну 5 411 мың ГДж құрады.

Бұрын тазартылған су құбырлы жылу алмастырғыштарды (дистилляторларды) айналмалы сумен салқындату арқылы қаныққан будан алынған.

Энергияның бастапқы көздерін пайдалану, мың ГДж

Қайнар көз түрі 2020 2021 2022
Көмір 17,9 17,6 12,7
Табиғи газ 0,0 2,5 7,7
Отын (бензин, мазут, дизель) 1 318 1 431 1 461
Энергия сыйымдылығы
GRI 2-4, GRI 302-3

2022 жылы Топ кәсіпорындарында 2021 жылмен салыстырғанда отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтыну 1%-ға төмендеді. Бұл ОЭР тұтынуды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты. 2022 жылы меншікті энергия сыйымдылығы 0,254 мың ГДж/т құрады және барлық отын-энергетикалық ресурстардан энергия тұтынуды қамтиды.

Энергия сыйымдылығы61

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Өнім өндіруге, шикізат өндіруге және өңдеуге отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, мың ГДж 5 073 5 470 5 411
Өнім өндіру, шикізатты өндіру және өңдеу, тонна 19 587 21 834 21 279
Меншікті энергия сыйымдылығы, мың ГДж/т 0,259 0,251 0,254
Баламалы энергетика

Қазатомөнеркәсіп жоғары көміртегі ізі бар энергия өндіруден неғұрлым тұрақты және экологиялық әдістерге ауыса отырып, өзінің энергиямен жабдықтау тиімділігін арттыруға ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін Топтың кәсіпорындарында баламалы энергия көздері белсенді қолданылады. Бұл тәсіл отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі:

Фотоэлектрлік станциялардан электр энергиясын өндіру, МВт*сағ

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Өндірілетін электр энергиясының көлемі 3 519 3 342 3 007

2022 жылы баламалы энергия көздерін пайдаланудың әсері, мың теңге

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Фотоэлектрлік станциялар 97 761 90 950 133 523
Гелиоколлекторлар 32 030 29 902 46 520

Компания өз кәсіпорындарында баламалы энергия көздерін пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін үнемі іздеу үстінде. 2022 жылы «Қаратау» ЖШС-іне төрт гелиоколлекторлық жүйені орнатуға жобалық құжаттама әзірленіп, ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бұл жүйелер қонақ үй-тұрмыстық кешенді, жатақхана мен спорт кешенін ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады. Жүйелерді орнатуды аяқтау және объектіні 2023 жылдың I тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

Рециклинг

2022 жылдың қорытындысы бойынша рециклинг бойынша жобаны іске асырудың экономикалық әсері 6,307 млрд теңгені құрады.

2023 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

2023 жылға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әзірлеген 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және декарбонизациялау стратегиясына сәйкес өнімнің көміртегі ізін төмендету бойынша жұмыстар жоспарланған. Осы мақсатқа жету үшін күш-жігер жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталатын болады. Энергия үнемдеу және өндірістік қызметтің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Негізгі бағыттар мыналарды қамтиды:

КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІН БАСҚАРУ
КАП1

Топ 26 кен орнында (учаскелерде) өндіруді жүзеге асырады. Кен орнын игеру ЖҰШ әдісімен жүйелі түрде технологиялық блоктарға бөлу арқылы жүргізіледі. Орта есеппен кен орнындағы бір технологиялық блок үш-төрт жылда пысықталады.

ЖҰШ әдісімен уран өндіру мынадай жұмыстар кешенін орындауды қамтиды:

Дәстүрлі уранмен салыстырғанда ЖҰШ тәсілімен табиғи уран өндірудің артықшылықтары:

Қазақстанда ЖҰШ әдісімен уран өндіру

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – қоғам, Компания) экологиялық саладағы басты міндеттерінің қатарына оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) өндірістік қызметін жүзеге асыру аудандарында табиғи ортаны сақтау қойылды және алдағы уақытта назардан алынбайды. Табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге үнемі қомақты қаржы инвестицияланады. Мәселен 2022 жылы Қоғамның ЕТҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұмсаған жалпы шығындары 1 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 210 млн теңге салық төлемдерін аударды.

Қоғамның ЕТҰ-да уран кеніштері мен өндірістік учаскелерінде қоршаған ортаны және радиациялық қауіпсіздікті мониторингтеудің сенімді жүйелері көзделген, олардың мақсаты – кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері және қолайсыз немесе қауіпті жағдайларда орын алуы мүмкін өзгерістер туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен трендтерді ескере отырып, Компанияда мынадай маңызды жобалар іске асырылуда: төмен көміртекті даму (декарбонизация), тұрақты даму (экологиялық жауапкершілік, энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу, климаттық тәуекелдер және т.б.), су ресурстарын басқару және ең үздік қолжетімді технологияларға (ЕҚТ) көшу, олар сайып келгенде табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластауды және оған зиян келтіруді болдырмауға, қатысу өңірлерінде қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді азайтуға бағытталған.

Өндірістік объектілерде міндетті өндірістік экологиялық бақылаудан басқа, 2019 жылдан бастап Қоғам өндірістік объектілердің уран кен орындарының маңында тұратын қоршаған ортаның жайкүйі мен халықтың денсаулығы әсеріне кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жасайды.

Осы зерттеулер аясында кеніштердің өнеркәсіптік алаңдарында және оларға іргелес учаскелерде биоалуантүрлілікті бағалау жүргізіледі. Тартылған арнайы мамандар-биологтар, ботаниктер, зоологтар, ихтиологтар, орнитологтар және т.б. жануарлар мен өсімдіктер әлемінің түрлік құрамын анықтайды, сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік учаскелерінде биоәртүрлілікті сақтау бойынша іс-шаралар әзірленуде.

Уран кен орындарының маңындағы елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты негізде уран өндіруші кәсіпорындардың қызметін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілуде,

Манас Ысқақов
Өндірістік қауіпсіздік (HSE) жөніндегі басқарушы директор

Планетамызға қамқорлық көрсетеміз

Басқару тәсілі

Қоршаған ортаны қорғау – Қазатомөнеркәсіп қызметінің және оның тұрақты дамуды басқару тәсілінің ажырамас бөлігі. Біз қоршаған ортаға, денсаулыққа, қауіпсіздікке және адамдардың өмір сүру сапасына әсер ету жауапкершілігін мойындаймыз. Мақсатты өндіріс жоспарларын жүзеге асыра отырып, біз адамдарды таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, планетаны болашақ ұрпақ үшін сақтауға тырысамыз. Компания экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік қызмет орындарында табиғи ортаны сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, қоршаған ортаға әсердің нөлдік деңгейіне қол жеткізу міндетін қоя отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланады.

2030 жылға дейінгі Әлемдік күн тәртібі аясында Топ БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы 3, 7, 8, 9, 12, 13 тұрақты даму мақсаттарын радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге басты басымдықтар қатарына қойды.

Топтың қоршаған ортаны қорғауды (ҚОҚ) басқарудағы негізгі қағидаттары мен тәсілдері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатында баяндалған.

Компанияның Директорлар кеңесі жанында Өндірістік қауіпсіздік комитеті (HSE) жұмыс істейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке жалпы басшылықты Қазатомөнеркәсіптің КО өндірістік қауіпсіздік жөніндегі блогы жүзеге асырады – ҚОҚ саласындағы жұмысты ұйымдастырады, осы жұмыстың тиімділігіне талдау жүргізеді, Компания басшылығы үшін есептер дайындайды. Еншілес және тәуелді ұйымдар деңгейінде табиғатты қорғау саясатын іске асыруды, барлық өндірістік процестердің ҚОҚ саласындағы заңнамалық талаптарға және ішкі корпоративтік рәсімдерге сәйкестігін қамтамасыз ететін бөлімшелер құрылды.

GRI 2-23

Біз сақтық қағидатын ұстанамыз, әсіресе еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаға әсер ету саласында. Бұл қағидат Топтың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ біріктірілген басқару жүйесінің жұмыс істеуі аясында тәуекелдерді басқару процесінде іске асырылады.

Компания қолданысындағы экологиялық менеджмент жүйесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды сақтауға негізделген және ҚОҚ-тағы күш-жігерді өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Топтың қызметімен, сондай-ақ басқа да байланысты салалармен үйлестіреді.

Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндіру бойынша жаңа технологиялар мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізе отырып, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты процестерді жетілдіреді. Біз табиғи уранды жер қыртысынан элементті алудың ең экологиялық әдісін қолдана отырып өндіреміз – бұл адам денсаулығына қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік беретін және өндіру аяқталғаннан кейін жер асты суларының өзін-өзі сауықтыруын қамтамасыз ететін жерасты ұңғымаларын шаймалау (ЖҰШ) әдісі. Сонымен қатар аталмыш әдіс аумақтарды ауқымды радиоактивті ластамауымен сипатталады.

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП – ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН 25 ЖЫЛ!

2022 жылғы 8 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЫРҒАҚ алаңында онлайн нұсқадағы «Қазатомөнеркәсіп – табиғатқа қамқорлықпен 25 жыл!» шарасын ұйымдастырды, онда Компанияның қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы жобалары, сондай-ақ Топтың декарбонизация саласында жүзеге асыратын іс-шаралары таныстырылды. Топтың барлық ЕТҰ-да экологиялық акциялар өткізілді. Мектептерде экологиялық қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін экология тақырыбындағы ашық сабақтар түрінде оқыту жобалары ұйымдастырылды, атап айтқанда «Семізбай-U» ЖШС №4 «Болашақ» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында (Степногорск қ.) «Экологиялық қауіпсіздік» оқыту жобасын іске асырды.

Топ өз кәсіпорындарының тұрақты дамуына кепілдік бере отырып, экологиялық қауіпсіздікті арттыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы кешенді шаралар мен іс-шараларды қабылдау арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

ESAP Жол картасын іске асыру

2022 жылы экологиялық саладағы ESAP Іс-шаралар жоспарының Жол картасын іске асыру аясында:

Мониторинг жасау және бақылау

SASB EM-MM-160a.1.

Экологиялық мониторингтің басты мақсаты – өндірістік қызметтің қоршаған ортаға және Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қызметін жүзеге асыру орындарында тұратын халыққа әсерін барынша азайту. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес есепті кезеңде Топтың ЕТҰ Жоспар-кестеге сәйкес аккредиттелген мердігерлік ұйымдарды (зертханаларды) тарта отырып, тоқсан сайынғы өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭБ) жүзеге асырды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа нормаларын орындауға сәйкес62 және жерасты ұңғымалық шаймалау кәсіпорындарындағы ӨЭК тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Қоршаған ортаны қорғау. Жерасты ұңғымаларын шаймалау кәсіпорнының өндірістік экологиялық бақылауының типтік бағдарламасы» 5.3.3-2022 ҰАК СТ корпоративтік стандартын63 өзектендірді. ЕТҰ өзгерістерінің негізінде теріс әсер ететін объектінің санатын анықтау бойынша шешімдер қабылданды.

Қоршаған ортаға әсерді болжау мен мониторингтеуді жақсарту бойынша міндеттер іске асырылды, экологиялық сараптама жетілдірілді, ЖҰШ кенішінің өндірістік объектілерінің қоршаған орта объектілері мен жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсері саласындағы зерттеулер аяқталды, «ҮМЗ» АҚ кешенді технологиялық аудиті жүргізілді.

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес кез келген жоспарланған қызмет басталғанға дейін міндетті түрде қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүзеге асырылады және қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, онда кәсіпорын өкілдері Тапсырыс беруші ретінде өз жобаларын ұсынады және мүдделі тараптарға жоспарланған жобаның экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша түсініктемелер береді. ҚОӘБ нәтижелері барлық мүдделі тұлғалардың танысуы мен түсініктемелері үшін толық ашылады және Компания қатысатын өңірдің елді мекенінің кез келген тұрғыны қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша, оның ішінде көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға және жергілікті халықтың денсаулығына әсері туралы пікірін білдіре алады.

Компанияның ЕТҰ-да іске асырылған өндірістік объектілерді салу және реконструкциялау жөніндегі барлық жобалар қоғамдық тыңдаулардан және ҚОӘБ сатысынан өтті, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган берген оң мемлекеттік экологиялық сараптамасы бар.

Сертификаттау

Топтың барлық өндірістік кәсіпорындарында енгізілген экологиялық менеджмент және энергия менеджменті жүйесі ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарына сәйкес келеді.

2022 жылы өндірістік қауіпсіздік мәселелерін басқару тәсілдерін жетілдіру бойынша міндеттемелер аясында Қазатомөнеркәсіптің КО TÜV International Certification сертификатын растай отырып, екінші байқау аудитінен сәтті өтті. Тәуелсіз аудит табиғи уран қосылыстарын экспорттық жеткізуді ұйымдастыру кезінде Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетіндігін растады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқыту

Озық халықаралық салалық тәжірибені (GIIP) зерделеу және қолдану, табиғатты қорғау қызметін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету бөлігінде қажетті құзыреттер мен білім алу үшін Компанияда ЕТҰ басшылары мен жер қойнауын қорғауға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар құрамынан тұратын қызметкерлер тұрақты негізде оқытылады. ESAP Жол картасының іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті кезеңде «ҚЯУ» «ЖТИ» ЖШС филиалымен бірлесіп экологиялық қауіпсіздік және ҚОҚ саласында оқыту семинарлары өткізілді:

Оқытуға 19 ЕТҰ мен КО-дан 191 тыңдаушы қатысты.

Декарбонизация жобасы аясында Астана қаласында «Өнімнің көміртегі ізін (ӨКІ) сандық бағалау және кейіннен Компанияның төмен көміртекті дамуын (декарбонизациясын) іске асыру аясында көміртекті бейтараптық бағдарламасын (КББ) әзірлеу» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Онда «Қамту 1, 2, 3» парниктік газдар шығарындыларының көрсеткіштерін есептеу әдістері мен тәсілдерін ашуға ерекше назар аударылды. Семинар ЕТҰ қызметкерлері үшін Ernst and Young компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

ESАP жоспарын іске асырудың барлық кезеңінде 22 оқыту семинары/вебинар өткізілді, оған Компанияның ЕТҰ мен КО 811 тыңдаушысы қатысты.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар

2022 жылы Қазатомөнеркәсіптің табиғатты қорғау қызметі жөніндегі іс-шараларға жұмсаған шығындары 1 074,8 млн теңгені құрады. Сондай-ақ Компания қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 210 млн теңге салық төлемдерін аударды.

2022 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына инвестициялар, млн теңге

Қоршаған ортаға ұйымдастырылмаған эмиссияларды азайтуды қоса алғанда, технологиялық процестерді жетілдіру 292,4
Қолданыстағы шаң-газ ұстайтын және су тазартатын қондырғылардың тиімділігін арттыру 47,4
Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу 406,6

Есепті кезеңде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган 21,3 млн теңге сомасындағы айыппұл төлеуге әкеп соққан экологиялық заңнама бұзушылықтарын тіркеді. Сонымен қатар, IV тоқсанда «ҮМЗ» АҚ «Қаражал» кенішінің қызмет түрі туралы дәйексіз ақпарат бергені және соның салдарынан объектінің санатын (II санат) дұрыс анықтамағаны үшін 1,84 млн теңгеге айыппұл төледі, бұл ҚР Экологиялық кодексінің 418-бабының 3-тармағын бұзу болып табылды. Алайда бұл бұзушылық «қоршаған ортаны ластау» бұзушылықтар тобына кірмейтінін атап өткен жөн. Сонымен қатар 2022 жылы «Инкай» БК» ЖШС 1,63 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі.

Уәкілетті мемлекеттік орган Компанияға салған әкімшілік айыппұлдар экологиялық нормалар мен талаптардың бұзылуына, атап айтқанда технологиялық ерітінділердің төгілуіне байланысты жердің ластануына және ағынды сулардағы ластаушы заттардың асып кетуіне қатысты болды («Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Катко» БК» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС). Барлық бұзушылықтар бойынша түбірлік себептер анықталды және жойылды, келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Жеткізушілерді экологиялық бағалау

«Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі» корпоративтік стандартының талаптарын сақтау Компанияның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілері, сондай-ақ мердігерлік ұйымдары үшін міндетті болып табылады және контрагенттер үшін ұсынымдық сипатқа ие.

Атмосфераға шығарындылар

GRI 3-3

Топтың өндірістік қызметінің ерекшелігі атмосфераға шығарындылармен ұштасады, соның нәтижесіндегі ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайту – Қазатомөнеркәсіптің табиғатты қорғау қызметінің маңызды аспектісі. Біз өз өндірістерімізге технологиялық жетілдіруді енгізу арқылы теріс әсерді азайтуға тырысамыз. Сонымен қатар Компания өз өнімдерін атом энергетикасын пайдаланатын 8 елге сата отырып, төмен көміртекті дамуға және атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға өз үлесін қосуда.

Топ атмосфераға шығарындыларды азайтуға және ауа сапасына мониторинг жасауға бағытталған шараларды іске асырады:

Топтың күн фотоэлектрлік станциялары өндіретін электр энергиясының жылдық өндірісі 3,01 МВт*сағатты құрайды. Өндірілетін электр энергиясы өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады, бұл жыл сайын 133 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Артық электр энергиясы жергілікті электр желілері арқылы Топтың қатысу өңірлерінің тұрғындары мен кәсіпорындарының пайдалануына беріледі.

Су ресурстары

GRI 3-3

Су – Қазатомөнеркәсіптің негізгі өндірістерінде, сондай-ақ осмос (минералдандырылған су – жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктері үшін сыртқы желіге жеткізілетін электр энергиясын өндіруге арналған шикізат) қондырғыларының жұмысында қолданылатын технологиялық процестің маңызды құрамдас бөлігі. Сонымен қатар кейбір өңірлерде Компания жергілікті халық пен өнеркәсіпті сумен қамтамасыз етеді.

Біз БҰҰ-ның «Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету» 6-тұрақты даму мақсатын қоса алғанда, тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін қолдаймыз, өз қызметімізді ҚР Су кодексіне (66-бап) және су ресурстарын қорғау саласындағы рұқсат беру құжаттамасына сәйкес жүзеге асырамыз. Компания кәсіпорындарды бөлек сумен жабдықтайды: өндірістік-техникалық және ауыз су.

Компанияның суды пайдалануы су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Топ осал деп танылған, мемлекет қорғайтын және жергілікті қауымдастықтар немесе биоәртүрлілік үшін аса құнды көздердегі суды пайдаланбайды.

Суды тұтынуды азайту мақсатында біз су алу көлемін қысқартуға және қайта пайдалану көлемін арттыруға барынша күш саламыз. Сондай-ақ барлық өңірлерде сумен жабдықтау тәуекелдеріне тұрақты мониторинг және бағалау жүргізіледі.

Суды тұтыну және су алу

GRI 303-1, SASB EM-MM-140a.1.

Су алу, оның ішінде ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету ЖҰШ технологиялық регламенттерінің талаптары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және су көздеріне елеулі әсер етпейді. Сумен жабдықтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар (орталықтандырылған/орталықтандырылмаған) алынатын судың есебін жүргізеді, су жинау құрылыстарының, ішкі сумен жабдықтау жүйелерінің, суды есепке алу тораптарының жай-күйін ұдайы бақылайды. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар ҚР Су кодексінде, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленген.

Жер асты суларын өндіру Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде су пайдаланушының су алу учаскелерінде жүргізіледі.

2022 жылы алынатын судың жалпы мөлшері 2021 жылмен салыстырғанда 9%-ға, тиісінше 10 120,7 мың м3ден 9 188,9 мың м3-ге дейін қысқарды.

Алынатын су көлемі, мың м³

GRI 303-3, SASB EM-MM-140a.1
Қайнар көз 2022
Жер үсті сулары 6,5
тұщы сулар -
басқа сулар 6,5
Жер асты сулары 8 573,5
тұщы сулар 3 455
басқа сулар 5 118,5
Муниципалды және басқа су жүйелері 608,9
тұщы сулар 608,9
басқа сулар -
Алынатын судың жалпы мөлшері 9 188,9

Алынатын судың жалпы көлемінің 93%-ы жер асты суларына тиесілі. Судың 0,07% жер үсті көздерінен алынады. «Каустик» АҚ қатысу үлесін іске асыруға және оны қамту аймағынан шығаруға байланысты есепті кезеңде муниципалды және басқа да сумен жабдықтау жүйелерінен су алу 62%-ға, 1 582,9 мың м³-ден 608,9 мың м3-ге дейін төмендеді.

GRI 303-5

Суды тұтынудың жалпы көлемі 5,773.3 мың м³ құрады

Ағынды суларды ағызу

Кәсіпорындар қызметінің нәтижесінде өндірістік, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар түзіледі. Жер үсті су объектілеріне су бұру мыналарды қамтиды: өнеркәсіптік алаң аумағынан нөсер сулары және нормативтік таза сулар (технологиялық процесте пайдаланылмайды). Тазартылған суды ағызу нөсер кәрізіне шығару арқылы жүзеге асырылады. Кеніштердің ағынды сулары сақтау тоғанына төгіледі. Ұлттық заңнаманың талаптары бойынша ағынды суларды жер бедеріне және су объектілеріне тазартусыз ағызуға тыйым салынады. 2017 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар» стандарты қолданылады.

Төгінділердің барлық көлемі тазартудан өтеді және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес су сапасының нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Су объектілерінің жай-күйіне мониторингті, оның ішінде жерүсті, жерасты және сарқынды сулардың химиялық құрамын айқындауды тұрақты аккредиттелген мамандандырылған зертханалар жүргізеді. Мониторинг бағдарламасы орталықтандырылған кәріз желілерімен байланысқан барлық өндірістік алаңдарда ағынды сулардың сапасын зерттеуді қамтиды.

GRI 303-2, SASB EM-MM-140a.2
2022 жылы Топтың ЕТҰ-да балық шаруашылығы нысанындағы су объектілері үшін белгіленген ағынды сулардың төгінділеріндегі ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кетудің бірден бір жағдайы тіркелген жоқ.
GRI 303-4

Ағынды суларды ағызу көлемі, мың м3 64

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Ағынды суларды ағызудың жалпы көлемі 5 239,4 4 823,0 3 415,6

Жер асты сулары

ЖҰШ әдісін қолдану арқылы уран өндіру процесінде жер асты суларының ластану қаупі бар. Оны барынша азайту үшін Қазатомөнеркәсіптің барлық пайдаланылатын кеніштерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кен орындары радиусы 500 метр санитариялық қорғау аймағымен қоршалған. Сондай-ақ Топ кәсіпорындары өндірістік экологиялық бақылау аясында заңнамалық талаптарға және «Уранның ЖҰШ әдісінің грунттық және жер асты суларына әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартының талаптарына сәйкес жер асты суларының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

Қалдықтармен жұмыс істеу

GRI 3-3, 306-1, 306-2, SASB EM-MM-150a.10

Топ кәсіпорындарының өндірістік қызметі өндірістік және коммуналдық қалдықтардың түзілуімен байланысты. Қалдықтарды қауіпсіз басқару, оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату – Қазатомөнеркәсіптің басымдықтарының бірі. Біз қалдықтарды өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, олардың залалсыздандырылуын, экологиялық қауіпсіз орналастырылуын қамтамасыз етеміз және/немесе оларды мамандандырылған ұйымдарға тапсырамыз.

Компанияның негізгі қалдықтары:

Қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Компания қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы корпоративтік стандарттар мен ҚР нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады, кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және жою үшін олардың түрі мен құрамына қарай барлық түзілетін қалдықтарды бөлек жинауды қамтамасыз етеді. Қалдықтардың пайда болуын болдырмауды міндетті бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ бекітілген қалдықтарды басқару бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бірқатар іс-шараларды орындайды.

Қалдықтар көлемін қысқартуға арналған іс-шаралар:

Қалдықтарды басқару үшін біз қалдықтарды жинау, қалпына келтіру немесе жою операцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен де жұмыс істейміз. Атап айтқанда Қазатомөнеркәсіп мынадай қызметтерді орындау жөнінде шарттар жасасады:

Қауіпті қалдықтар үшін негізгі ақпарат: атауы, қауіпті қасиеттер тізімі, құрамы, уыттылығы және қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары көрсетілген төлқұжаттар әзірленді. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тек лицензияланған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі. 2022 жылы Компания қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асырмады.

GRI 306-3, SASB EM-MM-150a.4.

2022 жылы Топ қалдықтарының жалпы көлемі 604,627 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 41%-ға аз. Мұндай айтарлықтай азайған көрсеткіш «ҮМЗ» АҚ «Қаражал» кенішіндегі флюорит кенін өндіруді тоқтатуға байланысты аршу жұмыстарының азаюына байланысты.

Төмен радиоактивті қатты қалдықтармен жұмыс істеу

Уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде төмен радиоактивті қатты қалдықтар (ТРҚҚ – радиация деңгейі бойынша ең аз қауіпі бар радиоактивті қатты қалдықтар) пайда болады, оларды осы үшін арнайы бөлінген орындарда кәдеге жаратумен Топтың өндіруші кәсіпорындары айналысады.

2022 жылы Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтарының (РАҚ) жалпы көлеміне ТРҚҚ-ның әртүрлі түрлерінің қосқан үлесі, %

ТРҚҚ түрлері РАҚ жалпы көлеміне үлесі
Құмдар, құм тұндырғыштардың лайлары, ластанған топырақтар 78,8
Сынған шайыр 0,3
Металл қалдықтары 3,4
Арнайы киім, ЖҚҚ, шүберек, сүзгілер 1,6
Пластикалық қалдықтар (құбырлар және т.б.) 1,0
Өзге радиоактивті қалдықтар 14,8

Биоалуантүрлілік

GRI 3-3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметі биоалуантүрлілікке тікелей елеулі әсер етпейтініне қарамастан, біз уран кен орындарының аумағындағы флора мен фаунаның жай-күйін зерделеу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, өзіміз қатысатын өңірде биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және қабылдаймыз.

Біз биоалуантүрлілікті сақтау мен қорғау мәселелері бойынша диалог құруға және ынтымақтасуға әрқашан дайынбыз. Мәселен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ-да («ЖТИ» ЖШС) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағдарламасы аясында құстарды электр желілерінің әсерінен қорғау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу бойынша Зоология институтымен консорциумдық келісім бар.

Біз өз қызметіміздің барлық кезеңдерінде тәуекелдерді талдауға қомақты ресурстар жұмсай отырып, биоәртүрлілікке қауіп төндірмеуді назарда ұстаймыз. Өндірістік қызмет процесінде туындайтын экологиялық тәуекелдер, ең алдымен, топырақ-өсімдік жамылғысының бұзылуымен және жануарларды әдеттегі тіршілік ету ортасынан тыс ығыстырумен байланысты. Экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында Компанияда уран кен орындарын өнеркәсіптік өңдеу процесінде және қалпына келтіргеннен кейінгі кезеңде биоалуантүрлілікті бағалау және мониторингілеу жөніндегі стандарт бекітілді.

GRI 304-1, SASB EM-MM-160a.3.

Топтың меншігіндегі/жалдауындағы/ басқаруындағы жерлердің жалпы ауданы 94 974,4 га құрайды. Топтың уран кен орындарымен шектесетін жерлерде немесе аумағында қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи жерлер жоқ.

GRI 304-2

Компания өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнеркәсіптік мақсаттағы жерлерде және елді мекендерге арналған жерлерде жүзеге асырады.

ESAP жоспарын іске асыру жобасының аумағына кіретін Топтың барлық ЕТҰ өндірістік учаскелерге іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі зерттеулермен қамтылған.

ESAP Жол картасын іске асыру шеңберінде есепті кезеңде құстарды электр беру желілерінің әсерінен қорғау бағдарламасын іске асыру жалғасты. Сондай-ақ кешенді экологиялық зерттеулер, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанның уран өндіретін кеніштеріне іргелес аумақтарда биоәртүрлілікті бағалау жүргізілді – барлығы 16 кеніш қамтылды: Заречное, Құланды, Қаратау, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Харасан-1, Харасан-2, Оңтүстік Инкай, Ақдала, Батыс Мыңқұдық, Орталық Мыңқұдық, Жалпақ, Шығыс Мыңқұдық, Уванас, Қанжуған, Оңтүстік Мойынқұм, Орталық Мойынқұм. Зерттеулер қоршаған орта объектілері мен жергілікті халыққа ықтимал техногендік және кумулятивтік әсерлерді анықтау үшін кеніштердің жер бұру аумағында және олардан 10 км радиуста жүргізілді.

Биоалуантүрлілікті бағалау бойынша жұмыстар Оңтүстік Инкай, Шығыс Мыңқұдық, Уванас, Қанжуган, Оңтүстік Мойынқұм, Орталық Мойынқұм кеніштерінде «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» 17.6-2022 ҰАК СТ сәйкес жүргізілді.

Зерттеу барысында қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан кәсіпорындардың өндірістік қызметіне талдау жасалды, атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының экологиялық жай-күйінің қолда бар фондық деректері талданды, топырақ түрлері, жер асты сулы қабатының құрылымы, флора мен фаунаның түрлік құрамы зерттелді. Жер жамылғысының, жер үсті және жер асты суларының, атмосфералық жауын-шашынның экологиялық жағдайы туралы жаңа мәліметтер жиналды. Алғаш рет ГТП-да микробиоценоз бен топырақтың фитоуыттылығына зерттеулер жүргізілді. Қоршаған орта объектілеріне әсер етудің әлеуетті арналары айқындалды және экологиялық тәуекелдердің бастапқы тізбесі жасалды.

Зерттеу нәтижелері бойынша кәсіпорындардың өндірістік қызметінің қоршаған орта жағдайының көрсеткіштеріне санитарлық-қорғау аймағынан тыс мәндегі әсері анықталмады деген қорытынды жасалды.

2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындарындағы экологиялық жағдайды және биоәртүрлілікті бағалау бойынша зерттеулер жалғасады.

Сондай-ақ 2022 жылы Компания «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартын әзірлеп, ЕТҰ-ға енгізу және іске асыру үшін жолдады. ЕТҰ-да стандартты енгізу шеңберінде «Уран кен орындарындағы биоалуантүрлілікті бағалау» оқуы өткізілді, өндірістік учаскелерге іргелес аумақтарда биоалуантүрлілікті бағалау және басқа да экологиялық зерттеулерді зерттеу үшін бақылау нүктелері мен фондық алаңдар айқындалды. Тау-кен жұмыстарымен бұзылған мекендеу орындары көрсетілген карталар жасалды. Тіршілік ету ортасын дәлірек анықтау және сезімтал экожүйелерді анықтау үшін биоәртүрлілікті зерттеу құстар мен сүтқоректілердің маусымдық көші-қонын ескере отырып жүргізіледі.

GRI 304-3

Қазатомөнеркәсіп өндіруші кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Кен орындарының учаскелерін өңдеу шамасына қарай жерді шаруашылық айналымға қайтара отырып, ландшафт пен өсімдік жамылғысын қалпына келтіру бойынша кезең-кезеңге бөлінген рекультивациялық жұмыстарды жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған 16 кеніштің аумағында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қорғалатын немесе қалпына келтірілген мекендеу орындары жоқ. Бұл ретте Компанияда Уванас кен орнын жоюды жүргізу жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл жобаны іске асыру 2023 жылдың сәуір айының соңына жоспарланған. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде халықаралық стандарттар, әдістемелік нұсқаулар және тиісті анықтауыштар, сондай-ақ ҚР Экологиялық кодексі және «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» 17.62022 ҰАК СТ пайдаланылады.

GRI 304-4

Компанияның қызметі халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және жоғалу қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төндірмейді.

ЖҰШ әдісі жер қойнауын пайдалану аумағының ландшафтын өзгертпейді, бұл эндемикалық флора мен фаунаның сақталуына ықпал етеді – жануарлардың өліміне және аумақтардың шөлейттенуіне жол берілмейді. Уран өндіру және жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу аяқталғаннан кейін жануарлар бұрынғы мекендеу ортасына оралады.

Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің ағымдағы қорғалу мәртебесі: толық жойылу алдында тұрған – 0, жойылып кету (қырылу) қаупі төнген – 3, осал (осалға жақын) – 12, қауіп төнуге жақын күйде – 1, қорқыныш ең аз тудыратын – 11.

2023 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар

2023 жылы Компания қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар іс шараларды іске асыруды жоспарлап отыр:

Біздің басты басымдықтарымыздың бірі - Компания қатысатын өңірлерде тұратын қызметкерлер мен халықтың әл-ауқатына қамқорлық жасау. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және еңбек ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған корпоративтік әл-ауқат бағдарламасы аясында іс-шаралар кешенін іске асырамыз.

2022 жылы еңбек жағдайларының жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша елеулі жұмыс жүргізілді, оның негізінде әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған Industrial Relations тұжырымдамасы әзірленіп, енгізіле бастады. Біз ең қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еттік, ҚР заңнамасының және өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ішкі регламенттердің талаптарын айна қатесіз сақтаймыз.

Қазатомөнеркәсіп тамақтану, тұру, арнайы киім стандарттарын әзірледі, ЕМС пакеті біріздендірілді, бұл ЕТҰ-ның барлық қызметкерлеріне атқаратын лауазымының деңгейіне қарамастан тең мүмкіндіктер береді.

СӨС мәдениетін қалыптастыру, физикалық дамуды нығайту мақсатында вахталық кенттерде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ спорттық турнирлер, жыл сайынғы спартакиадалар мен марафондар өткізіледі. Менталды денсаулықты қолдау үшін Компанияда корпоративтік психолог жұмыс істейді: КО және ЕТҰ қызметкерлеріне арналған тренингтер, топтық және жеке консультациялар өткізіледі.

Компания әрбір қызметкерге тең мансаптық мүмкіндіктер, даму, оқыту бағдарламаларын ұсынады, алғыс айту бағдарламаларын іске асырады, оның аясында мамандығы бойынша үздік қызметкер, жылдың үздік қызметкері, атом саласының еңбек сіңірген қызметкері айқындалады.

2022 жылы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 510 154 теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 37%-ға жоғары. Лауазымдық жалақыны ұлғайту және «Еңбекақыны жүйелеу» жобасының екінші кезеңін, сондай-ақ төлемнің жаңа түрі – индекстелген кірісті енгізу арқасында айтарлықтай өсімге қол жеткізілді.

2022 жылы бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар бастау алды: балалар ойын және спорт алаңдарын салу, оқу жабдықтарын сатып алу, елді мекендерді абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін, мектеп керек-жарақтарын алу, жаңа жылдық сыйлықтар түрінде қаржылық көмек көрсету, басқа да бірқатар бастамалар. Түркістанда жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталды.

Жұмысшылардың әл-ауқатының барлық аспектілерінің деңгейін көтеру әрқашан біздің назарымызда. Қазатомөнеркәсіп осы бағытты одан әрі жан-жақты дамытатын болады.

Әлібек Алдоңғаров
HR және цифрландыру жөніндегі бас директор

Тартымды еңбек жағдайларын жасаймыз

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Қазатомөнеркәсіп 20 000-нан астам қызметкерді біріктіреді және елдегі ең ірі және әлеуметтік жауапты жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Өндірістік нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ Компанияның одан әрі дамуы әр қызметкердің тиімділігіне байланысты. Біз қызметкерлерімізге лайықты еңбек жағдайларын, кәсіби және жеке өсу үшін кең мүмкіндіктерді, әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге тырысамыз.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бәсекеге қабілетті жалақы ұсына отырып, таланттардың дамуына ықпал ету арқылы және еңбек құқықтарының сақталуына кепілдік беріп, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты.

Біздің құндылықтарымыздың негізі – өзара сенім, құрмет, ашықтық пен адалдық, сондай-ақ тұрақты кәсіби даму. Біздің операциялық қызметіміз көптеген дағдылар мен біліктіліктерді қажет ететіндіктен, біз қызметкерлердің барлық санаттары үшін білім беру және дамыту бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар біз негізгі қызметкерлеріміз үшін олардың біліктілігін үнемі бағалауды қамтитын жеке даму бағдарламаларын жасаймыз.

Біздің корпоративтік мәдениетіміздің маңызды бөлігі инклюзия мен тең құқықтарды қамтамасыз ету, сондай-ақ кемсітушілікке жол бермеу болып табылады. Біз қызметке ең талантты қызметкерлерді жынысына, ұлтына, жасына, дініне, әлеуметтік мәртебесіне, физикалық және психикалық қабілеттеріне, жұмыс тәжірибесі мен біліміне қарамастан тартамыз және дамытамыз. Бұл тәсіл барлық жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, білім сапасы бойынша инклюзивті және тең білім беру, өмір бойы білім алу үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық адамдар үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ-ның 3, 4, 8, 9, 10, 11 тұрақты даму мақсаттырымен байланысты.

Компанияның персоналды басқару саласындағы қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясатымен реттеледі. Құжат стратегиялық мақсаттарға жетудің маңызды құралдарының бірі болып табылады және қызметкерлерді ынталандыруды, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерін мұқият ескере отырып, жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізуді, қызметкерлердің Компания өміріне белсенді қатысуын ынталандыруды қамтамасыз етуге арналған. 2022 жылы Директорлар кеңесі 20232028 жылдарға арналған жаңартылған кадрлық саясатты бекітті, ол адамның ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің инклюзивтілігі мен алуан түрлілігі тәжірибесін енгізуді, сондай-ақ барлық қызметкерлер үшін психологиялық қауіпсіз орта мен тиесілілік сезімін қалыптастыруды көздейді.

Сонымен қатар біз Қазақстанның еңбек заңнамасын, халықаралық стандарттар мен корпоративтік құжаттар кешенін басшылыққа аламыз:

GRI 2-13

Директорлар кеңесі қызметкерлермен жұмыс саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бекітеді және бақылайды. Кадрларды басқару саясатының тиімділігі, сондай-ақ кадрлармен тікелей жұмыс істеу үшін HR департаменті мен Әлеуметтік жұмыс департаменті жауап береді. Жергілікті жерлерде тікелей үйлестіруді және жедел басқаруды кәсіпорындар деңгейінде персоналмен жұмыс жөніндегі қызметтер жүзеге асырады.

Кадрлық менеджмент саласындағы негізгі міндеттер:

Персоналдың құрылымы

Бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының жалпы тізімдік саны 2022 жылдың соңында 20 813 адамды құрады. Есепті кезеңде Топ персоналының тізімдік саны 2021 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға өсті, бұл жекелеген ЕТҰ өндіру көлемінің ұлғаюымен, ЖБҚ зауытын өнеркәсіптік пайдалануға берумен және жобалау қызметіне персоналды тартумен байланысты.

GRI 401-1, 2-7, SASB EM-MM-000.B

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының саны, 2020-2022 жылдар, адам

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Есепті кезеңнің соңындағы персоналдың тізімдік саны 21 019 20 643 20 813
Персоналдың жалпы саны (тізімдік саны, АҚС шарттары, аутстаффинг шарттары) 21 788 21 031 21 682

Біз өз қызметкерлерімізбен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты бағалаймыз, сондықтан олардың басым бөлігі ұзақ мерзімді шарттар бойынша жұмыс істейді (> 91%), мерзімді шарттар бойынша қызметкерлердің шамамен 9%-ы жұмысқа орналастырылды.

GRI 2-7, 2-8, SASB EM-MM-000.B

Жұмыспен қамту нысаны бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының тізімдік саны, 2020-2022 жылдар, адам

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Ұзақ мерзімді шарт 19 821 19 122 18 350
ерлер 16 227 15 696 15 183
әйелдер 3 594 3 426 3 167
Мерзімді шарт 1 198 1 521 2 463
ерлер 1 001 1 246 2 011
әйелдер 197 275 452
Толық жұмыспен қамту 21 011 20 627 20 799
ерлер 17 222 16 931 17 186
әйелдер 3 789 3 696 3 613
Ішінара жұмыспен қамту 8 16 14
ерлер 6 11 8
әйелдер 2 5 6
АҚС шарттары бойынша 769 388 744
ерлер 518 263 449
әйелдер 251 125 295
Аутстаффинг шарты 0 0 125

Қазатомөнеркәсіп жасына байланысты кемсітушілікке жол бермейді. Компанияда әртүрлі жас топтарының өкілдері, соның ішінде 50 жастан асқан адамдар жұмыс істейді, олардың үлесі 2022 жылы 27,7% құрады. Қызметкерлердің орташа жасы – 40 жас.

GRI 405-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының жасына қарай бөлінген тізімдік саны , 2020-2022 жылдар, адам

Көрсеткіш 2020 2021 2022
30 жасқа дейін 3 201 2 799 2 830
30 жастан 50 жасқа дейін 12 260 12 034 12 219
50 жылдан астам 35 558 5 810 5 764
Қызметкерлердің орташа жасы, жас 41 40 40
Әртүрлілік және инклюзивтілік
GRI 405-2

Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің көзқарастары мен мәдени құндылықтарының әртүрлілігін қолдайды және бағалайды. Біз кемсітушіліктің кез-келген түріне, соның ішінде нәсіліне, жынысына, дініне, мүгедектігіне немесе саяси сеніміне байланысты кемсітуге жол бермейміз. Бос жұмыс орындарын жариялау және үміткерлерді таңдау кезінде жалдау процесінде кез-келген жағымсыздықты болдырмау үшін тәжірибе мен біліктілікке қойылатын талаптар нақты анықталған. Сыйақы мөлшері тек үміткердің кәсіби қасиеттеріне байланысты.

GRI 405-1

Қазатомөнеркәсіп мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орындарын ұсынады. 2022 жылы мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер саны 183 адамды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30 адамға көп. 2022 жылы мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің үлесі қызметкерлердің тізімдік санының 0,8% құрады.

Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің тізімдік саны, 2020-2022 жылдар, адам

2020 2021 2022
151 153 183
Гендерлік құрамы

Персонал құрылымында ер адамдардың басым болуы Компанияның өндірістік қызметінің ерекшелігімен байланысты. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп гендерлік теңдік қағидатын қолдайды және әйелдерді әкімшілік және сервистік қызметке белсенді тартады. 2022 жылы Топ қызметкерлері арасындағы әйелдердің үлесі 17,4% құрады.

Гендерлік бөліністегі персоналдың тізімдік саны, 2020-2022 жылдар, адам

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Ерлер 17 228 16 942 17 194
Әйелдер 3 791 3 701 3 619

Компания гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ әйелдер арасында көшбасшылық әлеуетті дамыту және болашақ әйел-көшбасшыларды даярлау аясында 2030 жылға қарай Қазатомөнеркәсіптің басқару органдары мен ЕТҰ (директорлар кеңестерінде, байқаушы кеңестерінде және атқарушы органдарда) құрамындағы әйелдер үлесін кемінде 30% деңгейіне кезең-кезеңмен арттыруды жоспарлап отыр. 2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 19% құрады.

Таланттарды сақтау

Персоналды тарту және кадрлардың тұрақтамауы

GRI 401-1

2022 жылы Топқа 3652 адам қабылданды. Жаңа қызметкерлердің 73,9%-ы оңтүстік өңірде (Шымкент қаласын қоса алғанда) жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіпте жергілікті тұрғындар арасынан қызметкерлерді басымдықпен жалдау саясаты жоқ. Бос лауазымдарға іріктеу ізденушілердің біліміне, біліктілігіне және кәсіби қасиеттеріне қарай жүргізіледі.

2022 жылы Топтағы кадрлардың тұрақтамауы 14,88% құрады. 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,88%-ға өсті. Бұл ретте 2022 жылы қызметкердің бастамасы бойынша кадрлардың тұрақтамауы 9% құрады, оның ішінде әкімшілік персонал бойынша – 13%, оның ішінде басшылар арасында – 13%, өндірістік персонал бойынша – 8%, оның ішінде басшылар арасында – 7% болды.

Мотивация және сыйақы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметкерлерінің еңбегіне лайықты және уақтылы ақы төлеуге мүдделі бола отырып, жалпы мемлекеттік еңбек нарығында ғана емес, сондай-ақ салада да жалақының жоғары бәсекелестік деңгейін ұстап тұруға ұмтыла отырып, материалдық сыйақы мәселелерінде ашық тәсілдерді қолданады.

Компанияда ұлттық заңнама нормаларын сақтауға негізделген және ең төменгі еңбекақы мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын және үстеме жұмыс үшін еңбекақы төлеуді айқындайтын еңбекақы төлеу жүйесі жұмыс істейді.

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІ ЖҮЙЕЛЕУ

2022 жылғы 1 қаңтарда 2019 жылы басталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді жүйелеу» (ЕТЖ) жобасы аяқталды. Жоба 2 кезеңмен Компанияның адам саны шамамен 6 мың 14 ЕТҰ-да енгізілді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап адам саны 12 мыңнан артық өндірістік-қосалқы кешеннің 7 ЕТҰ-да енгізілді. Жобаны іске асыру еңбекақы төлеу жүйесінің әдіснамасын айқын, ретке келтірілген және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әрбір қызметкері үшін түсінікті етуге мүмкіндік берді.

Жалақыны жүйелеу мыналарды қамтиды:

  • акционерлердің азаматтығына, жұмыс жағдайларына және пайдаланылатын өндірістік технологиялар мен қуаттарға қарамастан төлемдер тізбесі мен мөлшеріне, кәсіпорындарда оларды есептеу тәртібіне бірыңғай тәсіл;
  • ЕТҰ персоналының 100% лауазымдарын грейдирлеу;
  • лауазымдық жалақыны және/немесе тарифтік мөлшерлемені сақтау не ұлғайту;
  • Компания ЕТҰ қызметкерлерінің жылдық кірісінің деңгейін ҚР-дағы ұқсас деңгейдегі (грейд) қызметкерлердің орташа табысымен салыстыру;
  • жұмыс нәтижелері бойынша жеке және командалық сыйақы төлеу;
  • зиянды/қауіпті және аса зиянды/аса қауіпті еңбек жағдайлары үшін төлемдерге және тиісті қосымша демалыстың ұзақтығын айқындауға қойылатын бірыңғай тәсіл;
  • жұмыс берушіден демалысқа материалдық көмек төлеу мөлшері мен тәртібіне бірыңғай тәсіл;
  • әрбір қызметкердің жалақысының жылдық қоры өзгеріссіз қалатындай есеппен қосымша төлемдерді (дербес үстемеақылар, кәсіби шеберлік үшін үстемеақылар, ашық емес жолмен айқындалған бригадалық сыйлықақылар, мерекелік сыйақылар) қайта қарау және алып тастау.

«Самұрық-Қазына» АҚ персоналын басқару бойынша корпоративтік стандартына сәйкес Компанияның ЕТҰ қызметкерлері үшін жалақының референттік нарығы Қазақстан Республикасының жалпы индустриялық нарығы болып табылады, ал еңбекақы төлеу деңгейі оның медианасына жетуге ұмтылады.

Қазатомөнеркәсіп әйелдер мен ерлердің сыйақы арақатынасын талдауға ерекше көңіл бөледі. Көбінесе физикалық еңбекті қажет ететін индустриялық ерекшелікке байланысты жұмысшылардың көпшілігі ер адамдар. Дегенмен, біз әйелдерді жалдауға, сыйақы белгілеуге, олардың қызметі мен мансаптық дамуына қатысты кемсітушіліктің кез келген нысанын қабылдамаймыз.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіп өндірістік персоналының орташа айлық жалақысы 44%-ға өсіп, 454 648 теңгені құрады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалақы қоры, теңге

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы 279 202 314 653 454 648
Жалақы қоры, млн 65 707 71 484 99 395

Біз Топ қызметкерлерінің жалпы төлемдеріндегі айырмашылыққа талдау жасадық. Ол 2022 жылы өндірістік персонал арасындағы әйелдердің орташа табысы ер адамдарға қарағанда 12%-ға аз болғанын, ал әкімшілік-басқару персоналының жалақысындағы айырмашылық ерлердің пайдасына 26%-ды құрайтынын көрсетті.

Қызметкерлерді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ынталандыру

Қызметкерлерге материалдық сыйақы беру және ұзақ мерзімді ынталандыру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі Компания Тобының жоспарлы көрсеткіштерін, өндірістік, стратегиялық және операциялық мақсаттарын орындағаны үшін, сондай-ақ инновациялық идеяларды ұсынғаны, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін қызметкерлерге сыйақы беру болып табылады.

Қосымша материалдық ынталандыру мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

Жас мамандар

2022 жылы «Жас Өркен» бағдарламасын тираждау аясында Компания жас мамандарды дамытуға бағытталған «Ізбасар» жергілікті бағдарламасын жүзеге асыруды сәтті жалғастырды. Бағдарламаның мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында кезең-кезеңмен мансаптық өсу перспективасымен дарынды көшбасшыларды тәрбиелеу.

«Ізбасар» бағдарламасы Компанияның бірнеше кәсіпорындарында тағылымдамадан өтудің және арнайы оқытудан өтудің бірегей тәжірибесін ұсынады. сонымен қатар 2022 жылы бағдарлама Қазатомөнеркәсіпте және оның кәсіпорындарында кәсіпорындардың өндірістік персоналы арасынан іріктеуден өткен жас мамандардың 15 айлық ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастырды. Мәселен 2022 жылы конкурстық негізде өндірістік персонал қызметкерлері қатарынан 8 жас маман және 4 сыртқы кандидат іріктелді.

Кері байланыс

GRI 2-26

Компанияда кері байланыстың бірнеше арналарын қамтамасыз ететін тиімді ішкі коммуникация жүйесі қалыптасқан.

Коммуникацияның басты арнасы – сыртқы мүдделі тараптарға жазбаша өтініш немесе шағым қалдыру және қажет болған кезде «жедел желі» телефонына қоңырау шалу арқылы жүгіну мүмкіндігін беретін Компанияның интернет-ресурсы – www.kazatomprom.kz.

Компания кері байланыс мәдениетін дамытуды келесі шаралар арқылы қолдайды:

Өтініштерді мониторингтеу мен талдауды Қазатомөнеркәсіптің орталық аппаратына тоқсан сайынғы есептерді ұсына отырып, Топ кәсіпорындары жүзеге асырады. Әрбір өтініш бойынша талдау нәтижелеріне сәйкес бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізіледі және тиісті ұсынымдар беріледі.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту

GRI 3-3

Қызметкерлерді оқыту және дамыту – Корпоративтік мәдениетті трансформациялау және дамыту бағдарламасы аясында Компания қызметінің басымдықтарының бірі. Қазатомөнеркәсіп өндірістік тиімділік, өндірістік қауіпсіздік, адам құқықтары, еңбекті қорғау және кәсіптік бағдар беру саласында озық және неғұрлым тиімді білім беру тәжірибесін енгізеді. Компания көшбасшылық құзыреттерді дамыту бойынша бағдарламаларды іске асырады, менторлар мен ішкі жаттықтырушыларды оқытады. Жыл сайын Компания кәсіпорындарының қызметкерлері міндетті және кәсіптік оқытудан өтеді.

57 044
адам-семинарды құрады
2022 жылдың қорытындысы бойынша Компания қызметкерлерін оқытудың жалпы уақыты

2019-2022 жылдардағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының білім деңгейі, %

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Жоғары 42,93 43,81 44,69
Орташа кәсіптік 32,66 33,49 34,32
Бастапқы кәсіби 3,19 3,26 3,33
Орташа 21,17 19,42 17,67
Бастапқы 0,06 0,02 0,02

Компанияда қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестерін жүйелендіруге бағытталған және мыналарды қамтитын 2019-2023 жылдарға арналған кешенді білім беру бағдарламасы жұмыс істейді:

Оқыту ішкі сарапшылар мен сыртқы провайдерлерді тарта отырып, Қазақстан ядролық университетінің (ҚЯУ) корпоративтік университеті негізінде оқытылады.

Қазатомөнеркәсіп өз персоналын оқыту мен дамытуға ресурстардың едәуір көлемін инвестициялайды. 2022 жылы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған жиынтық инвестициялар көлемі 2 млрд теңгені құрады.

Оқыту бағдарламасының негізгі қағидаты өздігінен оқуға негізделген, оған сәйкес оқытудың 70% жұмыс процесінде жүреді, дағдылардың 20%-ын қызметкерлер тәлімгерлік және коучинг бағдарламасы арқылы алады, 10%-ды тренингтер мен басқа да оқыту бағдарламалары қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді оқытуда басшыларды қолдау, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру қызметтерінің жеткізушілерін таңдау HR қызметіне жүктелген.

«ТӘЛІМГЕР» – ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ

2022 жылы Компанияда тәлімгерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Тәлімгер» жобасы басталды. «Тәлімгер» бұл жобаны/мақсатты іске асыруға/жаңа дағдыға ие болуға ниетті қызметкерлер үшін тәлімгерлерді іздеу және іріктеу. Жобаның мақсаты Компания мен ЕТҰ қызметкерлері ұсынған жаңа идеяларды ілгерілету болып табылады және тәлімгерлердің көмегімен Қазатомөнеркәсіптің барлық өндірістік бағыттары бойынша әрекет етеді. Осылайша іріктеу нәтижелері бойынша жоба аясында жалпы пулдан өздері үшін үш тәлімгерді таңдаған үш қызметкер іріктелді. Қазіргі таңда қызметкерлер мен тәлімгерлер арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде қойылған міндеттер мен жалпы нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлескен қызметтің мақсаттары мен жобалары айқындалды.

Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіптегі тәлімгерлік түрлі бағдарламалар мен бағыттар арқылы жүзеге асырылады және даму үстінде. Мәселен «Ізбасар» бағдарламасы үшін тартылатын тәлімгерлердің тұрақты пулы сәтті қалыптасты, оған әрбір ротацияны ұйымдастыру кезінде жаңа тәлімгерлер тартылуда. Сонымен қатар Компания мен ЕТҰ-да тәлімгерлерді жас мамандарға/тағылымдамадан өтушілерге/ тәжірибеден өтушілерге бекіту жүйесі тұрақты жұмыс істейді.

Оқыту тиімділігін бағалау

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да әрбір қызметкердің ұжымдық және жеке қызметін талдау арқылы кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық қасиеттерін бағалау рәсімі енгізілді. Бағалау және талдау процедурасы қызметкерлердің оқуға деген қажеттіліктерін және олардың мансаптық мүмкіндіктерін анықтайды. Талдау негізінде қызметкер үшін даму жоспары немесе түзету жоспары жасалады, сыйақы мөлшерін өзгерту, лауазымын жоғарылату/төмендету жүргізіледі.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушылардың сауалнамаларын толтыру арқылы өткен оқуды бағалау, содан кейін 3 айдан кейін оқыған қызметкердің басшысы өткен оқудың бағалауын жүргізіледі.

Оқу бағдарламасы

GRI 404-2

Компания қызметкерлердің біліктілігіне үнемі өсіп отыратын талаптарға байланысты олардың тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіби бағыттар бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті оқытуды әзірлейді және іске асырады.

Компанияның барлық оқыту бағдарламалары басшылардың, таланттардың (ізбасарлардың) басқарушылық және жеке-іскерлік құзыреттерін арттыруға, тиімді және басқарушылық команданы қалыптастыруға, ішкі әлеуетті ашуға, кросс-функционалдық өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ алынған дағдыларды жұмыс ортасында қолдануға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

2022 жылы Компания басшыларды дамыту жұмысын жалғастырды.

Бағдарламаны іске асыру үшін көшбасшылық қасиеттерді, басқару құзыреттерін, ESG сәйкестігін өлшеуге арналған құралдарды, команданы басқаруды және т.б. дамыту бойынша тәжірибесі бар қазақстандық және халықаралық қызмет көрсетушілер тартылды.

2022 жылы 16-дан астам семинарлар, тренингтер және стратегиялық сессиялар өткізілді. СЕО-1 және СЕО-2 деңгейіндегі басшылар арасында қамту 100% құрайды. 251 адам оқытылды, академиялық сағаттардың жалпы саны 200 сағатты құрайды.

Оқыту бағдарламалары басшылардың, ізбасарлардың басқарушылық және жеке-іскерлік құзыреттерін арттыруға, тиімді және басқарушылық топты қалыптастыруға, ішкі әлеуетті ашуға, кросс-функционалдық өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін алынған дағдыларды жұмыс ортасында қолдануға бағытталған.

Даму аймақтары негізінде 2022 жылы басшылардың барлық деңгейлері үшін бірқатар оқыту іс-шаралары өткізілді. Әрбір оқыту «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да бекітілген корпоративтік құзыреттер мен құндылықтарды дамытуға бағытталған.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ ІШКІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МЕКТЕБІ

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру аясында 2022 жылы ішкі жаттықтырушылар күшімен 13 семинар өткізілді, семинарлар мынадай тақырыптарды қамтыды: «Microsoft Excel. Жетілдірілген деңгей. Power BI (Business Intelligence) деректерімен жұмыс»; жеке қаржыны басқару; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қызметінің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеу бағдарламасының талаптары; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Zero Waste» корпоративтік бағдарламасы.

Сондай-ақ кәсіптік оқытуға Қазатомөнеркәсіп сарапшылары, оның ішінде қызметтің тар бағыттары бойынша сала ардагерлері тартылады. Ішкі жаттықтырушыларды кәсіби оқытуға тарту тиімділігі тек жаттықтырушылар мен сарапшылардың атом өнеркәсібіндегі көпжылдық тәжірибесі мен жинақталған бірегей біліміне ғана емес, сонымен қатар ішкі жаттықтырушылар әзірлеген арнайы бағдарламаға да негізделген.

Қызметкерлерді дамыту аясында Компанияда қызметкерлер күшімен дәстүрлі шеберлік сабақтарын жүргізу жалғасуда. Мәселен 2022 жылы Қазатомөнеркәсіпте 22 мастер-класс өткізілді. Бейне форматындағы мастер-класстар Холдингтің барлық қызметкерлеріне корпоративтік портал арқылы қолжетімді, бұл бейнематериалдарды бірегей білім мен үздік тәжірибелерді тарататын қосымша оқу құралдары ретінде пайдалануды көздейді.

Кадр резерві

2012 жылы Компания кадрлық резервтің сабақтастығын, сондай-ақ Компанияның басқару жүйесіндегі үздіксіздікті ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары және кәсіби қасиеттерді арттыруға және мансаптық өсуге ұмтылатын Топ қызметкерлері арасынан кандидаттарды анықтауға бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы персоналының сабақтастығы бағдарламасы қолданысқа енгізді.

Бағдарламаны іске асыру процесінде әрбір ізбасар үшін қызметкердің дамуына жауап беретін, оның прогресін бақылайтын және идеяларды іске асыруда қолдау көрсететін ментор/тәлімгер айқындалады. Ізбасарлар пулы қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері негізінде анықталады. Пулдың меншік иелері – Басқарма төрағасы және функционалдық бағыттардың басшылары сабақтастық бағдарламасының дамуына негізгі үлес қосады.

2022 жылы бағдарлама шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:

Өткен кезеңде 9 тәлімгер ізбасарлармен тиімді өзара іс-қимыл бойынша оқудан өтті және кері байланыс дағдыларын игерді. Менторинг бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде КО және ЕТҰ ізбасарларының, сондай-ақ СЕО-1 деңгейіндегі менторлардың қатысуымен 67 менторлық сессия өткізілді. Сонымен қатар Директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар менторлық сессиялар өтті.

КО жыл сайынғы негізде ізбасарлар пулынан тағайындаулар санын тексереді.

Білім беру жүйесімен өзара іс-қимыл

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда, оның негізінде еліміздегі алғашқы және жалғыз Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы (МЕНОЦАП) құрылды, оның шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен атом саласы үшін басым мамандықтар бойынша Компания және ЕТҰ қызметкерлері, сондай-ақ жеке тұлғалар білім алуда.

В 2022 жылы «Бейорганикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының 15 магистріне диплом табыс етілді. Бағдарламаны іске асыру барысында оқытуды ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бағдарлама Қ.И. Сәтбаева атындағы ҚазҰТЗУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен шектелген жоқ, сонымен қатар бағдарламаға Металлургия және байыту институтының, Ядролық физика институтының, Жоғары технологиялар институтының, МИФИ, МИРЕА-Ресей технологиялық университетінің және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ақсақалдар кеңесі» құрметті профессорлар қауымдастығының оқытушылары қатысты. Магистранттармен қатар, 2022 жылы МЕНОЦАП-та «Уран кен орындарын игерудің геотехнологиясы» мамандандырылған бағдарламасы бойынша оқуды 2019 жылы жоғары білікті геологтарды мақсатты даярлау шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тапсырысы бойынша 1 курс студенттері қатарынан іріктелген бакалаврлар аяқтады. 50 үміткердің ішінен іріктеу кезеңінен 6 студент өтті. Барлық түлектер оқу бітіргеннен соң «Волковгеология» АҚ-ға жұмысқа орналастырылды.

2022 жылы функционалдық пулдан 3 ізбасар тағайындалды, бұл негізгі лауазымдарға тағайындалудың жалпы санынан 33% құрады.

Қызметкерлердің әл-ауқаты

GRI 401-2

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыспен қамту нысанына қарамастан, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Әлеуметтік саясат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қалыпты жұмысы мен тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі. Компания жайлы жұмыс ортасын жасайды, қызметкерлердің жоғары әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер береді. Бұл бастамалардың барлығы қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Компания әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, еңбек ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған корпоративтік әл-ауқат бағдарламасы (well being) шеңберінде іс-шаралар кешенін іске асырады.

2022 жылы Компанияның жоғары оқу орындары мен колледждерде мамандар даярлауға жұмсаған шығындары 271 млн теңгені құрады.

Компанияның әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:

Еліміздің жетекші өнеркәсіптік компаниясы бола отырып, Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік қамсыздандыру және персоналды басқару саясатын іске асыру саласындағы тәсілдерді тұрақты негізде жетілдіріп отырады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 2022 жылы бөлген шығындары, млрд теңге

Бағыты Инвестициялар көлемі
Медицина и сауықтыру 1,44
Тамақтану 3,7

2022 жылы Компания әлеуметтік функцияларды орындауда өзін-өзі танытуға, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды және өткізді: Денсаулық марафоны, Спартакиада, «Дені сау жүрек ырғағында», Донор күні, эко жобалар, әлеуметтік волонтерлік жобалар, сондай-ақ корпоративтік іс-шаралар мен конкурстар.

Қаржылық әл-ауқатты қамтамасыз етуге, атап айтқанда, қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын және ақылға қонымды және саналы қаржылық шешімдер қабылдауға негізделген білімді арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Компания қызметкерлердің жеке қаржыны басқару және қаржы құралдарын білу саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді. ЕТҰ-ның бірінде пилоттық жоба шеңберінде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы енгізілді.

Қызметкерлерді қолдау

Компанияның қолданыстағы әлеуметтік саясатында ерекше назар қызметкерлердің белгілі бір санаттарын қолдауға бөлінеді, олар: жалғыз басты ата-аналар, көп балалы отбасылар, мүгедек балалардың ата-аналары, еңбек шартын бұзған кезде жұмыс істемейтін зейнеткерлер. Топтың кәсіпорындарында толық және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерге бірыңғай тәсіл қолданылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде жалғыз басты ата-аналарға және үш және одан да көп баланың (12 жасқа дейінгі) аналарына қосымша демалыстар беріледі. Көп балалы отбасылар және мүгедек балалары (18 жасқа дейінгі) бар отбасылар материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

2022 жылы 380 қызметкерге ана/ әке демалысы берілді, оның 67-сі ер адамдар, 313-і әйелдер.

Жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шығу себебі бойынша еңбек шартын бұзған кезде Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлері медициналық қызмет көрсетумен және маңызды күндер мен мерекелерде қосымша материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық

GRI 403-6

Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚның негізгі басымдықтарының бірі. Компания қызметкерлерді қолдау мақсатында физикалық, менталды денсаулықты қолдауға, сондай-ақ қаржылық, әлеуметтік және кәсіптік әл-ауқатты арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларды әзірлеп, іске асырады.

Қазатомөнеркәсіп әрбір қызметкерге жұмыста және одан тыс жерде салауатты және бақытты өмір сүру үшін қажетті әл-ауқат тақырыбына өзінің саналы көзқарасын және дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге ұмтылады.

Біз физикалық әл-ауқатты жақсарту, өмір сапасын арттыру үшін пайдалы әдеттерді қалыптастыру, денсаулықты жақсарту және өнімділікті арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргіземіз.

2022 жылы келесі тиімді бағдарламалар іске асырылды:

Кәсіподақтар және адам құқықтары

Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің өз мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру немесе оларға қосылу құқықтарын шектемейді. Топ персоналы, егер ол лауазымдық міндеттерін орындауға әсер етпесе, сондай-ақ қоғамға зиян келтірмесе, кез келген саяси, білім беру, қайырымдылық немесе қоғамдық қызметпен айналыса алады.

«Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қазатомөнеркәсіптің еңбек заңнамасын сақтауда сенімді әріптестігін және қызметкерлердің мүдделерін қорғауға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Топ кәсіпорындарының 13 500 қызметкерінен тұрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті.

Еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына жағдай жасау мақсатында ұжымдық шарттар жасалады. Ұжымдық шарттар мен қабылданған міндеттемелерді орындау шеңберінде Кәсіподаққа жыл сайын қоғам қызметкерлері арасында іс-шаралар өткізу, медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу, санаторийлер мен балалар лагерьлеріне жолдамалар сатып алу үшін ақшалай қаражат бөлінеді.

Кәсіподақтарды қолдауға арналған шығындар, млн теңге

2020 2021 2022
575,5 684,9 843,8
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің 99% ұжымдық шарттармен қамтылған.

Ұжымдық шарт

GRI 2-30, SASB EM-MM-310a.1.

Ұжымдық шарт қызметкерлердің еңбек құқықтарын, экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерін қорғаудың кепілі болып табылады, еңбек қатынастарын реттейді және Компания мен қызметкерлер арасында тиімді диалогты жүзеге асыруға ықпал етеді. Ұжымдық шарт үш жыл мерзімге әзірленеді және үнемі жаңартылып отыруға тиіс.

GRI 402-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымдық шартының ажырамас шарты қызметкерлерді еңбек жағдайларындағы елеулі өзгерістер туралы болжанатын өзгерістерге дейін бір айдан кешіктірмей, ал бірқатар жағдайларда күнтізбелік он бес күн бұрын алдын ала хабардар ету міндеттемесін қамтиды.

Сондай-ақ Ұжымдық шарттың ережелері кадрларды іріктеуді, корпоративтік мәдениетті және қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты қолдауды реттейді. Бұдан басқа ұжымдық шартқа сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.

Адам құқықтарын сақтау тәсілі

GRI 2-23

Адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік, өзара құрмет, бір-біріне сенім білдіру, кез келген кемсітушіліктің алдын алу – Компания мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидаттары.

Компаниядағы адам құқықтарын сақтау саясатына қатысты мәселелерді басқаруға Омбудсмен қызметі мен Комплаен қызметі жауапты.

Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік тәжірибесі адам құқықтары саласындағы танылған халықаралық стандарттар мен бастамаларға негізделеді, мысалы:

Біздің міндеттемелерімізді бекіту және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 2022 жылы Қазатомөнеркәсіп Адам құқықтары саласындағы саясатты65 әзірлеп, бекітті. Саясат Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады және Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметкерлері үшін міндетті. Осы саясат негізінде Компанияның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдарына белгіленген тәртіппен ұқсас ішкі құжатты әзірлеу және бекіту ұсынылады. Құжатты әзірлеу кезінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттар (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттары және т.б.) негізге алынды, адам құқықтары саласындағы аса маңызды мәселелер, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-этикалық ахуалды диагностикалау мәселелері енгізілді.

Адам құқықтары саясаты Компанияның корпоративтік веб-сайтында және ішкі ресурстарында жарияланған және стейкхолдерлердің кең ауқымы үшін қол жетімді. Сонымен қатар Холдинг қызметкерлері осы құжаттың ережелерімен тұрақты даму бойынша мастер-класстарды өткізу кезінде танысты.

GRI 408-1

Адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, Қазатомөнеркәсіп заңнаманы және Топта қабылданған корпоративтік және іскерлік әдеп нормаларын сақтайтын әріптестер мен контрагенттерді ынтымақтастыққа тартады. Компания Топтың этикалық қағидаларын бөлісетін және сақтайтын, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын, адам құқықтарын құрметтейтін, еңбекті қорғау мен персоналдың денсаулығына қамқорлық жасайтын жеткізушілермен ғана ұзақ мерзімді серіктестікті қолдайды. Қазатомөнеркәсіп балалар еңбегін пайдаланбайды.

GRI 409-1, 411-1

Қазатомөнеркәсіп Топ объектілерінде қызметін жүзеге асыратын өнім берушілер мен мердігерлерден өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларының сақталуын және өзінің корпоративтік стандарттарының орындалуын талап етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық келісімдері мен келісім-шарттарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнім берушілері мен мердігерлерінің кодексіне сәйкес адам құқықтарын сақтау туралы ережелер кіреді.

2022 жылы Компанияда адам құқықтары саласындағы кемсітушілік немесе басқа да бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек, байырғы және аз халықтардың құқықтарын бұзу жағдайлары жоқ.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да төмендегілерге мониторингті жүзеге асыратын Омбудсмен қызметі жұмыс істейді:

Адам (қызметкерлер) құқықтарының және адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалардың сақталуын бақылауды компанияның комплаенсі, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Құқық бұзылған жағдайда қызметкерлер Компанияның барлық кері байланыс арналары арқылы хабарласа алады.

Корпоративтік мәдениет және ішкі коммуникациялар

Өндірістің тиімділігі және Компанияны дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу күшті корпоративтік мәдениетті құруды анықтайтын жеке бағытпен жүзеге асырылады. Ұжымда қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсіпқойлық, даму және команда сияқты негізгі құндылықтар белсенді түрде дәріптеледі.

Компанияның барлық қызметкерлері корпоративтік құндылықтарды жете түсінеді және қолдайды, өздерін команданың бір бөлігі ретінде анықтайды және ортақ іске жеке үлестерін қосады.

2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік мәдениетті диагностикалау қорытындысы бойынша корпоративтік мәдениетті одан әрі дамыту векторы айқындалды, 2022-2025 жылдар кезеңіне Корпоративтік мәдениетті дамытудың жол картасы қалыптастырылды.

Қызметкерлердің тартылу деңгейін арттыру және еңбек нарығындағы үздік кандидаттарды тарту мақсатында Компания Жұмыс берушінің брендін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді – EVP ілгерілетудің коммуникациялық стратегиясы қалыптастырылды.

Компанияның корпоративтік құндылықтарын қолдауға бағытталған корпоративтік мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі – қызметкерлерді біріктіретін және персоналдың тартылуын арттыруға, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік-жауапты компания ретіндегі оң ішкі атмосферасы мен имиджін қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік волонтерлік.

2022 жылы Компания мен ЕТҰ қызметкерлері халықтың қорғалмаған топтарын, ардагерлерді қолдауға, Компания қатысатын өңірлердің елді мекендерінде орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларының білім алуына қолдау көрсетуге, экологиялық акцияларға бағытталған ауқымды волонтерлік жобаларды іске асыруды жалғастырды.

Компания ішіндегі қызметкерлердің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, дағдарыстық жағдайларды шешуге, қызметкерлердің бейілділігі мен жоғары адалдығын қалыптастыруға бағытталған ішкі коммуникациялар корпоративтік мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарады. Қызметкерлерді ақпараттандыру үшін корпоративтік ішкі портал, корпоративтік БАҚ – күнделікті дайджест, Компания хабаршысы, QazAtomNews корпоративтік журналы сияқты коммуникация арналары тиімді пайдаланылады.

Тиімді коммуникацияларды дамыту мақсатында 2022 жылы 4 мыңнан астам жазылушысы, кәсіпорын қызметкерлері бар телеграмм арнасы іске қосылды. Телеграм арнасының арқасында қызметкерлер ақпарат ағынына қатысады және бастапқы көзден таралатын ақпаратқа қол жеткізе алады.

Қызметкерлерге арналған ісшаралар

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, олардың жеке әлеуетін іске асыруға да мүдделі. Корпоративтік спорттық және мәдени іс-шаралар қызметкерлердің белсенділігін, ынтасын және Компания өміріне араласуын арттыруға ықпал етеді.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіп құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. Мереке аясында Компанияның жетістіктерін көрсетуге, корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған ауқымды корпоративтік іс-шаралар өткізілді:

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» АРТ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

Мақсаты: қызметкерлердің назарын жекелеген өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге және мұқтаждарға көмек беруге, әріптестеріне қолдау көрсетуге, атом холдингі қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін қолдауға және дамытуға дайындығын білдіретін жеке тұлғаның ең асыл қасиеттерін көрсету мүмкіндігін туғызатын қоғамдық маңызды қызмет ретіндегі қайырымдылық жобаларына қатысудың маңыздылығына аудару.

Қамту аймағы: КО және ЕТҰ қызметкерлерінің 300 жұмысы, 500-ден астам арт-жәрмеңкеге қатысушы.

Бағдарлама сипаты: Компания қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстары Қазатомөнеркәсіп КО ғимаратындағы арт-жәрмеңкеде ұсынылды. Жиналған қаражатты шұғыл көмекке мұқтаж әріптестеріне көмек көрсетуге бағыттау жоспарланған.

Нәтижелері: өткізілген арт-жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 2 607 000 теңге көлемінде жиналған қаражат жуық арада апат салдарынан қаза тапқан Компанияның еншілес кәсіпорны қызметкерінің отбасына аударылды, ол үш баланы жалғыз тәрбиелеген.

Әсел Әбенова, «Семізбай-U» қызметкері, арт-жәрмеңкеге қатысушы: «Мен қайырымдылыққа үлес қосу және оған мұқтаж адамдарға көмектесу ниетімен өнер жәрмеңкесіне қатысамын деп шештім. Мен өзімнің бірнеше туындыларымды ұсынамын – маймен боялған суреттер және қолдан жасалған сөмкелер. Мен бала кезімнен сурет саламын және маймен жұмыс істегенді ұнатамын. Мен декреттік демалыс кезінде кәсіби тоқуды бастадым – ұлым шабыттандырды. Мен өнер жәрмеңкесіне арнаған өз туындыларымды қысқа мерзімде жасадым».

Басшылықпен өзара іс-қимыл

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі коммуникациялар жүйесі – қызметкерлерді Топтағы өзекті оқиғалар туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ететін және ұжымда қолайлы атмосфераны сақтауға жәрдемдесетін басты құрал.

Компания қызметкерлер үшін ірі ұйымдастырушылық іс-шаралардың (жиналыстар, басшылықтың ұжыммен кездесулері, корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар) гибридті нұсқасын (офлайн және онлайн) қолданады.

Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қызметкерлерді дамыту және марапаттау мәселелері, әлеуметтік мәселелер бойынша Холдинг қызметкерлерімен Басқарма төрағасының тікелей эфирі өткізіліп, Компанияның 2022 жылғы жетістіктері аталып өтті. Жыл сайын ЕТҰ бірінші басшыларының ұжымдармен кездесулері өткізіледі. Қазатомөнеркәсіп топ-менеджментінің еншілес кәсіпорындарға сапарлары ұйымдастырылды.

Қызметкерлерді Компания жобалары туралы хабардар ететін «Қазатомөнеркәсіптің ырғағы» бағдарламасы жұмыс істейді.

Қызметкерлер ағымдағы ахуал және сала үшін маңызды оқиғалар туралы электрондық пошта арқылы таратылатын тұрақты ақпараттық хабарламалар мен басшылық үндеулері, сондай-ақ QazAtomNews электрондық корпоративтік журналы арқылы хабардар болады.

Қызметкерлерді қанағаттандыру және тарту деңгейі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, материалдық сыйақы, персоналды ынталандыру және тарту саласындағы бағдарламалары мен бастамалары әзірленген жоспарларға сәйкес іске асырылады және Компанияның барлық қызметкерлері тарапынан қолдау табады.

2022 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Samruk Research Services зерттеуі шеңберінде Топтағы әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіші 76% құрады, бұл қолайлы деңгейге сәйкес келеді. 2021 жылғы нәтижелермен салыстырғанда әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 3%-ға жақсарды. Бұдан басқа осы зерттеу аясында 79% (қолайлы деңгей) құраған қатысу индексі айқындалды, 2021 жылмен салыстырғанда бұл нәтиже сол деңгейде қалды.

Қызмет нәтижелерінің жыл сайынғы оң бағалары әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша тұрақты зерттеулермен расталады. 2022 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының 19 кәсіпорнында Samruk Research Service (SRS) әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша зерттеулер жүргізді.

Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік тұрақтылық деңгейін дамыту және жақсарту мәселелеріне жүйелі тәсіл қолдану мақсатында әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсартуға, еңбек жанжалдары мен наразылық көңіл-күйінің алдын алуға ықпал ететін іс-шаралар кешенін іске асыруда. Samruk Research Services зерттеуінің жыл сайынғы оң нәтижелерімен расталатын іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігін назарға ала отырып, 2023 жыл ішінде Компания корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін, материалдық сыйақыны арттыру, қызметкерлерді ынталандыру және тарту саласындағы жүйелі іс-шараларды іске асыруды жалғастырады. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік тұрақтылық пен қызметкерлерді тартудың қолайлы деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады, бірақ 70% деңгейіндегі көрсеткіштен төмен емес.

2023 жылға және қысқа мерзімді болашаққа арналған жоспарлар

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерді қолдау бағдарламаларын жалғастырады, кадрлық әлеуетті сақтайды және дамытады және қызметкерлердің тартылу деңгейін, оның ішінде жұмыс берушінің брендін дамыту жөніндегі іс-шаралар есебінен қолдайды.

Компания еңбекке ақы төлеу және материалдық көтермелеу жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастыруды, персоналды басқару саласындағы процестерді автоматтандыруды жүзеге асыруды, басқарушы персоналдың сабақтастығы және көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын, еңбекке ақы төлеуді жүйелендіруді, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Компанияның басымдықтарына сәйкес әлеуметтік әріптестік өкілдері ретінде кәсіподақтармен жұмысты кеңейту, ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, келіссөздер мәдениетін дамыту және ішкі коммуникациялардың тиімділігін арттыру бөлігінде іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылы вахталық персоналдың өмір сүру жағдайларын ұйымдастыру жөніндегі стандартты әзірлеу және енгізу, қызметкерлерді тамақтандыруды, арнайы киіммен қамтамасыз етуді және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі стандарттарды әзірлеу және енгізу жоспарланған.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

Басқару тәсілі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға ден қоюды қамтитын өндірістік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға ерекше назар аударады. Компания өз қызметкерлерінің еңбегін қорғаудың, қауіпсіздігі мен денсаулығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Ол үшін Қазатомөнеркәсіп еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұлттық және халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес тұрақты негізде жетілдіріп отырады.

GRI 3-3, GRI 403-1

Компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидаттары мен қағидаларын айқындайтын негізгі регламенттеуші құжаттар:

ЕҚ және ӨҚ саласындағы Компания айқындаған қағидаттар мен қағидаларды Топтың барлық жұмыскерлері мен мердігер ұйымдары орындауға міндетті.

Топтың еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі

Өндірістік қауіпсіздік «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің басым бағыты болып табылады және Топ басқармасы оған ерекше назар аударады. Басқарма төрағасының ЕТҰ-ның бірінші басшыларымен және топ-менеджерлерімен кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады, онда өндірістік қауіпсіздік және қауіпсіздік мәдениеті мәселелері талқыланады.

GRI 3-3, 2-13

Компания кәсіпорындарында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл қызметтің тиімділігін бақылауды Директорлар кеңесі жанындағы Өндірістік қауіпсіздік комитеті және Басқарма жанындағы Тәуекелдерді басқару комитеті жүзеге асырады.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы есеп СЕО есептілігіне енгізіледі және Директорлар кеңесімен деректерді талдау негізінде қаралады.

Басқарма төрағасының тікелей бағынысындағы өндірістік қауіпсіздік блогы Компанияда және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Өндірістік қауіпсіздік департаменті өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы директордың басшылығымен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін бұзудың алдын алуға, инциденттерге жедел ден қоюға, өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылауға, талдауға және бақылауға жауапты.

Қазатомөнеркәсіптің саясатына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік қызметтері кәсіпорынның бірінші басшысына бағынады. 2022 жылы Компания еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне басшылықты жүзеге асыратын қызметтердің өкілеттіктерін бекітуді және кеңейтуді жалғастырды.

Ұлттық заңнаманы және үздік әлемдік тәжірибелерді сақтай отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін Қазатомөнеркәсіп Топтың еншілес және тәуелді ұйымдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметтерінің біліктілігіне тұрақты талдау жүргізеді.

Менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі

2022 жылы Германияда орналасқан TÜV International Certification тәуелсіз аудиторлық ұйымы Қазатомөнеркәсіптің еңбекті қорғауды басқарудың біріктірілген жүйесінің ISO 45001 және ISO 14001 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне қайта аудит жүргізді. Аудит қорытындысы бойынша Компанияның ISO 45001 және ISO 14001 халықаралық стандарттарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі расталды.

ЕҚ және ӨҚ тәуекелдерін бағалау

GRI 403-2

Қазатомөнеркәсіп тәуекелдерді басқаруды еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоса алғанда, корпоративтік басқару жүйесінің маңызды қағидаты мен құрамдас бөлігі деп санайды. Компания тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту арқылы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу үшін жүйелі тәсілді қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметі Еңбек Кодексі және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сияқты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамалық нормаларға сәйкес келеді. Сонымен қатар Компания әртүрлі нормативтік құжаттарды, соның ішінде уран өндіру және қайта өңдеу, жүк көтергіш жабдықтар мен қысымды ыдыстар сияқты қауіпті жабдықтарды пайдалану сияқты әртүрлі жұмыс түрлері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін орындайды.

Қазатомөнеркәсіп объектілеріндегі инциденттерді тергеу белгіленген құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ Компания еңбекке жарамсыздық жағдайын тудырған әрбір жазатайым оқиға туралы уәкілетті мемлекеттік органды уақытылы хабардар етеді. Топтық жазатайым оқиғалар, ауыр немесе өлімге соқтырған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тергеу жүргізіледі. Сонымен қатар Компания «5 неге» (Why Five) және «Себептер ағашы» (Why Tree) әдістерін қолдана отырып, олардың бастапқы себептерін анықтау үшін барлық жазатайым оқиғаларға ішкі тергеу жүргізеді. Ішкі тергеу нәтижелері тоқсан сайын Басқарма төрағасы мен жоғары басшылықтың қатысуымен қаралады. Бұдан басқа барлық жазатайым оқиғалардың, жол-көлік оқиғаларының, өрттер мен от шығудың мән-жайлары мен себептері туралы ақпаратты ЕТҰ ақпараттық бюллетеньдер арқылы таратады, бұл қызметкерлерге болашақта мұндай жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазатомөнеркәсіп тоқсан сайын барлық ЕТҰ-ға оқиғалардың, олардың себептерінің және Компания қабылдаған шаралардың толық сипаттамасын қамтитын жарақаттар туралы ақпараттық есептілікті ұсынады. Бұдан басқа Компания дереу ақпараттық бюллетень жасайды және оны жазатайым оқиға, жол-көлік оқиғалары, өрттер мен от шығулар немесе кез келген басқа оқиғалар туындаған кезде барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың назарына жедел жеткізеді. Бұл ақпарат қызметкерлердің назарына электрондық поштамен жіберу, жоспардан тыс нұсқаулықтар жасау, сондай-ақ ақпаратты ақпараттық тақталарға және көрнекті орындарға орналастыру арқылы жеткізіледі.

Сонымен қатар Компания өндірістік жарақат алу қаупін қоса алғанда, тәуекелдер тізілімін жүргізеді. Мұндай тәуекелдерді барынша азайту үшін Қазатомөнеркәсіп еңбекті қорғауды ұдайы жетілдіру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және белгіленген қауіпсіздік нормаларына қол жеткізу жөніндегі кешенді шараларды әзірлейді және іске асырады.

Бұл шаралар мыналарды қамтиды:

Әрбір өндірістік учаскеде еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау саласындағы тәуекелдер анықталады. Осы тәуекелдердің тізілімі осы учаске қызметкерлерінің назарына жеткізіледі және көрнекті орындарға орналастырылады. Тізілімдер мерзімді түрде қайта қаралады және өзектендіріледі. Барлық өндірістік учаскелерден анықталған тәуекелдер кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және денсаулығын қорғау саласындағы тәуекелдердің жалпы тізіліміне біріктіріледі.

Компания қауіпті жағдайларды (ҚЖ), қауіпті әрекеттерді (ҚӘ) және Near Miss (NM) салдарынсыз оқиғаларды анықтау және тіркеу жүйесін енгізді. Барлық ҚЖ, ҚӘ, NM барлық жұмысшылар қол жеткізе алатын еКАР ақпараттық жүйесінде тіркеледі. ҚЖ, ҚӘ, NM тіркеу персонал үшін жағымсыз салдарға әкелмейді, керісінше мотивациялық ынталандыру кезінде ескеріледі.

Сонымен қатар Компания ауыр оқиғалардың пайда болу тәуекелін тудыратын және/немесе тудыруы мүмкін қауіптерді анықтайды және тіркейді. Компания ЖКО, сүріну және құлау, химиялық заттардың әсері салдарынан болатын ауыр оқиғалардың тәуекелдерін ең маңызды санатқа жатқызады.

2018 жылдан бастап Топқа кіретін барлық кәсіпорындарда қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттері енгізілді. Олардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің өндірістік міндеттерді орындау кезіндегі мінез-құлқын бағалау және осындай мінез-құлықпен байланысты ықтимал өндірістік тәуекелдердің алдын алу.

2022 жылы адами фактордың тәуекелдерін азайту үшін Қазатомөнеркәсіп 15 316 мінез-құлық аудитін өткізді, оған Компания мен ЕТҰ-ның әртүрлі деңгейлерінің басшылары қатысты.

Деректерді жүйелі түрде талдау және бақылау көбінесе адам факторымен байланысты қауіпсіздік талаптарының бұзылуы Топтың барлық өндірістерінде ортақ қауіп болып табылатынын көрсетеді. Бұдан басқа Қазатомөнеркәсіпте жұмыс орындары мен өндірістік алаңдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуын, жабдықтардың жарамдылығын және нұсқаулықтар, рәсімдер мен стандарттар сияқты барлық қажетті ішкі құжаттардың болуын қатаң қадағалайды.

Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады. Ол үшін Өндірістік қауіпсіздік департаменті департаменттің қызметімен байланысты ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді анықтайтын функционалдық тәуекелдер тізілімін әзірледі. Бұл тізілім жыл сайын қайта қаралып, жаңартылып отырады. Сонымен қатар Компания тексерулерді жоспарлау мен өткізу барысында тәуекелге бағытталған тәсілді қолданады, бұл ең қауіпті өндіріс орындарын анықтауға және сапаны жақсарту мен тексерулер кезінде уақыт пен ресурстарды жоғалтуды азайту арқылы негізгі тәуекелдерге баса назар аударуға көмектеседі.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіп жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану тәртібін, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді талдау нысанын айқындайтын стандартты бекітті. Мұндай талдау орын алған және ықтимал тәуекелдерді бағалауға және жұмысты бастамас бұрын оларды азайту бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

ЕҚ және ӨҚ бойынша қызметтің тиімділігі

Қазатомөнеркәсіп үшін өз қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты басты басымдық болып табылады. Компания апаттар мен оқиғалардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар мен озық әлемдік тәжірибені қолданады, сондай-ақ өз қызметкерлерімен олардың түсінігі мен қауіпсіздік талаптарын сақтауын арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істейді. Бұл әрекеттердің барлығы Топтың барлық кәсіпорындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, сондай-ақ ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға бағытталған.

GRI 403-8

2022 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесі топ қызметкерлерінің, сондай-ақ мердігер ұйымдар қызметкерлерінің 100%-ын қамтыды.

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП – VISION ZERO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

2018 жылы Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздігі мен денсаулығын арттыру мақсатында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ISSA) әзірлеген Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылды. Бұл бағдарламаға қатысу Компанияға аурулардың алдын алу мәдениетін жақсартуға және қызметкерлер арасындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазатомөнеркәсіп персоналдың денсаулығын сақтау мақсатында Топтың және мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» белгіледі.

8,08
млрд теңгені құрады
2022 жылы ЕҚ және ӨҚ саласындағы іс-шараларға жұмсалған шығындар.
ЕҚ ЖӘНЕ ӨҚ САЛАСЫНДАҒЫ «ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАЛАРЫ»
  • Көшбасшы болу – адалдықты көрсету.
  • Қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау.
  • Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу.
  • Өндірістік қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіріп отыру – ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу.
  • Жұмыс орындарында, жабдықты пайдалану және қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту.
  • Кадрларға инвестиция салу – қатысу арқылы ынталандыру.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына салынған инвестициялардың жоғары деңгейі Компанияның қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы мәселелеріндегі жауапты ұстанымын растау болып табылады.

Компанияда персонал қызметінің нәтижелілігін бағалау жүйесі әзірленіп, жұмыс істейді. Оның негізі – қызметтің негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) тізімі. Топ қызметкерлерін ЕҚ және ӨҚ қамтамасыз ету – осы тізімдегі негізгі көрсеткіштердің бірі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жоғары деңгейлі және басымды тиімділік «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру» көрсеткіші болып табылады, оның міндетті құрамдас бөліктері «Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (LTIFR)», «А» тобы персоналының орташа сәулелену дозасы», «Жүргізілген мінез-құлық қауіпсіздік аудиттерінің (МҚА) саны» және «Парниктік газдар шығарындыларының көлемі». Болашақта бұл жоғары деңгейлі ҚНК менеджмент, Компания және ЕТҰ қызметкерлерінің тиімділік көрсеткіштеріне каскадталады. ҚНК бағалау жүйесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасынан бастап қарапайым қызметкерге дейінгі барлық қызметкерлерді қамтиды.

Компанияда ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесін жақсартуға бағытталған шараларды тиімді қалыптастыру және енгізу мақсатында жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның есепті кезеңдегі өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметінің қорытындысын шығаратын және келесі жылға арналған жоспарларды белгілейтін корпоративтік кеңес өткізіледі. Кеңес нәтижелері бойынша өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нақты тапсырмаларды қамтитын хаттама ресімделеді.

Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесіне сәйкес әрбір ЕТҰ-да өндірістік бақылау жүйесі бар, оның мақсаты жобалардан, технологиялық регламенттерден, нормалардан, стандарттардан, ережелер мен нұсқаулықтардан, жұмыстарды жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулардың алдын алу және жою, сондай-ақ авариялық жағдайлар мен жарақаттанудың туындауының алдын алу болып табылады. Бақылаудың бірінші деңгейін жұмыстардың тікелей басшысы (шебер, ауысым бастығы, механик және т.б.) ауысымда кемінде бір рет жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың екінші деңгейін бөлімше басшысы жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың үшінші деңгейін ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік бөлімі құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен бағыттар бойынша мамандарды тарта отырып жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың төртінші деңгейін ЕТҰ басшысының төрағалығымен комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамына басшылары, бағыттар бойынша мамандар және өндірістік қауіпсіздік қызметінің/бөлімшесінің мамандары кіреді. Өндірістік бақылаудың бесінші деңгейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ КО комиссиясы жүзеге асырады. Комиссия құрамына Компания басшылары, бағыттар бойынша мамандар және өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе мамандары кіреді.

2022 жыл ішінде ЕТҰ-да өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда көзделген талаптардың сақталуына өндірістік бақылау шеңберінде жоспарланған және нысаналы тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Компанияда өзара тексеру тәжірибесі бар, оның мәні Компанияның ЕТҰ бекітілген өзара тексеру жоспар-кестесіне сәйкес бір-бірін тексереді. Бұл тәжірибе коммуникацияларды жақсартады және ЕТҰ арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өндірістік қауіпсіздік бағыттары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар Компанияның ЕТҰ тексерулерін жүзеге асырады.

2022 жылы Компанияның барлық өндірістік учаскелері мен қызметкерлері ішкі және сыртқы аудиттермен қамтылды.

2023 жылы компания барлық өндіруші ЕТҰ-да «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай стандарты» қайта қаралатын болады. Бұл стандарт еңбекті қорғауды басқару процестерін біріздендіруге мүмкіндік береді. Өндірістік қауіпсіздік департаменті енгізілген процестердің тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізеді және оларды түзету мен жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

«Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» стандарты Қазақстан Республикасының заңнамасы, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары үшін өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі корпоративтік стандарт негізінде, сондай-ақ озық халықаралық стандарттар мен тәжірибелер негізінде әзірленді. Бұл Компанияның және оның ЕТҰ-ның өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Қызмет нәтижелері

Компанияның Тәуекелдер тіркелімінде өндірістік жарақаттанушылық негізгі тәуекелдердің бірі ретінде анықталған. Өндірістік жарақат алу тәуекелін болдырмау және оның салдарын азайту үшін Топ кәсіпорындары іс-шаралар тізімін әзірледі және енгізуде.

Өндірістік қауіпсіздік деңгейін талдау Қазатомөнеркәсіптің ЕТҰ қызметкерлері мен мердігерлері арасында жарақаттанудың негізгі тәуекелдері жол-көлік оқиғаларымен, күкірт қышқылымен жұмыс істеумен, биіктіктен және тайғақ беттерден құлаумен байланысты екенін көрсетеді.

Өндірістік жарақаттану және жазатайым оқиғалар

GRI 3-3, SASB EM-MM-320a.1

Өндірістегі жазатайым оқиғалар санының дәйекті төмендеуіне және 2022 жылы саладағы ең төмен LTIFR көрсеткіштерінің біріне қол жеткізуіне қарамастан, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу және өз қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін барынша күш салуды жалғастыруда.

2022 жылы Топтың кәсіпорындарында үш жазатайым оқиға орын алды, нәтижесінде екі қызметкер жарақат алды, біреуі – ауыр, екіншісі – ауыр емес. Өкінішке орай, үшінші жазатайым оқиға адам өліміне әкелді. Өлімге соқтырған оқиғаның себебі маневр жасау кезінде қаза тапқан қызметкердің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан туындаған жол-көлік оқиғасы болды.

2022 жылы өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті (LTIFR) – 0,11.

2022 жылғы жазатайым оқиғалар

Сипаты Жазатайым оқиғалар саны
ЖКО 1
Қозғалмалы механизмдердің әсері 1
Кесу 1
GRI 403-9

Компания барлық жазатайым оқиғаларға белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізді, ол түпкі себептерді анықтау және болашақта олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін оқиғаны егжей-тегжейлі талдауды қамтиды. Тергеу барысында жабдықтың техникалық ақауларынан бастап қызметкерлердің шаршауы мен эмоционалды жағдайына дейінгі барлық мүмкін факторлар ескерілді.

Тергеу нәтижелері Компанияның барлық кәсіпорындарында белгіленген мерзімде енгізілген кешенді шараларды әзірлеу үшін пайдаланылды.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу

GRI 403-9

Топта өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, тәуекелдер мен қауіптердің алдын алуға және/немесе азайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Мұндай іс-шараларға мыналар кіреді:

Қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату мақсатында 2020 жылдан бастап барлық ЕТҰ-да «СТОП-карталар» құралы енгізілді. Аталмыш құралды енгізу кезінде ЕТҰ бірінші басшысының барлық қызметкерлерге үндеу таратуы міндетті шарт болды, онда ол қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер ешқандай теріс салдарларға, оның ішінде тәртіптік жазаларға әкеп соқпайтынын растайды.

ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшылары ай сайын өндірістік қауіпсіздікке байланысты маңызды мәселелерді, жазатайым оқиғалар мен ауыр оқиғалардың себептерін талқылау үшін бейнеконференцбайланыс өткізеді. Қажет болған жағдайда мұндай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін шаралар әзірленеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуекелдер тізілімдері өзектендіріледі. Іс-шараларды орындау бойынша барлық ұсынымдар мен тапсырмалар хаттамаларда тіркеледі. ЕТҰ КО-да бекітілген есептілік шеңберінде іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат береді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компанияда біліміне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан қызметкерлермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулықтар үнемі өткізіліп тұрады.

Кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе ұйым бойынша бұйрықпен осы міндеттер жүктелген адам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді. Бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік нормаларының, стандарттардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды ескере отырып бекітілді. Сонымен қатар Топ қызметкерлеріне нұсқаулықтары бар бейнероликтер қолжетімді.

GRI 403-2

Компанияның кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қабылданған шаралар өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстардың, қауіпті заттардың шығарылуының немесе ғимараттардың қирауының) алдын алуға мүмкіндік берді.

Кәсіптік аурулардың алдын алу және денсаулықты қорғау

Топ қызметінің негізгі қағидаты – оның қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау. Компания өз қызметкерлеріне әлеуметтік пакет шеңберінде сауықтыру және санаторий-курорттық емдеу бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар Компания қызметкерлері Топ пен кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарттың арқасында санаторий-курорттық сауықтыру мен емдеуге байланысты қосымша бағдарламаларға қол жеткізе алады. Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыру жүйесін де ұсынады.

ЕТҰ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күніне үш рет емдік және профилактикалық тамақтану ұсынылады.

965
млн теңгені құрады
2022 жылы өнеркәсіптік медицина бойынша іс-шараларға жұмсалған шығындар
GRI 403-3

Топтың барлық өндірістік кәсіпорындары олардың жұмысын бақылайтын еңбекті қорғау қызметімен қамтылған. Әрбір ЕТҰ-да қызметкерлер жедел медициналық көмек ала алатын стационарлық медициналық пункттер ұйымдастырылған. Сонымен қатар Топтың барлық медициналық объектілері дефибрилляторлар, ЭКГ, оттегі баллондары, ылғалдандыру аппараттары (оттегі концентраторлары), импульстік оксиметрлер және басқалар сияқты қажетті жабдықтармен, жедел жәрдем көліктерімен және медициналық көмек көрсету материалдарымен жабдықталған.

Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау жүйесі қауіптерді анықтау және жою, сондай-ақ тәуекелдерді барынша азайтуды бақылау кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. Бұдан басқа еңбекті қорғау қызметінің функционалдарының бірі персонал арасында әлеуметтік пакеттің және қосымша қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу болып табылады.

ЕТҰ-да медициналық қызметкерлердің жалпы саны 160 адамды құрайды, оның ішінде: дәрігерлер – 27, фельдшерлер – 90, медбикелер – 43.

Барлық ЕТҰ-да қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары жасалды. Сонымен қатар ерікті медициналық сақтандыру шарттары жасалады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Топтың барлық кәсіпорындарында барлық қызметкерлер үшін міндетті ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулер, сондай-ақ Компанияның барлық қызметкерлерін міндетті жыл сайынғы/мерзімді медициналық тексерулер жүзеге асырылады.

Өз жұмыс орнына қол жеткізу үшін ЕТҰ тобының қызметкерлері ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуге міндетті. Қазіргі уақытта Компания қызметкерлердің денсаулығын бақылаудың электрондық жүйесін енгізуді жалғастыруда. Топтың кейбір кәсіпорындары қан қысымын автоматты түрде өлшеуге, денеде алкоголь немесе есірткі заттарының бар-жоғын анықтауға және басқа да функцияларды қамтитын электронды медициналық тексеру жүйесін енгізді және сәтті қолданды. Алдағы жоспарларда ауысым алдындағы медициналық тексерулерді жүргізу үшін ұқсас цифрлық кешендерді орнату және жұмысқа енгізу Топтың барлық ЕТҰ-ларына жоспарланған.

Бұдан басқа ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулердің талаптары қауіптілігі жоғары немесе машиналар мен механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін Топтағы мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне де міндетті түрде қолданылады.

Жыл сайынғы/мерзімді медициналық тексеруден кейін, қажет болған жағдайда, қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық тексеруге жіберілуі мүмкін.

Қауіпсіздік мәдениетін арттыру

GRI 403-1, 403-4

ЕҚ және ӨҚ мәселелерін басқаруға Топ кәсіпорындарының барлық персоналы тартылып белсенді қатысады, бұл еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕҚ және ӨҚ басқару және қамтамасыз ету мәселелерінде қызметкерлермен тиімді коммуникация үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Топ кәсіпорындарында қауіпсіздік жөніндегі арнайы өндірістік кеңестер құрылды. Кеңестердің құрамына жұмыс берушінің, қызметкерлердің, сондай-ақ техникалық инспекторлардың өкілдері кіреді. Өндірістік кеңестердің жұмысы мен өткізетін іс-шаралары жұмыс орындарында еңбекті қорғау жағдайларының сақталуын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді, бақылауды (тексеруді) техникалық еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері мен қабылданған шешімдер жұмыс беруші мен Топ кәсіпорындарының қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Топтың 2018-2028 даму стратегиясын іске асыру шеңберінде өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар кешені өткізілді. 2022 жылы осы бағытта Компания келесі іс-шараларды орындады:

2022 жылы орындалған іс-шаралар Топ қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды, ал жүргізілген алдын алу шаралары оқиғалар санын одан әрі азайтуға бағытталған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қауіпсіздік мәдениетін және барлық деңгейдегі көшбасшылықты дамыту үшін «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетіндегі көшбасшылық» атты электрондық оқу курсы жасалды және енгізілді. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру шеңберінде ЕТҰ басшылары мен қызметкерлері ықтимал қауіпті жағдайларды (Near-Miss), қауіпті әрекеттер мен жағдайларды анықтауды, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін жүргізуді қоса алғанда, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында оқытудан өтеді. Сонымен қатар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында арнайы міндетті курстар өткізіледі.

11 876
Компанияның қызметкері
2022 жылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша оқудан өтті.
GRI 403-5 SASB EM-MM-320a.1.

Қазатомөнеркәсіп HSE саласында өз қызметкерлері үшін тұрақты оқыту курстарын өткізеді. Курстарды екі санатқа бөлуге болады: міндетті және міндетті емес. Міндетті курстар Қазақстанның заңнамасына сәйкес, мысалы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласында талап етілетін оқытуды қамтиды. Міндетті емес курстарға HSE мәселелері бойынша қауіпсіздік, көшбасшылық және жауапкершілік мәдениеті бойынша оқыту кіреді. Бұл курстар Компанияның өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметін талдау нәтижесінде анықталады және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

Оқыту курстарын өткізу үшін Компания «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талап етілетін қажетті лицензиялары, аттестаттары, сертификаттары және басқа да рұқсат құжаттары бар сарапшылар мен ұйымдарды тартады.

Оқытуды, тренингтерді өткізудің тиімділігі білімді кейіннен тексеру және/немесе тестілеу арқылы бақыланады.

Ішкі корпоративтік деңгейде HSE-Club шеңберінде Топтың өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу және іс-шаралар әзірлеу жүргізіледі.

Мердігерлік ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару

GRI 403-7

Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдарды бақылау арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Мердігерлік ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік мәселелеріндегі қызметі «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі» стандартының «Мердігерлік ұйымдарды басқару» 10.3-бөлімімен регламенттеледі.

Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің 100% және Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері болып табылмайтын, бірақ жұмысын және/немесе жұмыс орнын Компания бақылайтын қызметкерлер Компанияның өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесімен қамтылған.

2022 жылы Компания штаттық емес, бірақ жұмысын және/немесе жұмыс орнын бақылайтын қызметкерлер арасында жазатайым оқиғаларды есептеу әдістемесі мен ақпараттың қамтылуын қайта қарастырып, Қазатомөнеркәсіптің мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері арасында да жарақат алу жағдайларын есепке алуды бастады. Осылайша 2022 жылы Компанияның мердігерлік ұйымдарында ауыр жарақат алған екі зардап шегушінің екі жазатайым оқиғасы тіркелді. Өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген жоқ. Барлық жазатайым оқиғалар бойынша тергеу жүргізілді, себептер анықталды және осындай оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірленді.

Қазатомөнеркәсіп барлық мердігерлер, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер сақтауы тиіс қауіпсіздік стандарттарын белгілейді. Компания келісімшарттар жасамас бұрын контрагенттердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалайды және тәуекелді талдау және қауіпсіздікті оқыту шараларын жоспарлау кезінде контрагенттердің оқиғаларын ескереді. Өндірістік қауіпсіздік департаменті мердігерлердің еңбекті қорғау жөніндегі қызметін талдауды бекітеді. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік нормаларының сақталуын тұрақты тексеруді еңбекті қорғау бөлімі мен қызметтері жүргізеді. Мердігерлік ұйымдардағы барлық жазатайым оқиғаларды ішкі қызметтер тіркейді және тексереді. Тоқсан сайын өндірістік қауіпсіздік қызметтері мердігерлік ұйымдардағы өндірістік қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін мердігерлік ұйымдардың қызметі туралы есептерді ұсынады. Ұзақ мерзімді келісімшарттары бар мердігерлер оқиғалар мен «Near-Miss» салдарынсыз оқиғаларды тіркеуге міндетті. Қазатомөнеркәсіп мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуды ұсынады және оларды қауіпсіздік техникасы жөніндегі кеңестерге қатысуға шақырады.

Компанияның ЕТҰ мердігерлік ұйымдарға Компанияның өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аудиттер мен тексерулер жүргізеді. Сондай-ақ Компанияның мердігерлік ұйымдарын басқару жүйесі ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит кезінде тексеріледі.

Ядролық қауіпсіздік

EM-MM-150a.10

Өз қызметінде ядролық материалдарды пайдаланатын Топ кәсіпорындары ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ядролық материалдармен жұмыс істеу кезінде ядролық қауіпсіздік жөніндегі барлық нормалардың, нұсқаулықтардың, қағидалар мен технологиялық регламенттердің сақталуы мен орындалуын бақылайды.

Қазіргі уақытта Топ кәсіпорындары арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ТВС» ЖШС ядролық қондырғыларға ие.

Топтың кәсіпорындарында ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ядролық қауіпті учаскелердегі ядролық қауіпсіздіктің жай-күйі уақтылы тексеріледі және ядролық материалдарға түгендеу жүргізіледі.

2022 жылдың ішінде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бас физигі қызметтерімен келесі іс-шаралар жүргізілді:

Іс-шаралар тиімділігінің көрсеткіші есепті жыл ішінде инциденттер мен апаттардың болмауы болып табылады.

Радиациялық қауіпсіздік

КАП 3

2022 жылы жұмыс орындарында, үй-жайларда, өндірістік аумақтарда және бақыланатын аймақтарда радиациялық жағдайға тұрақты бақылау жүргізілді. Барлық радиациялық көрсеткіштер норма шегінде және 2021 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

2022 жыл барысында Компания кәсіпорындарында радиациялық апаттар мен оқиғалар тіркелген жоқ. Сәулеленудің жылдық дозаларының бақылау деңгейлерінің асып кетуі тіркелген жоқ.

2022 жылы персоналға радиациялық әсердің орташа дозасы табиғи радиациялық аяны қоса алғанда, жылына 1,36 мЗв құрады. Табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,20-дан 1,19 мЗв-ға дейін құрады.

Топ кәсіпорындарында персоналдың ең жоғары жылдық тиімді дозасы жылына 5,2 мЗв құрады, бұл рұқсат етілген жылына 20 мЗв доза шегінің 26% құрайды.

Топтың кәсіпорындарында жұмыс істейтін және арнайы киімді дезактивациялаумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен және дайын өнімі бар көліктік қаптама комплектілерін жөнелтуге дайындаумен айналысатын мердігерлік ұйымдар персоналының орташа радиациялық әсер ету дозасы жылына 0,61 мЗв құрады.

Радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және персоналды қорғау мақсатында радиациялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі:

МАГАТЭ-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

Өндірістік қауіпсіздік блогының қызметкерлері 2022 жылғы қыркүйекте «Occupational Radiation Protection: Strengthening Radiation Protection of Workers – Twenty Year of Progress and the Way Forward» персоналды радиациялық қорғау жөніндегі МАГАТЭ халықаралық конференциясына қатысты. Қазатомөнеркәсіп «Кәсіби радиациялық қорғау – өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бөлігі» және «ЖҰШ әдісімен уран өндіру кәсіпорындарындағы радиациялық бақылау жүйесі» тақырыптары бойынша баяндамалар ұсынды. Конференцияның негізгі бағыты персоналды радиациялық қорғаудың түрлі аспектілері саласындағы әлемдік жетекші мамандардың тәжірибесімен алмасу болды.

Сондай-ақ 2022 жылы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы директор онлайн режимде «International Conference on Applications of Radiation Science and Technology» ICARST-2022 радиациялық ғылым мен технологияны қолдану жөніндегі МАГАТЭ халықаралық конференциясына қатысып, баяндама барысындаҚазатомөнеркәсіпте жүргізіліп жатқан инновациялық дозиметрлер негізіндегі радиациялық қауіпті факторлардың автоматты мониторингі жүйесін құру және дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы сөз қозғады.

Уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР ЭМ АЭҚБК Компанияның ядролық қаруды таратпау бөлігінде халықаралық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 2022 жылы бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасында жасалған МАГАТЭ кепілдіктерін қолдану туралы шарт шеңберінде 2 уран өндіруші ЕТҰ кеніштерінде «ҮМЗ» АҚ мен «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-де МАГАТЭ-ге қосымша қолжетімділік беріліп, инспекциялар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша мәлімделмеген қызмет түрлері мен ядролық материалдардың болмауы анықталды.

ЯМЕ және БД өкілдері халықаралық кепілдіктер бойынша МАГАТЭ-нің 2022 жылғы қарашада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі – МАГАТЭ) Венадағы (Австрия) штаб-пәтерінде өткен «Өткенді түсіну және болашақты болжау»/Symposium on International Safeguards: Reflecting on the Past and Anticipating the Future халықаралық симпозиумына қатысты.

Төтенше жағдайларға дайындық

КАП 2, SASB EM-MM-320a.1.
2022 жылғы азаматтық қорғаныс, ТЖ және өрт қауіпсіздігінің желісі бойынша іс-шаралар кешені

Компания төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін қолдауға арналған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырады. Өрт су құбыры (сорғылардың жұмысы, өрт түтіктерін тексеру), спринклерлік өрт сөндіргіш, өрт дабылы және бастапқы өрт сөндіру құралдары сияқты өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінің техникалық құралдары мерзімді негізде тексеріледі. Жыл сайын жоспарға сәйкес персоналды ғимараттан арнайы бөлінген жиын пункттеріне эвакуациялай отырып, өртке қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары өткізіледі.

2022 жылғы қарашада уәкілетті мемлекеттік органдар Компанияның КО әкімшілік ғимаратының жеке өрт қаупін ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкестігіне жоспарлы тексеру және бағалау жүргізді. Тексеру нәтижелері өрттің қауіпті факторлары адамдардың өміріне қауіп төндірмейтінін көрсетті. Қазатомөнеркәсіптің ғимараты өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді, бұл халықаралық сертификаттау аудитімен расталған.

Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныс жоспары» және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілік-офистік ғимаратында объектілік төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары» әзірленіп, бекітілді.

«2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Астана қаласының аумағында азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығу және жаттығу өткізу» жоспарына сәйкес қызметкерлерді ғимараттан эвакуациялық жинау пункттеріне эвакуациялауды имитациялай отырып, оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Ортақ құндылықтар қалыптастырамыз

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Қазатомөнеркәсіп ірі компания бола отырып, қоршаған орта мен жергілікті қоғамдастықтардың өміріне елеулі әсер етеді. Компанияның өндіруші және өндірістік қуаттары бар аумақтарына Қазақстанның бес өңірі – Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Қазатомөнеркәсіп бизнестің ұзақ мерзімді жетістігі қатысатын өңірлерде және тұтастай алғанда елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынаста болуда, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты екенін түсінеді.

2,625
млрд теңге аударды
Қазатомөнеркәсіп 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қатысу өңірлерінің бюджеттеріне жалпы

Сыртқы әлеуметтік саясатты басқаруға және жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуге жетекшілік ететін басшы – HR және трансформация жөніндегі Бас директор жауап береді.

2022 жылы Компания қатысатын өңірлермен ұзақ мерзімді жемісті қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге және әлеуметтік жауапты Компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде іске асырды.

Қазатомөнеркәсіп өзінің қатысуы бар өңірлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына мыналар есебінен елеулі үлес қосуда:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қатысу өңірлерін дамытуға қосқан экономикалық үлесінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Төленген салық және міндетті төлемдер, млрд теңге 116,5 153,0 221,4
Төленген дивидендтер, млрд теңге 99,0 150,1 227,4
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы, теңге/ай 331 380 370 894 510 154
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының ҚР-дағы орташа жалақыға қатынасы 1,6 1,5 1,5
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік шығыстары, млн теңге 3 494 3 451 3 285
Түсімдегі әлеуметтік шығыстардың үлесі, % 0,6 0,5 0,5

Демеушілік және қайырымдылық қызмет

GRI 413-1

Жергілікті қоғамдастықтарды қолдау мақсатында Компанияның кейбір еншілес және тәуелді қоғамдарының әлеуметтік бастамаларды өз бетінше іске асыру мүмкіндігі бар. ЕТҰ өз қатысу өңірлерінде жыл сайынғы қайырымдылық акцияларына және мәдени өмірге қатысады, соның ішінде балалар үйінің балаларына, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аудандық абаттандыру мәселелерін шешуде халыққа әлеуметтік қолдау көрсетеді, экологиялық іс-шаралар мен сенбіліктерге, қоғамдық іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыруға белсенді қатысады.

Бұдан басқа ЕТҰ-да Компанияның қайырымдылық және демеушілік қызметі шеңберінде қоғамдастықтарды дамыту бағдарламалары іске асырылуда.

Аталған бағдарламалар жергілікті қоғамдастықтың және халықтың осал топтарының сұраныстарына сүйене отырып, әкімдікті, өзі қатысатын «ақсақалдар кеңесін» және волонтерлерді тарту арқылы бастамашылық етіледі. Компанияда жедел желі қызметі жұмыс істейді, ол арқылы сыртқы мүдделі тараптардан сауалнамалар қабылданады.

2021 жылғы қызмет нәтижелері

Компания кәсіпорындары жыл сайын Қазатомөнеркәсіп қатысатын өңірлерді әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамытуға, оның ішінде Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің тұратын өңірлерінде өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырады.

928,8
млн теңге
2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға барлығы
GRI 413-1, 203-1, SASB EM-MM-210b.1

2022 жылы сыртқы әлеуметтік бағдарламаларға арналған инвестициялар, млн теңге

Бағыты Инвестиция көлемі
Өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту 242,3
Білім беруді қолдау 28,8
Спортты қолдау 1,3
Мәдениетті қолдау 11,3
Денсаулық сақтауды қолдау 530,9
Қайырымдылық 114,2
Денсаулық сақтауды қолдау

Осы саладағы жобалар денсаулық сақтау мекемелерінің дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ жүйке жүйесі ауруларынан зардап шегетін балаларға медициналық тексерулер жүргізуге бағытталған.

530,9
млн теңге
Компания 2022 жылы денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға

«КАТКО» БК ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясының құрылысын қаржыландырды, сондай-ақ Созақ ауданының мүгедектерді, ардагерлер мен зейнеткерлерді оңалту орталығының жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасын қаржыландырды.

Білім беруді қолдау

Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік саясатына енгізілген ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттары қатысу өңірлеріндегі оқу орындарын жан-жақты қолдау және оларға көмек көрсету болып табылады.

Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындары жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысады, оның мақсаты мектепке дайындық кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету болып табылады, акцияға қатысушылар рюкзактар мен барлық қажетті кеңсе керек-жарақтарын сатып алады.

«КАТКО» БК ЖШС National Geographic Qazaqstan журналымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, оның аясында Түркістан қаласы мен Созақ ауданының мектептері үшін журналға жазылу ұсынылады, ал редакция мүшелері мұғалімдер мен оқушыларға экологиялық ағарту тақырыбында қазақ тілінде онлайн-семинарлар өткізеді. Компания 2022 жылы осы жобаларды іске асыруға 28,8 млн теңге бағыттады.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ ҚАТЫСАТЫН ӨҢІРЛЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ 9,10,11 СЫНЫПТАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ SANA АҚПАРАТТЫҚ ЛАГЕРІ

Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушыларды кәсіптік бағдарлау шеңберінде оқыту және ақпараттық іс-шаралар арқылы жеке құзыреттіліктер мен көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалдық ой-өрісті дамыту. Іс-шара өндірістік бағыттар бойынша техникалық мамандықтарды дәріптеуге және жергілікті тұрғындар тарапынан Қазатомөнеркәсіптің HR-брендіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің жас мамандары корпоративтік волонтерлік және кәсіптік бағдар беру аясында 2022 жылдың мамыр, қазан және желтоқсан айларында Sana лагерін екі рет Байкенже ауылындағы №193 мектепте, сондай-ақ Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі №56, №161 және №194 мектептерде, І. Кеңесбаев атындағы мектепте және Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кентіндегі Сүгір Әлиұлы атындағы мектепте өткізді. Қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам оқушыны құрады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Қатысу аумақтарының өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешуге жәрдемдесу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту да Қазатомөнеркәсіптің сыртқы әлеуметтік бағдарламаларының басым бағыттарының қатарында.

2022 жылдың ішінде Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындары («КАТКО» БК ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС) қатысатын өңірлердің елді мекендерінде балалар ойын алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, автожолдарды жөндеу, мұражайдың ескі ғимаратын қайта құру, трансформаторларды сатып алу арқылы көшелерді жарықтандыру және электрмен жабдықтау, көгалдандыру, аллеяларды жөндеу және қоршау бойынша жобаларды іске асырды. Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде Түркістан және Қызылорда облыстарының елді мекендері қамтылды. Жобаларды іске асыруға 242,3 млн теңге бағытталды.

Қайырымдылық

Әлеуметтік қолдау шеңберінде Компания мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетеді, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдайды, қатысатын өңірлердің қызметкерлері мен белсенді тұрғындарын әлеуметтік мәселелерді шешуге тартуға жәрдемдеседі.

2022 жылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларға бастамашылық жасалды, олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына көмір, азықтүлік себеттері, мектеп керек-жарақтары, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу түрінде қаржылық көмек көрсету, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік маңызға ие бастамалар бар.

Сондай-ақ Компанияның бұрынғы қызметкерлері Қазатомөнеркәсіп ардагерлері мен зейнеткерлерін қолдауға көп көңіл бөледі. Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне сала кәсіпорындарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеу бойынша іс-шаралар өткізілді: сыйлықтар тапсыру, қажетті көмек көрсету.

Осы бағыт бойынша жалпы сома 114,2 млн теңгені құрайды.

2023 жылға және қысқа мерзімді болашаққа арналған жоспарлар

2023 жылға келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған:

Тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастырамыз

GRI 2-6

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы және табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Компания бизнестің кең географиясы мен ауқымына ие, сондықтан сатып алудың оңтайлы шарттарымен ұштастыра отырып, қажетті ресурстарға қажеттіліктерді тиімді, уақтылы және толыққанды қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Сатып алуға жауапты тәсіл өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға, жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеткізу тізбегі шеңберінде сатып алу қызметін бақылау мен ашықтықты ұдайы жақсартуға ықпал етеді.

Топтың сатып алу бөлігіндегі негізгі басымдықтары:

Сатып алу қызметін басқаруға жауапты Сатып алу департаментіне құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор жетекшілік етеді. Жауапты департамент сапаны, уақытылылықты, қауіпсіздікті, өнімділікті және тәуекелдерді әртүрлі нысандарда азайтуды қамтамасыз ету арқылы бизнес үшін құндылық құруды барынша арттыруға тырысады. Ол үшін Қазатомөнеркәсіп Сатып алу департаменті қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін үнемі кеңейтіп, жаңа технологиялық шешімдерді енгізуде.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазатомөнеркәсіп «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50% және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін66» басшылыққа алады.

Қазатомөнеркәсіптің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша сатып алу процестері жеткізушілермен мүлтіксіз сақталатын белгіленген қағидалар шеңберінде құрылған. Сатып алу процестері zakup.sk.kz жүйесінде автоматтандырылған. Сатып алу тәсілін айқындау кезінде жариялылық пен ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, конкурстық сатып алуларға артықшылық беріледі. Бұдан басқа мемлекеттің қолдауымен отандық өндірушілерге ерекше көңіл бөлінеді, импортты алмастыруды қолдау және жаңа өндірістерді дамыту бойынша белсенді қызмет жүргізілуде.

Компания үшін стратегиялық маңызды тауарларды ірі жеткізушілермен сатып алу тәртібі шеңберінде ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды, үздіксіз өндіріс үшін барлық жеткізу тізбектері пысықталды, логистика мен сақтау жүйесі жолға қойылды. Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі барлық талаптар жасалған шарттарда көрсетіледі және оларды жеткізушілер де, Компания да орындайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚның 2022 жылғы сатып алу қызметінің қорытындылары

Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобы бойынша Сатып алу жоспарларының жалпы сомасы 277,2 млрд теңгені құрады.

Жасалған шарттардың сомасы – 257,6 млрд теңге. Бұл ретте сатып алу жоспарларын игеру – 93% құрайды.

Бір көзден (БК) сатып алу тәсілімен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы – 97,7 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алудың жалпы сомасының 38%-ын құрады.

Ашық тендер (АТ), баға ұсыныстарын сұрату (БҰ) тәсілдерімен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы159,9 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алудың жалпы сомасының 62%-ын құрады.

Конкурстық сатып алу үлесін ұлғайту үшін Компания әлеуетті жеткізушілермен тендерлік құжаттаманы ресімдеу және беру шарттарымен таныстыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте Компания жеткізушілерге қойылатын артық талаптарды жояды және өндіріс процесіне әсер етпейтін әкімшілік шығындарды азайтады.

Категориялық сатып алудың жоспарлы және нақты пайдасы (СКБ)

2022 жылы 2022 жылға арналған сатып алу жоспарына сәйкес Компания төрт сатып алу категориялық стратегиясын іске асырды: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бір сатып алу категориялық стратегиясы және Қордың үш сатып алу категориялық стратегиясы.

Компания мен Қордың сатып алу категориялық стратегияларын іске асыру қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіш 1,2 млрд теңге болған кезде 126 млн теңге мөлшерінде нақты пайдаға қол жеткізілді.

2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ СКС бөлігін (жүк автомобильдері мен арнайы техника, арнайы аяқ киім, БӨП) Қор санаттарының тізбесінен алып тастауға, сондай-ақ басқа СКС (IT жабдық, IT бағдарламалық қамтамасыз ету) бойынша өзектендіруді жүргізуге байланысты Қордың және Компанияның СКС көпшілігі бойынша дербес сатып алулар жүргізуге мәжбүр болды. Жоғарыда аталған факторлар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ СКБ бойынша қорытынды нәтижелерге айтарлықтай әсер етті.

1,6
млрд теңгені
2022 жылы Топ бойынша категориялық сатып алудың нақты көлемі

Компанияның 2022 жылғы категориялық стратегиялары

Топ стратегиясы Қор стратегиясы
ТҚП және ПВХ құбырлары Медициналық сақтандыру
Жеңіл автомобильдер мен автобустар
Жанармай

Сатып алу қызметін цифрландыру

Қазатомөнеркәсіп компаниясының 2022 жылға арналған сатып алу жоспарлары SAP ERP жүйесінде қалыптасты. Қолданыстағы функционал жолдағы тауарлар мен қоймадағы қалдықтарды ескере отырып, жоспарланған сатып алулар мен қажеттіліктерді тез шоғырландырады.

2022 жыл ішінде Компания SAP ERP және ИСЭЗ 2.0 ақпараттық жүйелерін автоматтандырылған біріктіру бойынша көлемді жұмыс жүргізді. Нәтижесінде сатып алуды жоспарлау бойынша деректермен тікелей алмасу тәсілі іске асырылды. Қазіргі уақытта SAP ERP және ИСЭЗ 2.0 жүйелері арасындағы шарттарды біріктіру жөніндегі функционал сынақтан өтуде.

Жергілікті өндірушілерді қолдау

GRI 204-1

Отандық жеткізушілерді қолдау үшін және мемлекеттік саясатқа сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің ЕТҰ мен жергілікті жеткізушілер арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға шарттар жасасуға көмек көрсетеді.

2022 жылы Компания отандық жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өндіретін тауарларды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тізбесінде тұрған тауар өндірушілерден құрылыс, машина жасау, химиялық және целлюлоза-қағаз өнім түрлерін өндіру саласындағы тауарларды сатып алуды қамтамасыз етуді бақылауды жалғастырды.

Белгіленген көрсеткіштерге сәйкес ҚЗЭ бойынша сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 92% құрайды (2023 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша есеп).

Есепті кезеңде Жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасына сәйкес жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 44 офтейк-шарт жасалды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС алаңында Компанияның ЕТҰ қатысуымен Орталық жобалық кеңсе жұмыс істеуін жалғастыруда, оның аясында тауар өндірушілермен оффтэйк-шарттар жасалады. Сондай-ақ саланың қажеттіліктеріне бейімделген жаңа отандық тауар өндірушілерді іздеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесіне 82% деңгейінде қол жеткізілді, ал жоспарлы көрсеткіш 76% деңгейінде болды. 2021 жылғы ұқсас кезеңдегі қорытынды көрсеткіш 80%-ға тең болды.

Сатып алудағы жергілікті жеткізушілердің үлесі, %

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Үлесі67 78 80 82

Өңірлер бойынша жеткізушілер

Өңір Жеткізушілер саны
Алматы қ. 740
Оңтүстік Қазақстан облысы 376
Шығыс Қазақстан облысы 360
Астана қ. 316
Қызылорда облысы 206
Қарағанды облысы 123
Резидент емес 64
Өзге салалар 641

Көлем бойынша жеткізушілер

Көлем бойынша жеткізушілер Үлесі, % Сатып алулар сомасы, теңге
Шағын (сомасы 1 млрд теңгеге дейін) 31% 80 213 770 467,98
Орташа (сомасы 5 млрд теңгеге дейін) 23% 59 574 435 655,19
Ірі (сомасы 5 млрд теңгеден бастап) 46% 120 202 136 968,44
Барлығы 100% 259 990 343 091,61
2023 жылға және қысқа мерзімді перспективаға арналған жоспарлар:

Ғылым, инновация және цифрлық трансформация

Ғылыми және инновациялық даму мәселелерін басқару жүйесі

Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемін сақтау, тиімділікті арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі стратегиялық басымдықтарын іске асыруда ғылыми ізденістер мен инновациялық әзірлемелер маңызды рөл атқарады.

Қазақстандық уран өнімінің құнын ұлғайту және ғылымды қажетсінуін арттыру мақсатында ғылымды және инновацияларды басқару саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізгі үлес қосатындар:

Ғылыми-технологиялық қызметті жалпы үйлестіруді, зияткерлік меншікті басқару мен коммерцияландыруды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылыми-технологиялық жобалар департаменті жүзеге асырады.

2022 жылы ғылыми қызметті үйлестіруді одан әрі жақсарту және Компанияның өндірістік объектілерінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТ-КЖ) нәтижелерін енгізу мақсатында Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдарымен («Орталық» ӨК» ЖШС Шығыс Мыңқұдық кеніші және «Волковгеология» АҚ негізінде) орындалған ҒЗТКЖ нәтижелерін тыңдау бойынша екі іс-шара өткізілді.

264
адам
«Волковгеология» АҚ, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ бөлімшелерінде ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны, олардың ішінде 4 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар.
2022 жылғы нәтижелер
6,829
млрд теңге (ҚҚС-сыз)
2022 жылы Қазатомөнеркәсіп және оның ЕТҰ жасаған 65 ҒЗТКЖ шартының жалпы сомасы, оның ішінде 59 шарт ЕТҰ (6,458 млрд теңге) және 6 Шарт Қазатомөнеркәсіп (0,370 млрд теңге) жасады. 2022 жылы 2,206 млрд теңге актіленді, оның ішінде Қазатомөнеркәсіп (0,149 млрд теңге) және ЕТҰ (2,057 млрд теңге).

Ғылыми-технологиялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында 2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру туралы 4 шартқа қол қойылды:

16
өтінім
зияткерлік меншік объектілеріне берілді. Зияткерлік меншік объектілеріне 22 қорғау құжаты алынды.

Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары («ОТХК» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Аппақ» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС) арасында «Табиғи уран концентратын алу тәсілі» пайдалы моделін пайдалану құқығын беру туралы лицензиялық шарттарға қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Ғылыми әзірлемелер

Іс жүзінде Топтың барлық ҒЗТКЖ өндірісті жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған. 2022 жылы ҒЗТКЖ-ның бірнеше ірі жобалары іске асырылды:

Жобалар Сипаты
Ұңғымалық сорғы жабдықтарын басқаруға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу

Осы ҒЗТКЖ-ны орындау нәтижесінде алты сүңгуір ұңғыма сорғысын бір уақытта жеке тәртіппен, көп арналы СБШ басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу арқылы басқарудың кешенді технологиялық міндеті шешілді.

Әзірленген көп арналы СБШ құрастырылды және алдын ала сынақтар жүргізілді. Алдын ала сынақтар, оның ішінде БҚ функционалдық тестілеу сәтті өткізілгеннен кейін «Орталық» ӨК» ЖШС «Орталық Мыңқұдық» кенішінде далалық сынақтар басталды. Далалық сынақтар алты сүңгуір ұңғыма сорғысын қатарымен басқаруға және келесі мәселелерді шешуге арналып әзірленген техникалық шешімнің жұмыс қабілеттілігін растады:

  • алты сорғы қондырғысы жүйесіндегі әрбір сүңгуір ұңғыма сорғысын бір көп арналы СБШ арқылы қатарлас тәртіпте басқару;
  • барлық ұңғыма сорғылары үшін технологиялық параметрлерді бір уақытта орнату;
  • технологиялық процесті бақылаудың жеделдігін арттыру.

2023 жылға көп арналы басқару шкафының сынақтары жоспарланған.

«Инкай» кен орнының кенішіндегі геофизикалық зерттеулер кешеніне аппаратураны, БҚ және ұңғымааралық кеңістіктің радиотолқынды геоинтроскопиясы (РТГИ) әдісімен уранды игеру процесінің 4D мониторингі технологиясын енгізу

Ұңғымааралық кеңістіктің радиотолқынды геоинтроскопиясы әдісімен уранды әзірлеу процесінің 4D мониторингі технологиясын енгізу ГТМ, МР нақты көлемін және оның таралу басым бағытын бағалауға мүмкіндік береді.

Жабдық жасалды, каротаждық көтергіштерге жабдықтар орнатылды. «Инкай» БК» ЖШС мамандарын оқыту жүргізілді. Дала жұмыстарын жүргізу регламенттері және деректерді түсіндіру регламенті әзірленді.

Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау, ҚР ӨМЖ тізіліміне енгізу. Далалық сынақтар жүргізілді, құрал «Инкай» БК» ЖШС өндірістік жағдайында енгізілді.

ИККҰҚ инклинометрімен және каверномерімен біріктірілген кешенді ұңғыма құралын әзірлеу және дайындау

ҒЗТКЖ ҚР уран кен орындарында ұңғымаларға геофизикалық зерттеулер жүргізуді оңтайландыру саласындағы жаңа, бірегей және жоғары перспективалы бағыт болып табылады. Тәжірибелік үлгілерге далалық сынақтар жүргізілді. 10 технологиялық ұңғымадағы межелеу және статистикалық мәліметтер жиынтығы. «Ингео» ҒӨК ЖШҚ негізінде екі өлшеу торабының қосылу элементтеріне конструктивті пысықтау жүргізілді. Құрал «Инкай» БК» ЖШС өндірістік жағдайында енгізілген.

Өндірістік объектілердің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу

Алынған нәтижелер кәсіпорынның өндірістік объектілеріне іргелес аумақтардың экологиялық жай-күйін бағалауға, анықталған тәуекелдерді ескере отырып, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын өзектендіруге, деректер базасын жаңа экологиялық ақпаратпен толықтыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік қызметтің қоршаған ортаға және халыққа әсерін бағалау бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ Ұсынымды енгізу жөніндегі ісшаралар жоспары жасалды.

Тұрақты даму мақсатында кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу (GRI стандарттары)

Алынған нәтижелер өндірістік қызметтің экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығы салаларында тәуекелге бағдарланған басқаруға көшуге, сондай-ақ көпжылдық бақылаулар мен жедел бақылауға сүйене отырып, өндірістік процестердің экожүйелердің жай-күйіне әсерін динамикада бағалауға мүмкіндік береді.

Жобаны орта мерзімді және ұзақ мерзімді (20 жылға дейін) перспективада іске асыру нәтижелері уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қызметтің салдарын жоюға арналған шығындарын барынша азайтуға, авариялық жағдайларды, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді азайту есебінен тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындарды қысқартуға, өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға және мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы билік органдарымен және халықпен қоршаған ортаны қорғау саласында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Жұмыс 2022 жылы басталып, 2024 жылға дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және GRI стандарттарына сәйкес кәсіпорында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу процестерін оңтайландыру бойынша зерттеулер жүргізу

Жобаны іске асыру кезінде қалдықтарды қайта пайдалану және қайта өңдеу технологиялары әзірленеді, сондай-ақ қалдықтарды басқару жүйелері жетілдіріледі, бұл қалдықтардың түзілу деңгейін 15%-ға төмендетуге және қалдықтарды қайта пайдалану деңгейін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді (жоба іске асырылғаннан кейін бес жыл ішінде). ҒЗЖ іске асыру көміртегі бейтараптығына қол жеткізу құралына айналады. Қалдықтармен жұмыс істеу кезінде көміртегі ізі айқындалады, парниктік газдар шығарындыларын 10%-ға төмендету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Жұмыс 2022 жылы басталып, 2024 жылға дейін жалғасады.

Рационализаторлық қызмет

Топ өз қызметкерлерін инновациялық қызметке рационализаторлық ұсыныстарды беру, өңдеу, бағалау және қарау тетіктері арқылы тартады. Рационализаторлық қызмет үшін қосымша ынталандыру ЕТҰ арасында өткізілетін рационализаторлық қызмет конкурсы болып табылады.

2022 жылғы нәтижелер:
РАЦИОНАЛИЗАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КОНКУРСЫ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайын еншілес және тәуелді ұйымдар арасында рационализаторлық қызмет конкурсын өткізеді. Конкурс операторы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылыми-техникалық жобалар департаменті.

2022 жылы өткен конкурстың қорытындысы бойынша «Волковгеология» АҚ «Тау жыныстарының табиғи қасиеттерін сақтау үшін бұрғылау ерітінділерінің биополимерлі жүйелерімен кешенде үш шар тәрізді қашауды қолдана отырып, кен аймағын ашу технологиясы» жобасы 2021 жылы экономикалық әсерімен үздік рационализаторлық ұсыныс болып танылды.

Әлеуметтік немесе өзге де әсері бар үздік рационализаторлық ұсыныс – «ОГХК» БК» ЖШС «Күйдіру пештерінен шаң-газ бұру құбырларындағы сиретуді бақылау».

«ҮМЗ» АҚ «Бериллий техникалық гидроксидін алудың технологиялық процесіне тартылатын буды қыздыратын конденсат көлемін ұлғайту тәсілі» жобасы «Green Mindset – Жасыл ойлау» бастамасы аясында ең үздік рационализаторлық ұсыныс болып танылды.

Өндірістегі 2020 жылғы ең үздік цифрлық шешім «Волковгеология» АҚ «Jpeg бар литология» бағдарламалық модулі (сканерленген тасымалдағыштардан (баған, паспорт, таспа) ұңғымалар бойынша деректерді цифрландыру: литология, сынама алу интервалдары, кен интервалдары)» танылды.

Рационализаторлық қызмет қорытындысы бойынша үздік кәсіпорын «Инкай» БК» ЖШС атанды.

Жеңімпаздар дипломдармен және грамоталармен, ал үздік өнертапқыштар «Үздік өнертапқыш» төсбелгілерімен марапатталды.

2023 жылға және қысқа мерзімді жоспарлар:

2023 жылы Топтағы ғылыми қызметті басқарудың жаңа тәсілін іске асыру шеңберінде:

Сондай-ақ Компания ғылыми қызметке тартылатын ЕТҰ қызметкерлерінің ғылыми құзыретін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл бағыт ғылыми зерттеулер бойынша ЛКШ орындау шеңберінде ҒЗТКЖ сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Цифрландыру және IT

«Цифрландыру және трансформациялау» стратегиялық міндетін іске асыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясының «Бизнес-қызметте озық тәжірибелерді қолдану» стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін бірыңғай тігінен интеграцияланған IT-инфрақұрылым құруды қоса алғанда, бизнес-процестерді стандарттау және оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жалғасты.

IT-инфрақұрылым бойынша 2022 жылдың негізгі нәтижелері:
2023 жылға арналған негізгі ісшаралар

IT және цифрландырудың негізгі жобалары

Жоба Мақсат/Әсер
Қызмет пен шешім қабылдау тиімділігін арттыру
«Бірыңғай корпоративтік деректер қоймасы және интеграциялық шина»
  • Шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алу мақсатында әртүрлі көздерден деректерді біріктіру және біріздендіру, оларды кешенді талдау, фильтрлеу және түрлендіру құралдарын енгізу.
  • Жоба шеңберінде мыналар әзірленеді және енгізіледі: деректерді жинау және өңдеу әдістемесі мен моделі, деректерді визуализациялау және талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (есепті нысандар, дэшбордтар, деректер көрмелері), деректерді Компанияның және ЕТҰ-ның (SAP, 1C және т.б.) есепке алу және корпоративтік жүйелерімен интеграциялау құралдары.
«KAP-MAP бірыңғай корпоративтік геоақпараттық сервисін енгізу»
  • Картографиялық деректерді орталықтандырылған басқару және бірыңғай тәсілдер мен ГАЖ жүйесін енгізу карталармен жұмыс істеу бөлігінде деректердің сапасын және қызметкерлердің жетілуін арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттырады, картографиялық деректерді дайындауды жеделдетеді, бірыңғай орталықтандырылған картографиялық деректер базасы түріндегі цифрлық активті жасайды.
«Ақпараттық дүңгіршектер» арқылы ұсынылатын корпоративтік сервистерді цифрландыру
  • Қызметкерлердің демалысқа өтініш, демалыс кестесі және демалыс күндерінің қалған бөлігін қарау, жұмыс орнынан анықтама алу, есеп айырысу парағы, іссапарға өтініш жазу сияқты қызметтерге қол жетімділігі процестерін автоматтандыру және жеңілдету.
  • 2022 жылы автоматтандырылған сервистер сәтті іске қосылып, «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС еншілес компаниясында пайдалануға берілді. 2023 жылға қызметті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқа еншілес компанияларында енгізу жоспарланған.
Тауарлық-материалдық қорларды таңбалау
  • Жабдықтарды өндіруден бастап өндіру процесінде өндірістегі орын ауыстыруларға дейінгі барлық кезеңдерде пайдаланылатын тауарлық-материалдық құндылықтардың орнын ауыстыруды/ қозғалысын қадағалау.
  • 2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС уран өндірудің технологиялық процестеріне тартылған құрылғыларды таңбалау жобасын іске асырды. Тестілеу үшін кейбір негізгі технологиялық құрылғылар таңдалды – суасты сорғы қондырғылары мен шығын өлшегіштер (құрамында уран бар өнімді ерітіндіні сорып алу мен оның көлемін есептеуге арналған).
  • Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың қорытындысы бойынша жабдықтың әрбір түрі үшін ең жақсы оқу көрсеткіштері бар таңбалар анықталды – DataMatrix кодтар арнайы жапсырмалары.
  • 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқа да өндіруші компанияларында жүйені, сондай-ақ таңбалау процестерін одан әрі тарату және енгізу туралы шешім қабылданатын болады.
Деректерді басқару және бизнес процестерді оңтайландыру
SAP MDG
  • Нормативтік-анықтамалық ақпаратты орталықтандырылған сақтау және басқару. S4/HANA платформасындағы SAP MDG деректерді өңдеу жылдамдығын едәуір арттыруға және басқа ақпараттық жүйелермен біріктіруге мүмкіндік береді.
  • 2022 жылы SAP MDG КО-ны SAP емес жүйелермен (1С) интеграциялау 7 ЕТҰ-да орындалды.
SAP ERP
  • ҚР Қаржы министрлігінің МКД тауарға ілеспе жүкқұжатты ресімдеу бойынша ВҚ (виртуалды қойма), ТІЖ (тауарға ілеспе жүкқұжат), ЭШФ АЖ жүйесі (электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі) модульдері бар стандартты функционалды қамтитын кәсіпорын ресурстарын орталықтандырылған жоспарлау.
  • 2022 жылы Materials Management (MM) Қазақстан үшін әзірленген SAP AG оқшаулау негізінде ЭШФ порталымен интеграциясы орындалды. SAP ERP және ИСЭЗ 2.0 жүйесінің тікелей интеграциясы жүзеге асырылды. Host-to-host технологиясы (банктің және клиенттің корпоративтік есеп жүйесінің өзара іс-қимыл арнасы) енгізілді. РРМ (Project and Portfolio Management) бөлігінде SAP BW статистикалық және талдамалық есептері әзірленді. ДКҚ SAP BW (ERP деректерін беру) және SAP GRC AC (SAP GRC AC тәуекелдерін оңтайландыру және өкілеттіктерді бөлу) интеграциясы жүзеге асырылды. Басқа ЕТҰ-да одан әрі енгізу туралы шешім қабылданды.
SAP HCM
  • Персоналды басқарудың орталықтандырылған жүйесі.
  • 2022 жылы Fiori есептілігінде сыйақылар, құзыреттер бойынша қызметті бағалау, оқыту бағдарламаларын басқару бойынша процестер іске асырылды. Шығыс нысандары (бұйрықтар, еңбек шарттары, барлығы 115-тен аспайтын нысандар) бойынша ЭЦҚ сервистік пакеттерін қоса алғанда, HR процестеріне ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық кадрлық құжат айналымы) ендіру, өтініштер мен келісімдер бойынша ЭЦҚ автоматтандыру (23-тен аспайтын нысандар) және SAP-ты enbek.kz интеграциялау басталды.
IT-архитектураны дамыту
4G ұялы байланыспен қамту
  • Шалғайдағы өндірістік аумақтар мен объектілерде сапалы мобильді байланыс пен 4G жылдам интернетке қол жеткізу.
  • 2022 жылғы қарашада «KAP Technology» ЖШС KCELL ұялы байланыс операторымен бірлесіп Орталық Мойынқұм («Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС) және Орталық Мыңқұдық («Орталық» ӨК» ЖШС) кеніштерінде мобильді байланыспен және интернетке қолжетімділікпен сапалы қамтуды қамтамасыз етті.
  • 2023 жылы өндірістік объектілер мен кеніштердің персоналын ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін мобильді операторлармен ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.
ТБКЖ жаңарту
  • Корпоративтік сервистердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар мен түрлі жабдықтар кешенін жаңғырту қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге және әлемді жылдам цифрландырудағы жоғары талаптарға жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа технологияларға көшуді қамтамасыз етеді.
  • 2023 жылы таратылған желісі бар «KAP Technology» ЖШС желіні кезең-кезеңімен жаңғыртуды бастауды жоспарлады.
2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында, сондай-ақ бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарда АҚ-инциденттердің едәуір саны тіркеліп, алдын алынды, Компания үшін мүліктік және беделдік залалдың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Ақпараттық қауіпсіздік

Бизнесті трансформациялау нақты уақыт режимінде шешім қабылдаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сонымен қатар саланың өнімділігін, икемділігі мен серпінділігін арттырады және сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ), кибер тұрақтылықты және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ерекше назар аударуды қажет етеді.

Киберқауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазатомөнеркәсіп ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының және ISO/IEC 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытуға ұмтылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 20182028 жылдарға арналған Даму стратегиясының «Бизнес-қызметте озық тәжірибелерді қолдану» стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін «Цифрландыру және трансформациялау» стратегиялық міндетінің «Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың кешенді жүйесін құру» тетігін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ АҚ инциденттеріне мониторингті және оған жауап қайтаруды тәулік бойы жүзеге асырады, сондай-ақ АҚЖО және АҚҰҮО-мен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Кибермәдениет пен кибертазалықты арттыру және жетілдіру үшін Топта қызметкерлерді онлайн оқыту, оқу кибершабуылдары және тақырыптық нұсқамалар тұрақты негізде жүргізіледі.

Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы персоналдың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін ішкі құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында 2022 жылы Компания мен ЕТҰ қызметкерлері үшін интерактивті онлайн-оқытуды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді. 2022 жылы «KAP Technology» ЖШС барлық қызметкерлері үшін, 2023 жылдың қаңтарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлері үшін оқыту жүргізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде кибертазалық пен цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылады, атом өнеркәсібін цифрландыру мәселелерін, IT және АҚ жүйелерін дамыту жоспарларын талқылау үшін форумдар мен кездесулерге қатысу жүзеге асырылады.

2023 жылға арналған ақпараттық қауіпсіздікті дамыту жоспарлары

Қазатомөнеркәсіп барлық қолданыстағы және даму үстіндегі IT-жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік саласы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ киберқауіпсіздік деңгейін арттыру, АҚ мәселелерінде хабардар болу және құпия ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.

Сонымен қатар Компания мына шараларды іске асыруға ниетті: